Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

Жазасын өтеген адамдарды бейімдеу мен оңалту

09.02.2017

Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына 1 пайыздық мөлшерде квота белгіленді.

2016 жылы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан 164 адам және пробациялық қызметінің есебінде тұрған 289 адам барлығы 453 адамның тізімі уәкілетті жұмыспен қамту органдарына түсті.

Бас бостандығынан айыру орындарынан және пробациялық есебінде тұрған тұлғалардың 243 хабарласқандардың ішінен 78-і тұрақты жұмысқа орналасты (оның ішінде 48-і квота бойынша), 22-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 35-уі қайта даярлау курстарына жіберілді, 3-уі (оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 1 адам) әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді.

Аталған санаттағы адамдарды тұрақты жұмысқа орналастыру шаралары «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг энд Прокьюрмент С.А.Л. Оффшор» филиалымен, «Айдын» ПИК, «АтырауЗеленстрой» ЖШС, «Сичим С.п.А» филиалымен, «Керуен дала» ЖШС, «Арнаулы автобаза» ЖШС, «Әлеуметтік бейімдеу орталығына», «Бал бөбек» бала бақшасымен, «Казинтер Уест» ЖШС, «Атакент –Жылыой» ЖШС, «Агропромтехника» ЖШС, «Сенімді Құрылыс» ЖШС, «Транс» ЖШС-мен қабылданды.

Осы мекемелер ағаш шебері, хатшы, орман жұмысшысы, тоқ жөндеуші, ағаш шебері, жұмысшы, контролер, диспетчер, кадр инспекторы, іс–жүргізуші және т.с.с мамандықтар бойынша адамдарды жұмысқа орналастырды.

Алдағы уақытта осы жұмыстарын жалғасын табуда.

 


 

Облыс әкімдігі, Атырау облысы бойынша қылмыстық – атқару жүйесі және Ішкі істер департаментерімен бірлесе отырып Түзеу мекемелерінен босатылған тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсетудің 2014-2015 жылдарға біріккен жұмыс жоспарын жасақтады.

Қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына 1 пайыздық мөлшерде квота белгіленді.

2016 жылдың 1 қыркүйегіне бас бостандығынан айыру орындарынан босатылып шыққан 106 адам және пробациялық қызметінің есебінде тұрған 209 адам барлығы 315 адамның тізімі уәкілетті жұмыспен қамту органдарына түсті.

Осы түскен тізім бойынша уәкілетті жұмыспен қамту органдарына 157-і хабарласып, 81–не жұмыспен қамту бағытында әлеуметтік көмек түрлері көрсетілді. (39-ы тұрақты жұмысқа орналасты (оның ішінде 21-ы квота бойынша), 13-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 5-уі қайта даярлау курстарына жіберілді,1-уі әлеуметтік жұмыс орнына жіберілді, 2-уіне балалар жәрдемақысы тағайындалды, 5-не қаржылай көмек көрсетілді), 76-не әлеуметтік көмек көрсетілмеген, себебі: 12-і әлеуметтік көмектен бас тартты, 2-уі көтерме жұмыста, 3-нің денсаулығы жарамсыз, 2-уі мүгедек, 3-уі жеке кәсіпкер, 5-уі өз бетімен жұмысқа орналасты, 23-ның түйіндемесі бақылауда т.б.)

Бас бостандығынан айыру орындарынан және пробациялық қызметінің есебінде тұрғандардың ішінен хабарласпаған 158 адамдарға мониторинг жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде 105-не уәкілетті жұмыспен қамту органдарына хабарласу қажет екендігі туралы хат жолданылды, 53-і адам әртүрлі себептермен ( өз бетімен тұрақты жұмысқа орналасты, жеке кәсіпкер, әлеуметтік қолдаудан бас тартты, денсаулығы жарамсыз) жұмысты қажет етпейтіндігі анықталды.

Алдағы уақытта осы жұмыстарын жалғасын табуда.

 


 

Атырау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесi Департаментi, облыстық Iшкi iстер департаментiмен бiрлесе отырып 2012 жылдың 21 маусымында «Түзеу мекемелерiнен босатылған тұлғаларға әлеуметтiк көмек көрсетудiң 2012-2013 жылдарға бiрiккен жұмыс жоспары жасақталып, жұмыстар жүргiзiлуде.

Атырау қалалық және аудандық әкiмдiктерiнде «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудiң өзге де шараларын атқаратын мекемелердiң қызметiне жәрдемдесу, қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмектi ұйымдастыру жөнiндегi» комиссия құрылып, iс-шара жоспары бекiтiлдi.

Бiрiккен жұмыс жоспарында түзеу мекемелерiнен босап шыққан адамдарға әлеуметтiк және еңбекке бейiмдеу мәселесiн тиiстi органдармен талқылап, босап шыққандарды есепке алу, тұрақты жұмысқа орналастыру, жеке құжаттарын әзiрлеуге көмектесу мәселелерi қамтылып шара бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда. Барлық жергiлiктi уәкiлеттi органдарда мониторинг жұмысы жалғасуда.

Бүгiнгi күнге Атырау облысы бойынша қала мен барлық аудандарда босатылған тұлғалар үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлеу қаулысы қабылданды. Барлық қала, аудандық уәкiлеттi органдарында қылмыстық жазасын өтеп келгендердi квотамен жұмысқа орналастыру мақсатында мекемелерге хат жолданылды.

Нәтижесiнде «Атырау Болашақ» ЖШС-i, «Сичим» ЖШС-i, «ЮСС Супорт Сервисез» ЖШС, «Промстроймеханизация» ЖШС, «Юлмар Сервис» «АТК» ЖШС-не, «Дос Супорт» ЖШС-не, «Ақ жайық-7» ЖШС, «Евразия Строй капитал» ЖШС-i, «Атырау жылу жүйесi» ЖШС, «НСС» ЖШС-не, әр түрлi жүк көтерушi, жүргiзушi, жихаз жинақтаушы, менеджер, слесарь, электрик мамандықтар бойынша жұмысқа орналастырылды.

Жыл басынан уәкiлеттi жұмыспен қамту бөлiмдерiне барлығы 189 адамның тiзiмi түскен. Оның iшiнде уәкiлеттi жұмыспен қамту органдарына хабарласқаны 103 адам, оларға төмендегiдей әлеуметтiк түрлерi көрсетiлдi:

  • тұрақты жұмысқа орналасқаны — 26 адам, — қайта даярлау курстарына жiберiлгенi — 15 адам,
  • өзiн-өзi жұмыспен қамтып отырғандары — 10 адам,
  • ақылы қоғамдық жұмысқа жiберiлгенi — 7 адам,
  • «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша шағын несие алғаны — 1 адам, одан басқа: — әлеуметтiк көмектен бас тартқаны — 3 адам,
  • денсаулығына байланысты (жұмысқа жарамсыз) — 4 адам,
  • құжаттарын жинақтауда — 2 адам,
  • өзiн-өзi жұмыспен қамтып отырғаны — 12 адам,
  • бөлiмге хабарласу туралы хат жолданылды — 30 адам,
  • құжаттарын жинақтауда — 2 адам,
  • зейнеткер — 1 адам,
  • көшiп кетуiне байланысты — 2 адам.

Ал хабарласпай отырған 86 адамдарға мониторинг жұмыстары жүргiзiлiп, оның iшiнде:

  • 12-i көрсетiлген мекен-жайда тұрмайды,
  • 15-не хат жолданылды,
  • 3-уi денсаулығына байланысты,
  • 1-уi әлеуметтiк қолдаудан бас тартты,
  • 45-i өзiн өзi жұмыспен қамтып отыр,
  • 8-i жазасын өтеуде,
  • 2-уi жұмыссыз жүргендiгi анықталды.

Осы жұмыстар жалғасуда.


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 16:20
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.02.2017 18:04