Array Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы туралы Ереже | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.03.2017

Қызметтер

Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы туралы Ереже

Атырау облысы әкімдігінің
                                                                                                                                   20__ жылғы «__» _______
                                                                                                                                   №__________қаулысына қосымша

                                                                                                                                   Атырау облысы әкімдігінің
                                                                                                                                   20__ жылғы «__» _______
                                                                                                                                   №__________ қаулысымен  бекітілген

 

Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

1. Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) облыс аумағында кәсіпкерлікті, өнеркәсіп салаларын, салалық ғылымды, қызмет көрсету саласын, сауданы және туризмді дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Атырау облысы әкімдігінің қаулылары мен әкімінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Басқарманың орналасқан жері: 060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға табыстар әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған табыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13 Басқарманың миссиясы: облыс аумағында кәсіпкерлікті, өнеркәсіп салаларын, салалық ғылымды, қызмет көрсету саласын, сауданы және туризмді дамытудың негізгі бағыттарын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру.
14. Басқарманың міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік, салалық және орта мерзімді даму жоспарларын іске асыруға қатысу;
2) Атырау облысының өңірлік әлеуметтік - экономикалық даму бағдарламаларын қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;
3) өңірлік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін бюджеттен тыс қаражат тарту;
4) кәсіпкерліктің, өнеркәсіптің және қызмет көрсету саласының, сауданың, туризмнің, сыртқы экономикалық байланыстардың жай-күйін талдау және дамуын болжау;
5) шаруашылық жүргізуші субъектілермен өзара неғұрлым тиімді іс-қимыл жасау мақсатында басқару жүйесін жетілдіру;
6) бөлшек сауда айналымының көлемін жүйелі талдау;
7) бюджеттік бағдарламалар әкімшісі ретінде бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдалануын, өтелуі мен оларға қызмет көрсетілуіне мониторинг және бақылауды жүзеге асырады.
15. Басқарманың функциялары:
1) кәсіпкерліктің, өнеркәсіп салаларының, салалық ғылымның, қызмет көрсету саласының сауда мен туризмнің экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу;
2) облыстың өнімділігін ұтымды пайдалану мақсатында өнеркәсіп, кәсіпкерлік салаларының, қызмет көрсету саласының сауда мен туризмнің даму стратегиясын қалыптастыруға, басым салаларды анықтауға және оларды қолдауға қатысу;
3) өнеркәсіптің басым салаларын қолдауға бағытталған кәсіпкерліктің, ғылымның, қызмет көрсету саласының сауда мен туризмнің өңірлік индустриялық және инвестициялық саясатын қалыптастыруға қатысу;
4) өнеркәсіп ұйымдарында, кәсіпкерлік құрылымдарында жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірістерді енгізуге және дамытуға жәрдемдесу;
5) облыс өнеркәсібіне жаңа технологияларды және басқару тәжірибесін тартуға жәрдемдесу;
6) озық ғылыми әзірлемелерді пайдалануды және жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті өнім шығаруды қамтамасыз ететін инновациялық құрылымдарды құруға жәрдемдесу;
7) облыс экономикасының басқа салаларының мұқтаждары үшін жаңа өнім түрлерін игеру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу, облысішілік және өңіраралық байланыстар мен сыртқы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу;
8) жарғылық міндеттерін іске асыруға қолдау көрсету мақсатында Атырау облыстық Сауда - өнеркәсіптік палатасы, «Атырау облыстық Кәсіпкерлер палатасы» және «Атырау облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағы» қоғамдық бірлестігімен өзара іс-қимыл жасау;
9) Атырау облыстық әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссия шешімдерін дайындауға және орындауға қатысу;
10) өнеркәсіп ұйымдарына импорт алмастыру және экспортқа өнім шығаратын бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту жөніндегі бағдарламалар мен жобаларды іске асыруға жәрдемдесу;
11) Атырау облысының халықаралық тұсаукесер қызметіне қатысу;
12) ғылыми-тәжірибелік конференцияларды, семинарларды, көрмелерді, конкурстарды, халықаралық тұсаукесерлерді, бизнес-кездесулерді, экономикалық миссияларды дайындауға және өткізуге қатысу;
13) Атырау облысы әкімдігінің бірыңғай өңірлік тұжырымдамасын және көрме қызметі жоспарын әзірлеуге қатысу;
14) тапсырысшылар мен жеткізушілердің ақпараттық өзара іс -қимылын ұйымдастыру, тауар өндірушілерге және кәсіпкерлерге арналған ақпараттық жинақтар шығарып, тарату;
15) өңірлік және республикалық конкурстар шеңберінде шығаратын өнім сапасын арттыруда және үздік тауарлар, қызметтер мен озық технологияларды анықтауда тауар өндірушілерге жәрдемдесу;
16) халық кәсіпшілігі және қолөнерін дамытуға жәрдемдесу;
17) өнеркәсіп кәсіпорындары мен ұйымдарын қайта құрылымдау мен реформалауды ұйымдастыру және консультациялық қолдау жөніндегі шараларды іске асыру, жетекшілік ететін салалардағы реформалау тәжірибесін қорыту;
18) бағдарламалар мен жобаларды орындау үшін бюджеттен тыс материалдық ресурстарды тартуға қатысу;
19) экономика салаларындағы басқару кадрларын даярлау және қайта даярлауға жәрдемдесу;
20) инновациялық әлеуеті бар ғылыми әзірлемелерді іске асыруға жәрдемдесу;
21) облыстың зияткерлік және ғылыми-техникалық әлеуетінің тиімді пайдаланылуын арттыру, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті ынталандыру жөніндегі құқықтық және ұйымдық-экономикалық ортаны қалыптастыруға қатысу;
22) ішкі тұтыну нарығын қалыптастыруға және тауарлар мен қызметтермен қанықтыруға ықпал ету;
23) өңіраралық байланыстардың тиімді құрылымын қалыптастыруға қатысу;
24) туризм және сауда саласында өңірлік саясатты қалыптастыруға қатысу;
25) өңірлік шағын кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
26) технопарктер лизингілік орталықтар, шағын инновациялық қызмет орталықтары желісін және шағын кәсіпкерлікті қолдау мақсатында құрылатын басқа да инфрақұрылым объектілерін құру жөніндегі іс-шаралар әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;
27) шағын кәсіпкерлік субъектілеріне ғимараттарды, құрылыстарды, өндірістік орын-жайларды және коммуналдық меншіктегі өзге де мүлікті жеңілдікпен беру арқылы шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қолдау мен дамыту жөніндегі шараларды қабылдау;
28) сауда мәселелерінде шаруашылық жүргізуші субьектілерге, кәсіпкерлерге, жеке тұлғаларға ақпараттық қызмет көрсетуге жәрдемдесу;
29) тауарлар, қызметтер мен жұмыстар бөлігінде облыстың ірі өнеркәсіптік жобаларында қазақстандық үлесті арттыруға жәрдемдесу;
30) мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
31) Басқармада гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.
16. Басқарманың құқықтары:
1) Атырау облысы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен, өзге атқарушы органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерімен, мекемелермен және ұйымдармен өз кұзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау;
2) оның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша әдістемелік материалдар мен ұсынымдарды әзірлеуге, сондай-ақ нұсқамалар, семинарлар мен кеңестер өткізу;
3) белгіленген тәртіппен облыстың атқарушы органдарынан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, мекемелер мен ұйымдардан Басқарманың өз функцияларын жүзеге асыруы үшін қажетті статистикалық және есептік деректерді, басқа материалдар мен мәліметтерді сұрату және алу;
4) белгіленген тәртіппен Басқарманың құзыретіне кіретін облыстың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін әзірлеуге, қарауға және келісуге қатысу;
5) бұқаралық ақпарат құралдарына Басқарманың қызметі туралы ақпарат беру;
6) қажет болған жағдайда ведомствоаралық комиссиялар, кеңестер мен сарапшылар топтарын құру;
7) белгіленген тәртіппен облыс әкіміне Басқарма құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар, шешімдер және өкімдер жобаларын енгізу;
8) Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік органдарда, Қазақстан Республикасының басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінде облыс әкімінің тапсырмасы бойынша облыс әкімдігінің мүддесін білдіру;
9) сыртқы экономикалық халықаралық қызметті жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының заңнамаларын және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың ережелерін сақтай отырып, өз құзыреті шегінде шоттар ашып, ТМД елдерімен және алыс шетелдермен валюталық операциялар жүргізу болып табылады.
Басқарма:
1) өзіне жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз етуге;
2) облыс әкімдігінің алдында өз қызметінің нәтижелері туралы есеп беруге міндетті.

 

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

17. Басқармаға басшылық жасауды Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. Басқарманың басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. Басқарма басшысының өкілеттілігі:
1) Басқарма қызметіне дара басшылық негізінде басшылық жасауды жүзеге асырады;
2) Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) Басқарманың бөлімдері басшыларының ұсынысы бойынша лауазымдық нұсқаулықтарға және осы Ережеге сәйкес Басқарма қызметкерлерінің арасында міндеттер бөлуді жүзеге асырады;
5) мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен қарым-қатынасында Басқарманың мүддесін білдіреді, азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады және қоғамдық бірлестіктермен келісім рәсімдерін жүргізуді ұйымдастырады;
6) өз құзыреті шегінде Басқарманың барлық қызметкерлері орындауға міндетті нұсқаулар мен тапсырмалар береді;
7) Басқарманың және оның құрылымдық бөлімшелерінің істер номенклатурасын бекітеді;
8) Басқарма жұмысының негізгі бағыттары бойынша жоспарлар мен іс-шараларды бекітеді;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарманың қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және оларды көтермелейді;
10) белгіленген қызметкерлер саны лимиті мен еңбекақы төлеу қоры шегінде Басқарманың штат кестесін бекітеді;
11) Басқарманың ережесін облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;
12) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады.
Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Басқарманың басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. Басқарманың мүлкі

22. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5.Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

25. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 11:06
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 11:06