Array «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.03.2017

Қызметтер

«Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы
«___»________________№______ қаулысына
2 - қосымша

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы
«___»___________________№________ қаулысымен бекітілген

«Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысының аумағында сәулет-қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі 77, 060010.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
12. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Басқарманың миссиясы: өңірдің сәулет-қала құрылысы саласының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, орнықты дамып келе жатқан облыс аумағы мен елді мекендер халқының толыққанды тіршілік ету ортасы мен тіршілік қызметін қалыптастыру.
15. Міндеттері:
1) облыс аумағында мемлекеттік сәулет-қала құрылысы саясатын жүргізу;
2) облыстың әкімшілік бірлігі аумағын қала құрылыстық игеру кезінде сәулет-қала құрылысы қызметі туралы заңнаманың, мемлекеттік нормативтердің және белгіленген тәртіппен бекітілген сәулет-қала құрылысы және өзге де жобалау құжаттамасы нормаларының сақталуын қамтамасыз ету;
3) бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларының іске асырылу нормаларының, қала құрылысы тәртібінің, құрылыс салудың аумақтық ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету;
4) облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобаларын келісу;
5) облыстық деңгейде мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген өкілеттіктер шегінде сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы өзге міндеттерді жүзеге асыру.
16. Функциялары:
1) қала құрылысы кадастрының, жер бөліп беру және құрылыстың кезекші-оралымды жоспарларының, жер асты коммуникациялары мен инженерлік-геологиялық тұжырымдар атластарының орналасуын тіркеу жоспарларының толықтырылуын қамтамасыз ету;
2) сәулет және қала құрылысы органдары қызметін жақсарту және нормативтік-әдістемелік базаны жетілдіру мәселелері жөнінде ұсыныстар дайындау;
3) белгіленген тәртіппен өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы тұрғын үй-азаматтық құрылысының аяқталған объектілерін қабылдауға қатысу;
4) Басқарма қызметкерлерінің жұмысында, олардың біліктіліктерін арттыруда тиісті кәсіби деңгейді қамтамасыз ету;
5) азаматтардың, ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындар мен бөлімдердің Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша арыздарын, шағымдарын уақтылы қарауды қамтамасыз ету;
6) ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін үйлестіру;
7) әкімдік жанындағы қала құрылысы кеңестері мен комиссияларының жұмысы мен қызметін ұйымдастыру;
8) аумақтарда қала құрылыстық жобалаудың (облысты немесе оның бөлігін аудандық жоспарлау жобасының) кешенді сызбасын, облыс аумағындағы елді мекендердің белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;
9) сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
10) халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қаланың бас жоспарының жобасын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыну үшін облыстық мәслихаттың қарауына әзірлеу;
11) облыс аумағының қала құрылысын дамытудың кешенді сызбаларының жобаларын (облыстың аудандық жоспарлау жобаларын), сондай-ақ облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыру және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметіне бекітуге ұсыну;
12) ведомстволық бағынысты, халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың және аудандардың аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді сызбаларын, сондай-ақ қалалық мәслихат мақұлдаған, облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларының жобаларын облыстық мәслихаттың бекітуі бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
13) құрылыс салудың аумақтық ережесін әзірлеу және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу;
14) құрылыс салудың аумақтық ережесін ұйымдастыру және облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
15) облыстық мәслихатқа Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қарамағындағы әкімшілік-аумақтық бөліністердің шекараларын белгілеу немесе өзгерту жөнінде қала құрылысынан туындайтын факторларға байланысты ұсыныстар әзірлеуді және тапсыруды ұйымдастыру;
16) облыстық маңызы бар қалалар бас жоспарларының жобаларына келісім беру;
17) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
18) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді сызбаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын (егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын, құрылыс жобаларын) әзірлеуді ұйымдастыру және іске асыру;
19) «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесін жүргізуді және толықтыруды қамтамасыз етеді;
20) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тіркеу тәртібі және мекенжайдың құрылымы туралы ережені әзірлеуді және әкімдікпен бекітуді ұйымдастырады;
21) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;
22) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және мәліметтер беру;
23) Қазақстан Республикасының өндіріс күштерін орналастыру сызбасына сәйкес облыстың аудандық жоспарлау сызбасын, облыс орталығының, әкімшілік аудандарды салудың бас жоспарларын, аудан орталықтарын, облыстық маңызы бар қаланы салудың бас жоспарларын әзірлейді және оларды облыстық мәслихаттың бекітуі бойынша жұмысты ұйымдастыру;
24) Басқармада гендерлік теңдікті нығайту жөніндегі тиісті іс-шараларды жүзеге асыру;
25) ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғалардың мүлкiнiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
26) сәулет және қала құрылысы саласындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді басқаруды жүзеге асырады;
27) жарғылық капиталында мемлекеттік қатысу үлесін иелену және пайдалану құқықтары өзіне берілген жағдайларда мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң тиiстi байқау кеңесiнiң құрамына өз өкiлiн тағайындайды, ал мемлекет қатысатын өзге де жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктерде байқау кеңестерiне кандидатураны жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысына бекiтуге ұсынады;
28) мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi жергілікті уәкілетті органның өкілін мемлекет қатысатын жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқау кеңесiнiң құрамына енгiзу үшiн қажеттi шараларды қамтамасыз етеді немесе қабылдайды;
29) мәлiметтердi, оның iшiнде, өзiнiң басқаруындағы мемлекеттiк заңды тұлғалардың және оларға қатысты мемлекеттiң қатысушы ретiнде басқаруға қатысу құқығын өзi жүзеге асыратын мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың атаулы тiзбесiн бұл мәлiметтердi мемлекеттiк мүлiктiң тiзiлiмiнде көрсету үшiн дайындау;
30) осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiмен белгіленген және облыс әкімдігі жүктеген өзге де функциялардың орындалуын жүзеге асырады.
17. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:
1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы, елді мекендер мен қалалар құрылысы ережелері, бекітілген қала құрылысы құжаттамасы, құрылыс нормалары мен ережелері бұзылып орындалған құрылысқа арналған жобалау құжаттамасына келісім бермеу;
2) бекітілген қала құрылысы жобаларына (аудандық жайғастырудың, қала маңы аймағының жобасына, қаланың бас жоспарына, елді мекендер бөліктерін егжей-тегжейлі жайғастыру және олардың құрылысы жобалары мен басқа да жобаларға) қайшы келетін құрылыс объектілерін алдын ала орналастыру және жер учаскелерін бөлу жөніндегі ұсыныстарға келісім бермеу;
3) білікті мамандарды қала құрылысы құжаттамасы жобаларының сараптамасына қатысуға, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдардың қала құрылысы саясаты жөніндегі ұсыныстары мен ұсынымдарын дайындауға тарту;
4) шетелдермен ғылыми-техникалық және экономикалық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысуға, өз құзыреті шегінде жәрдем көрсету;
5) тиісті кәсіпорындар мен Атырау қаласының, аудандар әкімдері аппараттарынан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат сұрату;
6) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерде ішкі қаржылық бақылауды жүргізу;
7) белгіленген тәртіппен Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша басқа атқарушы органдармен, меншіктің барлық нысандарындағы ұйымдармен, мекемелермен өзара іс-қимыл жасау;
8) жергілікті уәкілетті органға мемлекеттiк мүлiк жөнiнде шаруашылық жүргізу құқығында ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындарды (КМК) құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстарды енгізу;
9) заңнамада көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
1) Басқарманың қызметіне басшылық етеді және оған жүктелген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
3) Басқарманың атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың қызметкерлерін жұмысқа тағайындайды және жұмыстан босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және Басқарма жөніндегі актілерге қол қояды;
7) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
8) Басқармаға тиесілі мүлікті, қаржы қаражатын пайдалану және басқару құқығын иеленеді және қаржы тәртібінің сақталуы үшін дербес жауапкершілікте болады;
9) заңнамаға сәйкес оған Басқарма мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның директоры мен директорының орынбасарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
10) ведомстволық бағыныстағы кәсіпорынның штаттық кестесін және көтермелеу туралы ережені бекітеді;
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және өзге де ұйымдарында Басқарманың мүддесін білдіреді;
12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

«Атырау облыстық геотехникалық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 12:08
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2016 12:08