Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
18.06.2018

Қызметтер

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің ережесі

«Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

1. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі аудан әкімінің коммуналдық меншік объектілерінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің ведомстволары жоқ.

3. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың торабы болуға құқығы бар.

7. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: (индексі 060700) Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосы, Абай көшесі №16.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері.

14. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің миссиясы-Қазақстан Республикасының санитарлық ережелері және нормаларына сәйкес әлеуметтік-мәдени маңызы бар қолданыстағы нысандарды салу және қайта жаңарту.

15. Міндеттері:

1. аудан әкімінің коммуналдық меншік объектілерінің құрылысын ұйымдастыру және қадағалау;

2. құрылыс саласында инвестициялық бағдарламаларды орындау жөніндегі құрылыс ұйымдарымен басқа мемлекеттік органдардың қызметін өз құзыретінде үйлестіру;

3. жалпы селолық және табиғат қорғау мақсатындағы объектілерді, су құбыры, канализация шаруашылығының күрделі нысандарын, жылу, электр, газбен қамтамасыз ету нысандарын қаржыландыру және салу, жобалау кезінде тиімді инвестициялық саясат жүргізу;

4. Отандық жобалау және құрылыс өнімінің бәсекелесу қабілеттілігі мен сапасын арттыруды ынталандыратын жағдайын жаңа құрылыста инвестицияларды пайдалану тиімділігін қалыптастыру;

5. өз құзыреті негізінде басқа мемлекеттік орындардың, құрылыс мекемелерінің, құрылыс, коммуналдық меншікті басқару саласында инвестициялық бағдарламалардың орындалуын реттейді;

6. мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыратын құрылыс сметасымен есеп жасау тәртібін анықтау, құрылыс монтаж жұмыстарының өзіндік құнын, құрылыстағы баға туындату талдауын жүргізу;

7. өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы нысандарды, тұрғын үй, азаматтық және коммуналдық құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдауға белгіленген тәртіппен қатысу;

8.орталықтандырылған көздерден немесе инвесторлар арқылы қаржыландырылатын нысандарды жобалау және салу жөніндегі тендерлер /конкурстар/ мен сараптамалық топ жұмыстарында өз құзыретінде қатысу;

9. тиісті органдармен бірлесіп инженерлік құрылыс нормалары мен ережелерінің (ИҚНЕ) сақталуына және салынып жатырған құрылыс сапасына бақылау жүргізу;

10. тапсырыс берушілер мердігерлік ұйымдар және басқа құрылыс процесіне қатысушылар арасындағы келіспеушілікті шешуге қатысу.

11. ауданның әкімшілік бөлінісі аумағында қала құрылысын игеруде құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі туралы заң нормаларының, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген тәртіппен бекітілген құрылыс, сәулет және қала құрылысы және өзге де жобалау құжаттамаларының сақталуына қамтамасыз ету;

12. бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларының іске асырылуын, қала құрылысы тәртібінің, құрылыс салудың аумақтық ережелерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру;

13. жергілікті атқарушы органдарға объектілер мен кешендерді орналастыру, қала құрылысы мақсаттарына арналған жер учаскелерін беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде көзделген жағдайларда оларды мемлекеттік қажеттіліктері үшін алып қою жөнінде ұсыныстар дайындау.

14. аудандық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;

15. Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген өкілеттер шегінде құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

16. жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру және сәулет –жоспарлау тапсырмасын беру мемлкеттік қызметтерінің сапасын арттыру.

17. жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру және сәулет –жоспарлау тапсырмасын беру мемлкеттік қызметтерінің сапасына мониторинг және бағалау.

18. мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету.

19. Заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құзіретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аударуды қамтамасыз ету.

20. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету.

21. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін бөлім мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бағалау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау жөніндегі уәкілетті органға тиісті ақпаратты ұсыну.

22. Заңнамалық белгіленген тәртіппен қоғамдық мониторинг жүргізетін үкіметтік емес құрылымдарға тиісті ақпаратты ұсыну.

23. Мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау болып табылады.

16. Функциялары:

1. ауданның әлеуметтік – экономикалық даму жоспарын жасақтау кезінде жаңа тұрғын үй құрылысы саясаты, құрылыс бағдарламалары, құрылыс материалдары өндірісі, өндірістік және өндірістік емес нысандардың құрылысы жөнінде жоспар жасақтауға қатысады;

2. мекеме, ұжымдардың басшыларын бөлімге қатысты мәселелермен тыңдай алады және хабарламалар сұратады;

3.құрылысты және инженерлік іздестіру жұмыстарында қаржыландыру көздеріне қарамастан нормативтік талаптардың сақталуына тексерулер жүргізеді, тескеру қорытындысын аудан әкімінің, селолық округ әкімдерінің және шаруашылық жүргізушілердің қарауына ұсынады;

4. ауданды мемлекеттік сәулет –қала құрылысы саясатын жүргізу және ауданның кешенді әлеуметтік - экономикалық дамуының ағымдағы және перспективалық міндеттерін шешуге, тіршілік ету ортасын жетілдіру мен сәулеттік келбетті жақсатуға бағытталған қала құрылысы бағдарламаларын жүзеге асыру.

5. қала құрылысы кадастрының, жер кесіп беру және құрылыспен толтырудың кезекші-орламды жоспарларының , жер асты коммуникациялары мен инженерлік -геологиялық тұжырымдар атластарының орналасыуын тіркеу жоспарларының сақталуын қамтамасыз ету.

6. ауданда құрылысын салуға жататын ғимараттар мен құрылыстардың жобалау-жоспарлау құжаттамасын, жобаларын қарау және оларды келісу.

7. азаматтардың, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша арыздар, шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету.

8. жобалау үшін сәулет - жоспарлау тапсырмасын әзірлеу және тапсырысшыларға (құрылыс салушыларға) беру.

9. нысандар мен кешендер орналастыру, қала құрылыстық мақсатта жер телімдерін беру және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған жағдайларда оларды мемлекттік қажеттілік үшін қайтып алу бойынша аудан әкіміне ұсыныстар дайындау;

10. ауданның «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізу және толтыру;

11. жарнама тасымалдағыштарға рұқсат құжаттар топтамасын қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру. Сыртқы жарнама және безендіру элементтері объектілерін пайдалану күтіп ұстау бойынша рұқсат рәсімдеу, жарнама құрылғыларына рұқсат дайындау, анықтама, жинақ жасау;

12. мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;

13. аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құзіретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке заңды тұлғаларға көрсетілетін, мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

14. ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандаруды қамтамасыз ету.

15. ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыруды қамтамасыз ету;

16. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

17. шетелдермен ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысуға, өз құзыреті шегінде кәсіпорындар мен ұйымдардың шетелдік жетекші фирмалармен байланыстар орнатуына жәрдем көрсетеді;

18. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады;

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) аудандық әкім және жергілікті ауылдық, селолық округ әкімі құзіреттеріне сәйкес құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы жерге орналастыру, жоспарлау, құрылыс салу, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша құжаттары, дәйектемелер мен ұсыныстарды дайындау;

2) тапсырыстарды қарауды ұйымдастыру, жеке құрылыс салушыларды қоса отырып, тапсырыс берушілерге, инвесторларға, жұмыстары орындаушыларға қала құрылысы құжаттарын ұсыну. Жұмысты атқарушыларға, инвестициялық және қала құрылысы нысандары қызметін қолдаушыларға рұқсат беретін құжаттарды беру, меншік түріне қарамастан жоба бойынша барлық түрдегі құрылысты келісу, сондай-ақ жер учаскелерінің және басқа жылжымайтын мүліктің көлемі мен шекарасын өзгерту;

3) қала құрылысы және жер пайдаланушы заңдарының орындалуын, елді мекендердегі бөлшектеп жоспарлау жобасының материалдарын дайындауды, сондай-ақ аудан әкімінің тиісті шешімдерін және өз шешімдері мен ұйғарымдарын қадағалауды жүзеге асыру;

4) жергілікті деңгейде қала құрылысы қызметін реттеу құрылымы болып табылатын ауданның елді мекендерінің бас жоспарларына сай құрылыстың даму ережесін жасақтауға қатысу;

5) аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің құзіреті шегінде шешімдерді қабылдау бойынша құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында белгіленген мемлекеттік нормативтерді, шарттар мен шектеулерді өрескел бұзу бойынша, сақталмауы және олардың күшін жоюға байланысты «Заң бұзушыға заңдылықта ҚР әкімшілік кодексінде, қарастырылған шараларды қолдану туралы» ұсыныстарды енгізу;

6) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті қосымша ақпаратқа тиісті мемлекеттік органдарға сауалмен жүгінуге;

7) мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге құқылы;

8) бөлім өз құзыреті негізінде құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырма бөлшектерін шығаратын кәсіпорын, мекемелерге, құрылыс объектілеріне бара алады;

9) қажетті жағдайларда сарапшы ретінде өндірістің басқа салаларының, ғылыми-зерттеу және конструкторлық-жобалау ұйымдарының мамандарын шақыра алады.

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне басшылықты Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасынң заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) бөлімнің қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді.

2) өз қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттерін айқындайды;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады;

5) бөлімнің атынан сенім хатсыз іс-әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;

6) заңнамамен белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ оларға тәртіптік шара қолданады. Мекемеде сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында іс-қимыл жасайды және сыбайлас жемқорлық бойынша алынған шараларға тікелей жауапкершілікте болады;

7) бөлімге тиесілі мүлікті, қаржы қаражатын пайдалану, иелік ету және басқару құқығын иеленеді және қаржы жұмысының тәртібінің сақталуы үшін дербес жауап береді;

8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттерді жүзеге асырады.

Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлімнің басшысы басқарады.

4.Мемлекеттік органның мүлкі

24. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспар бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. Махамбет аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні:: 18.05.2017 07:41
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 19.03.2018 09:02