Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.07.2017

Қызметтер

Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы туралы ереже

Атырау облысы әкімдігінің
2017 жылғы «5» мамыр
№ 96 қаулысына
қосымша
Атырау облысы әкімдігінің
2017 жылғы «5» мамыр
№ 96 қаулысымен
бекітілген

 

«Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік

мекемесі туралы ереже

Жалпы ережелер

1. «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысының көлік және автомобиль жолдары салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060002, Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10а.

9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Атырау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

11. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Басқарманың миссиясы:

Экономика мен қоғамның қолжетімді және сапалы көлік қызметтеріне қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мақсатында автомобиль көлігі, автомобиль жолдары және жол қызметі салаларында тиімді мемлекеттік саясатты жүргізу.

14. Міндеттері:

1) автомобиль тасымалдары және автомобиль көлігі саласындағы өзге де жұмыстар мен қызметтерге экономиканың және тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдайлар жасау;

2) автомобиль көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3) автомобиль көлігі саласында мемлекеттің экономикалық мүдделерін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау;

4) гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті іс-шаралар жоспарын іске асыру;

5) экономика саласы ретінде автомобиль көлігінің тиімділігін арттыру.

15. Функциялары:

1) автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

2) облыстық маңызы бар жолдарды салуды, ұтымды пайдалануды және күтіп ұстауды қамтамасыз ету;

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасынасәйкес жалпы пайдаланымдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

4) жалпы пайдаланымдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының желісін басқару;

5) облыстың коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;

6) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

7) жалпы пайдаланымдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;

8) жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын сыныптау тәртібі мен шарттарын бекіту;

9) жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жолға бөлiнген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту;

10) елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту;
11) кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жалғасатын жолдарды салуды келісу;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру;

13) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық, ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығына конкурстар өткiзу;

14) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдаулар маршруттарын және қозғалыс кестелерiн бекiту;

15) жолаушылар мен багажды тұрақты облысаралық, қалааралық автомобильмен тасымалдаулар маршруттарын және жүру кестелерiн келісу;

16) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыру;

17) жолаушылар мен багажды тұрақты ауданаралық (облысiшiлiк қалааралық) тасымалдау маршруттарының тiзiлiмiн жүргiзу;

18) жолаушылар көлiгiн дамытудың кешендi схемасын және жол қозғалысын ұйымдастыру жобаларын әзiрлеу;

19) жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қаларалық) қатынастарда әлеуметтiк маңызы бар тасымалдауларды жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялауды жүзеге асыру;

20) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асыру;

21) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізу;

22) аймақтың қызметі шегінде механикалық көлік құралдарына және олардың тіркемелеріне міндетті техникалық байқауды өткізу кестесін келісу;

23) ауданаралық (облысішілік қалааралық) жолаушылар қатынасын ұйымдастыру туралы шешімдерді тасымалдаушы қабылдайтын жағдайларды қоспағанда, осындай шешім қабылдау;

24) әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) жолаушылар қатынастары (маршруттар) бойынша теміржол көлігімен жолаушылар тасымалдарын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының залалдарын субсидиялау;

25) төтенше жағдайлар туындаған кезде тасымалды уақытша тоқтату туралы шешімдер қабылдау;

26) ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынастарды айқындау;

27) өз құзыреті шегінде мемлекеттік–жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

28) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды жүзеге асырады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасуға, облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды жөндеу және ұстау кезінде өзара міндеттемелердің шарттары мен сипатын айқындауға және олардың орындалуына бақылау жүргізуге;

2) көліктік инфрақұрылымды дамыту бағдарламаларын іске асыру бөлігінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге және келісуге қатысуға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті кәсіпорындар мен мекемелерден, қалалық және аудандық әкімдіктерден, облыстық ұйымдардан автомобиль жолдары, жолаушылар және жүк тасымалдары бойынша ақпарат сұратуға;

4) жалпы пайдаланымдағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысын салу,оларды қайта жаңғырту, жөндеу және күтіп ұстау кезінде нормативті талаптардың сақталуына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылау жүргізуге;

5) қажет болған жағдайларда өндірістің басқа салаларының, ғылыми –зерттеу және жобалау-құрылымдау ұйымдарының мамандарын сарапшылар ретінде тартуға;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруға;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол қызметін қаржыландыруға жіберілетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;

8) коммуналдық меншіктегі облыстық маңызы бар жолдарын басқару.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. Басқарманың бірінші басшысын Атырау облысы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттілігі:

1) Басқарманың қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді;

2) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады.

3) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;

4) құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттерін айқындайды;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

6) заңнамамен белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;

7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

8) өз құзыреті шегінде Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

9) Басқармаға тиесілі мүлікті, қаржы қаражатын пайдалану, иелік ету және басқару құқығын иеленеді және қаржы тәртібінің сақталуына дербес жауап береді;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындардың директорлары мен директорлардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

12) Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

20. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

21. Басқарманың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық мешікке жатады.

23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 10:38
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.05.2017 11:07