Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Бөлім ережесі

«Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Махамбет ауданы бойынша мәдениет және тілдерді дамыту салаларында және мемлекеттік тіл саясатын насихаттаудағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060700, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет ауылы, Ж.Жабаев көшесі, №4 үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

13. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Махамбет ауданы бойынша біріңғай мемлекеттік саясатты жүргізу, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

1) мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) ауданда мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыру.

16. Функциялары:

1) аудандағы мәдениет үйлерінің жұмысына басшылық жасайды;

2) бос уақыт өткізу бірлестігі, жастар мен балалар ұйымдарының жұмысын үйлестіру және өзара іс-әрекеттерді жүзеге асыру;

3) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;

4) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

5) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;

6) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;

7) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;

8) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болады;

9) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;

10) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;

11) облыстардың атқарушы органдарына ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді

12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) мәдениет және тілдерді дамыту жүйесін дамыту мәселесі бойынша жоба әзірлеп, оны белгіленген тәртіппен жоғарғы органдарға ұсынуға;

2) мемлекеттік органдардан өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан өз құзыреті шеңберінде қажетті ақпараттар сұрауға және алуға;

3) Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтауға;

4) бірыңғай еңбек нарығын, капиталды қалыптастыруға, тауарлар мен қызметтерді еркін алмасуға, Қазақстан Республикасының бірыңғай мәдени және ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы мен дамуына кедергі келтіретін шешімдердің қабылдануына жол бермеуге;

5) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтауға;

6) қызметтің қоғамдық маңызы бар салаларында белгіленген жалпымемлекеттік стандарттарды сақтауға;

7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң

орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Махамбет ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

2) барлық органдарда мекеме мүддесін ұсынады;

3) мекеме мүлкіне иелік етеді, келісімшарттар жасайды, сенімхаттар береді;

4) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;

5) қызметкерлерді марапаттау шараларын қабылдайды және тәртіптік шаралар қолданады.

«Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

23. Құрылған жағдайда «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшысы басқарады.

«Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның), мекеме мен құрылтайшының, тиісті саланың уәкілетті органының (жергілікті атқарушы органының) арасындағы өзара қатынастар Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес айқындалады.

«Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібі қағидасымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкi

24. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

«Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

1) «Махамбет аудандық орталық кітапхана» мемлекеттік мекемесі.


Мақаланың шыққан күні:: 03.10.2016 19:33
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.10.2016 19:33