Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.11.2017

Қызметтер

Бөлім ережесі

«Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Махамбет ауданы бойынша дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесібасшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060700, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Абай Құнанбаев көшесі, №13 үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

13. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі миссиясы: Махамбет ауданында дене шынықтыру және спортты реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

15. Міндеттері:

  1. Мемлекеттік дене шынықтыру тәрбиесі мен спортты дамытуды қамтамасыз ету;

  2. Дене шынықтыру тәрбиесі мен спорттың материалдық–техникалық базасын жасақтау және нығайту, олардың құрылысын дамыту;

  3. Дене шынықтыру тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

16. Функциялары:

  1. Дене шынықтыру тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асырады, перспективалық ағымдағы мақсатты бағдарламаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді, дене тәрбиесі мен спортты дамыту жөніндегі ауданның әртүрлі ұйымдарының қызметін үйлестіреді.

  2. Дене шынықтыру және спорттық ұйымдарға ұйымдық және әдістемелік басшылық жасайды.

  3. Ведомстволық және қоғамдық ұйымдармен әңгімелесе отырып ұйымдастырылатын спорттық шаралар жоспарын үйлестіруді күнтізбегінің бірыңғай жоспарларын әзірлеп, олардың өткізуіне бақылау жасайды.

  4. Спорттық шараларға қатысушылардың материалдық қамтылуы үшін шығындар мөлшерін бекітеді.

  5. Халықаралық, Республикалық, облыстық ауданаралық және аудандық шараларын, спорттық жарыстар мен турнирлерді өткізеді, олар үшін қаржы бөлуді ұйымдастырады.

  6. Халықаралық жарыстар мен турнирлерге, Қазақстан Республикасы мен Тәуелсіз елдер достастығы және де басқа дәрежедегі чемпионаттарға аудан құрама командасын дайындауды, қатынастыруды қамтамасыз етеді.

  7. Қоғамдық ұйымдармен бірлесіп спорттық резервтерді даярлау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, спорт клубтарын, мектептер мен ғимараттарды олардың бағыныштылығына қарамастан дамытуды үйлестіреді.

  8. Спорттық ІІ-ІІІ разрядтарын беру, және медальдармен, белгілерімен, дипломдармен, бағалы сыйлықтармен, грамоталармен, бағалы жүлделермен марапаттауды, жаттықтырушы құрамының сапасын көтеруді белгіленген тәртіп бойынша шешеді.

  9. Кадрларды даярлау, қайта даярлау және кәсіби шеберлігін көтеру, әдіскерлік жағынан қамту, конференциялар мен семинарлар, басқа да оқу мен мамандардың тәжірибе алмастыруларының бағдарламаларын бекітіп, үйлестіреді.

Спорттық жарыстар мен жиындар өткізу ережелерін бекітеді, тиісті құжаттарын дайындайды.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) соттарда, тиісті аумақта басқару тиімділігін арттыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара қарым-қатынаста бөлімнің мүдделерін ұсыну;

2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;

3) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдарының, облыс және аудан әкімдері мен әкімдіктерінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

5) құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Махамбет ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) барлық органдарда мекеме мүддесін ұсынады;

3) мекеме мүлкіне иелік етеді, келісімшарттар жасайды, сенімхаттар береді;

4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

5) қызметкерлерді марапаттау шараларын қабылдайды және тәртіптік шаралар қолданады.

«Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

23. Құрылған жағдайда «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.

«Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), мекеме мен құрылтайшының, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес айқындалады.

«Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкi

24. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

«Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

«Махамбет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

1) «Махамбет балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Мақаланың шыққан күні:: 30.09.2016 13:04
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.09.2016 13:04