Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.08.2017

Қызметтер

Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы облыс аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы мемлекеттік басқару органының функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.

2. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының орналасқан жері: индекс 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасына кәсіпкерлік субъектілерімен Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының миссиясы:

Жастар саясатын басым дамыта отырып, өңірде мемлекеттік жастар саясатын тиімді іске асыру.

14. Міндеттері:

  1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының міндеттерін облыс аумағында іске асыру;

  2. жастар саясатының мәселелері жөніндегі мемлекеттік басқару жүйесінің басқа құжаттарын іске асыру үшін жағдай жасау;

  3. тұлғаның шығармашылық, рухани, физикалық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салтының мықты дағдыларын қалыптастыру және жастар арасында азаматтық – құқықтық және адамгершілік мәдениетін тәрбелеу;

  4. мәдениеттер және діндер диалогының жаңа нысандарын іздестіру арқылы этносаралық келісім мен ішкі саяси тұрақтылықты одан әрі нығайту;

  5. мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі ақпараттық – насихаттау және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

  6. жастар саясаты саласындағы жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

  7. жастар ұйымдарының қызметіне талдау және мониторинг жүргізу;

  8. облыс аумағында мемлекеттік жастар саясаты бойынша республикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысу;

  9. облыс аумағында мемлекеттік жастар саясаты бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

  10. жастар ұйымдарына ұйымдастырушылық, консультативтік- әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;

  11. ақпараттық деректер қорын (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау, қорыту және жіктеу бойынша қызметті жүзеге асыру;

12) жастар ұйымдары, саяси партиялардың жастар қанаты және этномәдени бірлестіктердің өзара іс-қимылын жүзеге асыру табылады.

15. Функциялары:

  1. мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын облыс мәслихатына бекітуге әзірлейді және ұсынады;

  2. жастар саясатының мәселелері жөніндегі консультативтік кеңесші органдардың қызметінің қаржылық қамсыздандырылуын және ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-техникалық қамтылуын қамтамасыз етеді;

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың жасалуын және іске асырылуын жүргізеді;

  4. білім және тәрбие беру ұйымдарының жүйелеріне мемлекеттік жастар саясаты саласында қажетті әдістемелік және консультативтік көмек көрсетеді;

  5. жастар саясаты саласында бюджеттік бағдарламалар әкімшісі функцияларын жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына, Қазақтан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 ақпандағы №191 қаулысымен бекітілген «Қазақстан 2020: болашаққа жол» Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-бабына сәйкес:

1) жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындар мен ұйымдардан Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат сұрату;

2) облыстық әкімдікке, жергілікті атқарушы органдарға Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізу;

3) Қазақстан Республикасы Жастар саясаты заңнамасының орталық атқарушы органдардың аумақтық органдарында және аудандық атқарушы органдарында сақталуына бақылау жүргізу;

4) Қазақстан Республикасы Жастар саясаты туралы заңдарымен белгіленген талаптардың бұзылуын жою жөнінде ұсыныстар беруге, тиісті органдарға Қазақстан Республикасы Жастар саясаты туралы заңдарының бұзылуына кінәлі лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы ұсыныс енгізу;

5) жастар саясатын дамытуға бағытталған облыстық маңызды шаралар кешенін жүзеге асыру;

6) Атырау облыс әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз ету.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасына басшылықты Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

18. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

20. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының өкілеттілігі:

1) Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының жұмысын ұйымдастырады және басқарады, жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілікте болады;

2) өзінің орынбасарының, Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

3) заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарын, Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) заңнамада белгіленген тәртіпте көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

5) Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының келісім-шарттарына, актілеріне қол қояды;

6) облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының штат саны лимиті шегінде оның штаттық кестесін және тиісті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;

7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының мүдделерін білдіреді;

8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

9) Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

10) Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралардың қабылдауына дербес жауапты болады;

11) Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасына Қазақстан Республикасы заңнамасымен, сондай-ақ осы Ережемен берілген өкілеттіктері шегінде сенімхатсыз әрекет етеді.

21. Басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

22. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы құрылымы:

1) басқарма басшысы;

2) басқарма басшысының орынбасары;

3) қаржы, құқық және ұйымдастыру бөлімі;

4) жастар және әлеуметтік бастамаларды қолдау бөлімі;

5) ақпараттық-талдамалық жұмыс бөлімі.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

23. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасында заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасына бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

«Атырау– Жас отау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.


Мақаланың шыққан күні:: 08.09.2016 12:17
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.09.2016 12:17