Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.10.2020

Қызметтер

Бөлім Ережесі

Облыс әкімі аппараты

басшысының

2020 жылғы «29» шілдедегі

№64-НҚ бұйрығымен

бекітілген

 

 

Атырау облысы әкімі аппаратының

Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Атырау облысы әкімі аппаратының Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Атырау облысының аумағында тұратын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды және талдау жүргізуді бақылау үшін құрылған (1-ішкі міндеттің 3-тармақшасы).

2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Атырау облысы әкімінің шешімдерін және осы Ережені басшылыққа алады.

3. Бөлім «Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені іске асыруда осы Ереженің тиісті бөлімдерінде көрсетілген міндеттер мен функцияларды, сондай-ақ, өзге де функцияларды орындайды.

4. Атырау облысы әкімі аппаратының Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің міндеттері мен функциялары

1. Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің міндеттері мен функциялары:

1-міндет: жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдауды және қарауды ұйымдастыру;

1-ішкі міндет: жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау;

функциялары:

1) жеке және заңды тұлғалардың:

қағаз түріндегі, оның ішінде «Қазпошта» АҚ арқылы, сондай-ақ Бөлімге қолма-қол;

электрондық форматта Атырау облысы әкімдігінің веб-сайты және «egov.kz» Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы арқылы келіп түсетін өтініштерін алдын ала қарау, талдау, қабылдау және тіркеу;

2) мәселелердің сипатын анықтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөлу және оларды қарау және жауап беру үшін облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жіберу, немесе қарау тәртібі Қазақстан Республикасының

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген өтініштерден басқа, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көтерілген проблемалар бойынша ұстанымды қалыптастыру;

3) мемлекеттік және жергілікті атқарушы, оның ішінде аудандық, ауылдық деңгейдегі органдарға орындауға жіберілген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға бақылауды жүзеге асыру;

4) бөлімнің құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың жауаптарының сапасын және олардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша қабылдаған әкімнің бақылауындағы шараларын талдау;

Бөлімнің құзыреті шеңберінде мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жауаптарын сапасыз орындалған жағдайда пысықтауға жіберу;

5) Бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша ағымдағы іс жүргізуді және есепке алуды ұйымдастыру;

2-ішкі міндет: азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыру;

функциялары:

1) облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының, сонымен қатар, облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарларының жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдауын ұйымдастыру және өткізу, жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау барысында берілген өтініштер мен тапсырмалардың қаралуын бақылауды жүзеге асыру;

2) жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдау кезінде тиісті лауазымды тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету;

3) Бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультативтік көмек көрсету;

4) әкім аппаратында не облыстың басқа елді мекендерінде жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісімен бейне конференц байланыс форматында жеке қабылдауды ұйымдастыру;

5) облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының және облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері басшыларының жеке және заңды тұлғаларды, оның ішінде бейне конференц байланыс форматында тұрақты көшпелі қабылдауларын ұйымдастыру;

6) облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың жеке және заңды тұлғаларды қабылдау және өтініштерін қарау жөніндегі жұмысты мониторингтеу;

7) облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар басшыларының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыруды және өткізуді бақылау.

2-міндет: келіп түскен өтініштерді талдау, жүйелі проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;

функциялары:

1) өтініштерді контент-талдау және өтініш берушілер көтеретін жүйелі мәселелер туралы анықтамалар жасау;

2) облыс бөлінісінде проблемалық мәселелер мониторингі, проблемалық мәселелер картасын қалыптастыру;

3) облыс әкім аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, мыналар бойынша ұсыныстар енгізу:

өңір халқының өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;

заңнаманы жетілдіру;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көтерілген басқа да өзекті мәселелер;

4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша заңнаманы және құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар тұжырымдау;

5) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін жетілдіру, сондай-ақ құжаттамалық қамтамасыз ету мен өтініштер бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысу;

6) облыс әкімінің, облыс әкімі аппараты басшысының Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының және Президенттің көмекшісі-Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі меңгерушісінің өтініштерді қарау бөлігіндегі тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы баяндамалары мен талдамалық жазбаларының жобаларын жарты жылда бір рет дайындау;

3-міндет:мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;

функциялары:

1) өз құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультативтік көмек көрсету, өзекті жүйелі проблемалар мен үздік тәжірибелер негізінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу;

2) өз құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу, тіркеу, сондай-ақ қарау мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;

3) өз құзыреті шегінде мүдделі уәкілетті мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғам мен сараптамалық қоғамдастықтар өкілдерінің қатысуымен жоғары қоғамдық резонанс тудыратын маңызды мәселелер бойынша шешімдер әзірлеу үшін арнайы жұмыс топтарын құруға бастамашылық жасау;

4) жергілікті атқарушы органның жауапты құрылымдық бөлімшелерімен, басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен және Мемлекет басшысының, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі басшылығының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау шеңберінде берген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімімен өзара іс-қимыл жасау;

5) құқық қорғау блогының – Атырау облыстық прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау қызметі орталығының, Атырау облыстық Сотының Ахуалдық орталығының және сот кеңселерінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің «Адалдық алаңы» сыбайлас жемқорлыққа қарсы офистерінің өңірлік қоғамдық қабылдау бөлмелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

6) «Е-өтініш» жобасын әзірлеу және іске қосу шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

4-міндет: жергілікті атқарушы органдардың Президенттің, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің, облыс басшылығының өтініштерін қарау шеңберінде берген тапсырмаларын уақытылы және толық іске асыруын бақылау;

функциялары:

1) Президенттің, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі басшылығының, Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі басшылығының және облыс әкімінің тапсырмаларын іске асыру бойынша облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың өтініштерді қарау жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру;

2) орындаушылық тәртіпті нығайту бойынша ұсыныстар енгізу;

3) бұқаралық сипаттағы күрделі мәселелер бойынша Президенттің, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі басшылығының, облыс әкімінің тапсырмаларының орындалу барысын жергілікті жерге барып тексеру;

4) облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен байланысты Президенттің, Президент Әкімшілігі басшылығының, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларын, атқарушылық тәртіпті іске асыру мәселелері бойынша тексерулерге қатысу, анықталған бұзушылықтарды жою және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылдау туралы ұсыныстар енгізу;

5) облыс әкімі аппаратының, облыстық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларын Мемлекет басшысының, Мемлекеттік хатшының, Президент Әкімшілігі мен Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі басшылығының, облыс әкімдігі басшылығының бақылауына қойылған тапсырмалардың орындалу сапасы мәселелері бойынша тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізу, олардың орындалуына мониторинг ұйымдастыру;

6) жергілікті атқарушы органдардың жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындыларын талқылау бойынша есептік алқалы іс-шараларына қатысу;

7) Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі мен Президент Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі, облыс басшылығының нақты

өтініштер бойынша тапсырмаларының орындалуына мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша қорытындылар дайындау;

5 міндет: іс жүргізу талаптарының өтініштерді қарау бөлігінде сақталуын бақылау;

функциялары:

1) өз құзыреті шеңберінде облыс әкімі аппаратында, аудандық, ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда іс қағаздарын жүргізудің жай-күйін жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралуы бөлігінде тексеру;

2) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі заңнама талаптарының сақталуын бақылау, облыс әкімі аппаратының жаңадан қабылданған қызметкерлеріне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мәселелері бойынша нұсқама беру.


Парақтағы соңғы өзгерістер: 31.07.2020 18:03

Қаралым саны: 165