Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.10.2017

Қызметтер

«Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже 14.11.2016

Атырау облысы әкімдігінің
2016 жылғы « 14 » қарашадағы
№ 267 қаулысына
қосымша

Атырау облысы әкімдігінің
2016 жылғы « 14 » қарашадағы
№ 267 қаулысымен
бекітілген

 

 

«Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысында мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Басқарманың ведомстволары жоқ. 3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Басқарманың егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі. 11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Басқарма миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Басқарманың миссиясы: Атырау облысының аумағында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау.

15. Міндеттері:

мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру.

16. Функциялары:

1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асырады;

2) тапсырыс берушімен әзірленген және бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының негізінде қолданыстағы заңнамада көзделген тәсілдермен мемлекеттік сатып алуды өткізеді;

3) тапсырыс беруші ұсынған, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырма негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) жобасын әзірлейді және бекітеді;

4) мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды мемлекеттік сатып алудың веб-порталына орналастырады;

5) тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасына конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) және (немесе) конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) техникалық ерекшелігін алған, мемлекеттік сатып алу веб-порталына автоматты түрде тіркелген тұлғалар тарапынан сұрау салулар мен ескертулерді жібереді;

6) қажет болған жағдайда конкурстық құжаттамаға (аукциондық құжаттамаға) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;

7) заңнамада көзделген жағдайларда конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджеттің кірісіне енгізеді немесе әлеуетті өнім берушіге қайтарады;

8) конкурстық комиссияның (аукциондық комиссияның) құрамын айқындайды және бекітеді;

9) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жібереді;

10) заңнамамен көзделген жағдайларда, тапсырыс беруші Басқарма болған жағдайда бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жібереді;

11) конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындайды;

12) заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады, сондай-ақ Басқарма үшін тауарлардың мемлекеттік сатып алуын жүзеге асырады;

13) жұмыс өнімділігін және сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік органның қызметі бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады;

14) құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар алады;

15) азаматтардың құқықтық тәрбиесiн ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;

16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Атырау облысының аумағында мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелерді шешу, дамудың негізгі бағыттары жөніндегі ұсыныстарды облыс әкімдігінің және әкімінің қарауына енгізеді;

2) белгiленген тәртiппен Басқарманың алдына қойылған міндеттерін орындаумен байланысты мәселелер жөніндегі ақпаратты сұратады және алады;

3) мемлекеттік органдарда, сотта Басқарманың мүддесін білдіреді;

4) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасайды;

5) Атырау облысының әкімдігі айқындайтын бюджеттік бағдарламалар және (немесе) тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті, соның ішінде тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшеліктері, жобалау-сметалық құжаттамасы, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасы, жұмысқа тартылған сарапшылар немесе сараптау комиссиясы туралы ақпаратты, сондай-ақ өзге де қосымша ақпаратты сұратады;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

 

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Басқарманың бірінші басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

2) Басқарма бөлімдері басшылары мен қызметкерлерінің міндеттерін, өкілеттіктерін белгілейді;

3) Басқармада сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

4) Басқарманың қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін ынталандыру, материалдық көмек көрсету, оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

6) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

7) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;

8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;

9) Басқарманың бірінші басшысы гендерлік саясат мәселелері жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және осы бағыттағы жұмысқа дербес жауап береді;

10) Басқармада белгіленген тәртіппен қаржы-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, Басқарманың бюджет қаражатының тиімді және мақсатты жұмсалуын бақылайды;

11) Басқарманың құзырына кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бағдарламалар жобаларының және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін

қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. Басқарманың мүлкі

23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні:: 09.01.2017 13:48
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.01.2017 13:48