Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі туралы

Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыруда және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген қағиданың 6 тармағына сәйкес Кеңес құрамын тиісті салалық уәкілетті орган аудандық білім бөлімі бағыныстағы білім беру мекемелерінің ұсыныстарын бекіту үшін 2017 жылдың 2 желтоқсанға дейін қабылданатыңдығы хабарланады.

Қамқоршылық кеңестің құрамына мыналар кіреді:

1. Жергілікті өкілдік,атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері.

2. Жұмыс берушілер мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері.

3. Коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері.

4. Ата-аналар комитеті ұсынған әрбір параллель сыныптан,курстан сол білім беру ұйымында білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі.

5. Қайырымдылық жасаушылар (бар болса).

 


Мақаланың шыққан күні: 24.11.2017 00:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.11.2017 00:28

Қаралым саны: 1158