Array Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаcы туралы ереже | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.03.2017

Қызметтер

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаcы туралы ереже

Облысы әкімдігінің

2012 жылғы «____» ____________

№____ қаулысына

1-қосымша Облысы әкімдігінің

2012 жылғы 14 cәуірдегі№104 қаулысымен

бекітілген

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және

әлеуметтік  бағдарламалар басқармаcы туралы

ереже

  1. Жалпы ережелер
  2. халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге және халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған стратегиялық жоспарларды әзірлеу және іске асыру;
  3. еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құру негізінде жұмыс күшіне сұраныс мен ұсынысты талдау және болжау, халықты еңбек нарығы жағдайы туралы хабардар ету;
  4. халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аумақтарды дамыту жоспары бойыншаіс-шараларын әзірлеу және келісу;
  5. халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ететін шараларды әзірлеу және іске асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру және реттеу, олардың орындалуына бақылау жүргізу;
  6. еңбек нарығына және жаңа жұмыс орындарын құруға мониторинг жүргізу;
  7. жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген квота шегінде Қазақстан Республикасы аумағында еңбек қызметін жүргізу үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру;
  8. облыс әкімдігі, облыстық жұмыс берушілер бірлестіктеріжәне облыстық кәсіподақтар федерациясы арасындағы облыстық үшжақты Келісімді  тараптарының ұсыныстары мен келісімі бойынша әзірлеу және облыстық үшжақты комиссия бекітуіне ұсыну;
  9. мүмкіндіктері шектеулі балаларды күтуде,соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмыстыұйымдастыру және көрсету бойынша қызметті үйлестіру;
  10. халықты әлеуметтік қолдау және жұмыспен қамту мемлекеттік саясатының іс-шараларын әзірлеу мен жүргізу үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, жұмыс берушілердің өкілдерін қатысуын қамтамасыз ету;
  11. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті шараларды жүргізу;
  12. оралмандар мен еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыруға;
  13. этностық қазақтардан оралман мәртебесін алуға, оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуге қажетті құжаттарымен қоса берген өтінішті қабылдауға;
  14. Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
  15. «Облысы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі» мемлекеттік мекемесі;
  16. «Сарайшық психиатриалық жүйке аурулар интернаты» мемлекеттік мекемесі;
  17. «Облысы мүгедектерді сауықтыру орталығы» мемлекеттік мекемесі;
  18. «Атырау облысы ақыл-ойы кем дамыған балаларға арналған интернат үйі» мемлекеттік мекемесі.

1. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар саласында өз функциясын жүзеге асыратын, облысы бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өз қызметін ҚазақстанРеспубликасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрлерi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасыөз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

7. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060005, Атырау облысы, Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 31 «а».

9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметін қаржыландыру облысы бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына заңнамалық актiлермен кірістер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

2. Мемлекеттік органныңмиссиясы, негiзгi мiндеттерi,
функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

13. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының миссиясы: облыс халқының әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету және жұмыспен қамтуғажәрдемдесу.

14. Міндеттері:

1) кедейлікті төмендету жөніндегі мемлектеттік нормативтік құқықтық актілерді, жұмыспен қамту және басқа әлеуметтік бағдарламалар іске асыру, жұмыспен қамту және аз қамтылған халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметті үйлестіру;

2) басқа мемлекеттік органдармен, облыс әкімі аппаратымен бірлесіп, облысы бағдарламаларды және облысың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық жоспарларын әзірлеу және іске асыру;                                  

3) Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және сараптау;

4)  жұмыспен қамту, соғыс және еңбек ардагерлерін, азаматтардың басқа әлеуметтік-әлжуаз санаттарын әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету;

5) тұрғындардың еңбек етуге, мемлекеттік қолдау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер алуға  конституциялық  құқықтарын және мүдделерін іске асыру;  

 6) халықты жұмыспен қамту  мемлекеттік саясатын облысы деңгейде әзірлеу және іске асыру;

7) Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қарауындағы мекемелердiң қызметтерiн ұйымдастыру;   

 8) мүмкіндіктері шектеулі балаларды күту бойынша әлеуметтік көмек  ұйымдастыру және көрсету;

9) халықты жұмыспен қамту мен әлеуметтік қолдаудың, мемлекеттік саясатын әзірлеуге және іске асыруға жұмыс берушілердің, қызметкерлердің және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету;

15. Функциялары:

16. Құқықтары мен міндеттері:                     

1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру жөнінде  жоғары тұрған органдарға ұсыныстар дайындау және енгізу;

2) кәсіпорындар мен ұйымдарға еңбекке ақы төлеу мәселелері бойынша консультативтік көмеккөрсету;

3) мүдделi органдармен бiрлесе отырып, кадрларды дайындау мен оларды жұмысқа орналастыруға қажеттiлiктi анықтау;

 4) жұмыссыздар және жұмыспен қамтылмаған халықты даярлау және қайта даярлаудың өңірлік жүйесін қалыптастыру;

5) халықтың әлеуметтік-әлжуаз санаттары үшін қосымша жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу;

 6) жұмыссыздарды тіркеу және есепке алудың, бос жұмыс орындарын іздестірудің  компьютерлендірілген бағдарламаларын енгізу;

7) қолданыстағы заңнаманы сақтау және жұмыс берушілердің қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құру, қазақстандық жұмысшыларды дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттырудың ерекше шарттарын және жұмыс орындарын сақтау мәселелері бойынша шетелдік жұмыс күшін тартушы кәсіпорындармен өзара іс-қимыл жасау;

 8) облысы үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету, хаттамалар жүргізу, шешімдерді дайындау және комиссия шешімдерінің орындалуын бақылау;

 9) комиссия жұмысына комиссия мүшесі болып табылмайтын жұмыс берушілер мен жұмысшылар бірлестіктерінің өкілдерін, атқарушы билік органдарының өкілдерін, сондай-ақ ғалымдар және мамандарды, басқа кәсіпорындардың өкілдерін қатысуға шақыру;

10) халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын сипаттамаларын талдау;

11) мүгедектерді оңалту және мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді іске асыру;

12) мүгедек балалары бар жанұяларға, жалғыз басты қарт азаматтар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

 13) мүмкіндіктері шектеулі балаларды  және жалғыз басты қарт азаматтар мен мүгедектерді анықтап, есебін жүргізудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру;

14) еңбек ардагерлерін, мүгедектер мен басқа әлеуметтік-әлжуаз санаттардағы азаматтарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы іске асыруды қамтамасыз ету;

15) жалғыз басты азаматтар мен мүгедектерді интернат-үйлеріне орналастыру, соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді пансионаттар мен санаторияларға  жіберу туралы арыздарды қарау және шешімдер қабылдау;

16) мүгедектерді арнайы қозғалыс құралдарымен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, сурдо-тифло-техникалық құралдармен қамтамасыз ету, сонымен қатар мүгедектер мен ардагерлерді санаториялық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жоспарлау және ұйымдастыру;

17) мүгедектердің қоғамдық ұйымдарына әлеуметтік бағдарламаларды шешуде консультативтік көмек көрсету және олардың қызметтерін үйлестіру;

 18) семинарлар, кеңестерде сөз сөйлеулер, талдамалық материалдар дайындау, қала, аудандар тұрғындарымен кездесу;

19) халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жұмысына мониторинг жүргізу, олардың рейтингін анықтау;

20) әлеуметтік көмек саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес кепілдік көлемінің тізбесі бойынша халыққа арнайы әлеуметтік көмек көрсету;

21) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы», «Балалары бар жанұяларға жәрдемақы туралы» заңдарын және тағы да басқа халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету бөлігі бойынша нормативтік құқықтық актілерін іске асыру;

 22) әлеуметтік қорғау тиімділігін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеру бөлігі бойынша стратегиялық жоспар, бағдарлама жобаларын әзірлеуге қатысу;

23) қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне қатысты әлеуметтік-әлжуаз санатқа жататын азаматтарға әлеуметтік қорғау бойынша әдістемелік, тәжірибелік, заңгерлік көмек көрсету;

24) «Атаулы әлеуметтік көмек», «Балалары бар жанұяларға мемлекеттік жәрдемақы» бағдарламалары бойынша енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеруді  жүргізу, «Әлеуметтік көмек» жүйесіне жәрдемдесу;

25) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты әлеуметтік қорғау туралы материалдар ұсыну;

26) облысы бюджеттің әлеуметтік қорғау шығындары бойынша стратегиялық жоспарын әзірлеу және бекіту;

27) облысы бюджеттің бағдарламалары, кіші бағдарламалары бойынша бөлінген шығындар лимиттеріне бюджеттік сұраным жасау, міндеттемелер және төлемдері бойынша қаржыландыру және қаржылық жылға мемлекеттік сатып алу жоспарларын бекітуге;

28) бекітілген жоспар бойынша тауарлар, жұмыс және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізуге;

9) қаржылық жылға республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы Келісім жасауға;

30) Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметтерін үйлестіруге;

31) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдар желісін дамытуға;

32) интернат-үйлерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін нығайтуға;

 33) қарамағындағы мемлекеттік мекемелерге бақылау жасауды және әдістемелік көмек көрсетуді жүргізуге;

34) Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма аппаратында және қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепті: лимиттердің жұмсалуын, әкімшілік бағдарламалардың шығыстар сметаларының орындалуын, бюджеттік жіктелімін және бухгалтерлік  есептің дұрыс жүргізілуін ұйымдастыруға және бақылауға;

35) Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі      іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге;

36) Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте азаматтардың, шаруашылық субъектілерінің өтініштерін, арыздары мен  шағымдарын қарау және олар бойынша тиісті шаралар алуға;

37) Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметінің бағыттары бойынша оның жұмыс өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында ішкі бақылауды жүргізуге;

38) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге;

39) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша меншік және  шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден кез-келген ақпарат пен есептер сұратуға, алуға және тексеруге;

40) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының алқа мәжілістерінде меншік және шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан, кәсіпорындар  мен ұйымдардың есептері мен ақпараттарын тыңдауға;

41) халықты әлеуметтік қолдаумен байланысты қоғамдық акциялар мен бағдарламалар ұйымдастыруға;

42) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2007 жылғы 19 шілдедегі №167-б бұйрығына сәйкес ұйымдардан соңғы екі жыл ішіндегі қосымша материалдарды (еңбекке ақы төлеу жүйесі және жұмыс жасайтындардың саны, негізгі көлемдік көрсеткіштер туралы мәліметтер) сұратуға;

43) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойыншы конференциялар ,семинарлар және мәжілістер өткізуге; 

44) өзіндік ақпараттық-анықтамалық бюллетеньдер, плакаттар, бүктемелер, әдістемелік материалдар шығаруға;

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынабасшылықты Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүргізуге дербес жауапты болатын басшысы жүзеге асырады.

18. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысын Атырау облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

 20. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының өкiлеттiгi:

  1) Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасықарамағындағы мемлекеттік мекемелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

 2) заңнамаға сәйкес Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қызметкерлерін жәнеқарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 

 3) Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;    

  4) шарттарға, Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы актілеріне, бұйрықтарына қол қояды;

 5) облыс әкiмдігінің қаулысымен бекiтілген штат санының лимитi шегінде Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының штаттық кестесiн және қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тиісті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекiтедi;

 6) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүддесін білдіреді;

7)ішкі бақылау жүргізуді қамтамасыз етеді;

8) Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шара қабылдау үшін дербес жауапкершілікте болады.    

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Басшысы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 22. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

23. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына бекітілген  мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынқайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасықарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

  1. «Облысы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйі» мемлекеттік мекемесі;
  2. «Сарайшық психиатриалық жүйке аурулар интернаты» мемлекеттік мекемесі;
  3. «Облысы мүгедектерді сауықтыру орталығы» мемлекеттік мекемесі;
  4. «Атырау облысы ақыл-ойы кем дамыған балаларға арналған интернат үйі» мемлекеттік мекемесі.

Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 15:45
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2016 15:45