Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

«Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі Индер ауданы бойынша мәдениет және тілдерді дамыту саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары бар:

-«Индер аудандық мәдениет және тілдерді бөлімінің аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі.

3. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. 060200, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Н.Меңдіғалиев көшесі-30/8

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кәсіпкерлік субъектілерімен, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Мәдениет саласында сапалы және қолжетімді қызметтерді ұсыну. Мәдениет, өнер және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

Отандық мәдениет пен өнерді насихаттау, ұлттық өнерді және дарынды тұлғалардың қызметтерін дамыту.

Тілдерді қолдану мен дамыту бағытындағы және ауданның ономастика саласындағы жұмыстарын жетілдіру.

Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттауға жағдай жасау.

15. Міндеттері:

1) «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» және басқа да тіл саясатына қатысты нормативтік-құқықтық актілерді түсіндіру» және насихаттау, аудан көлемінде тіл саясатына қатысты нормативтік-құқықтық актілердің түсіндіру және насихаттау, аудан көлемінде тіл саясатын іске асыру;

2) Мәдени ағарту мекемелерінің мәдениет үйлері мен клубтардың, кітапханалардың жұмысына басшылық етеді, мәдени мекемелер мен ұйымдардың мәдени ағарту жұмыстары желісін кеңейту, дамыту;

3) Мәдениет мекемелерінің жұмысын дамыту, мемлекеттік жоспардың орындалуын, халыққа ақылы қызмет ету жоспарын ай, тоқсан сайын орындалуын қадағалау;

4) «Мәдениет туралы» Заңды басшылыққа алып, мәдени мекемелердің материалдық-техникалық базаларын жақсарту жұмыстарын ұйымдастыру;

5) Қазақтың ұлттық мәдениетінің қайта жаңғыруын, сақталуын, дамуын және таралуына қамқорлық жасау;

6) Қазақстан Республикасының зандарында көзделген жағдайларда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстараның (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлеміне бақылау жасау;

7) Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;

8) Коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға келісім береді;

9) Аудандағы кітапханалар жұмыстарының жүруін ұйымдастыру;

10) Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларының және облы әкімдігінің тіл туралы заңнамаларын меншік түріне қарамастан кәсіпорын, мекемелерде орындалуын зерделеу және бақылауды жүзеге асыру.

16. Функциялары:

1) Әрбір ұзақ мерзімді басым бағыттары бойынша «Қазақстан – 2050» стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын насихаттау және түсіндіру, семинар-кеңестер өткізеді;

2) Аймақтағы тіл саясатын жүзеге асыруды тоқсан сайын қорытындылайды;

3) Тіл саясатына қатысты ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер т.б. өткізеді;

4) Мәдениет қызметкерінің білімділігін, біліктілігі мен шығармашылығын дамытып, әр жыл сайын аттестациядан өткізіп отырады;

5) Аудандық шараларын өткізу және олар үшін қаржы бөлуді ұйымдастыру;

6) Тұрғындар арасында түрлі мәдени-көпшілік жұмыстар жүргізу арқылы, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына жағдай жасау;

7) Халық арасында ұлттық өнер мен салт-дәстүрді насихаттау, ақыл-ойы дамыған ұрпақты тәрбиелеуге қажетті әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып, мәдениет үйінің әлеуметтік-экономикалық статусын көтеру;

8) Тұрғындардың әртүрлі топтарының тілек-мүдделері мен рухани қажеттіліктерінің сұраныстарына байланысты жаңа мәдени қызметтерді ұйымдастыру жұмыстарының әдістері мен нормаларын екнгізу. Жас ұрпақты мәдени шараларға белсенді қатыстыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Аудандағы мемлекеттік тіл саясатын іске асыруды жүргізу туралы мемлекеттік органдардан, мекемелер, кәсіпорын мен ұйымдардан ақпарат сұрауға және алуға;

2) Аудан әкіміне мәдениет, тіл саласындағы қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге, бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша материалдар дайындауға;

3) Тиісті мәдениет мекемелері мен жауапты қызметкерлеріне, бөлім қызмет саласына қатысты тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысуға;

4) Бөлім құзырындағы мәселелер мен айналысатын мәдени мекемелерінің басшыларына әдістемелік, ақпараттық және басқада көмек көрсетуге;

5) Мемлекеттік органдардың, мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын жетілдіру туралы көрсетілген бағытта ұсыныс енгізуге;

6) Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының орындалуын бақылау жұмыстарын мемлекеттік және барлық меншік нысанындағы мекемелер мен кәсіпорындарды тексеру арқылы заңның орындалуын қадағалауға;

7) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1. Бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуын және оның жүзеге асуына жауап береді.

2. Бөлім қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін анықтайды;

3. Заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелеу шараларын алады;

4. Заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады, мекемеде сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында іс-қимыл және сыбайлас жемқорлық бойынша алынған шараларға тікелей жауапкершілікте болады;

5. Өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

6. Заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімді ұстауға бөлінген қаржыға билік етеді;

7. Заңнамамен және осы Ережемен белгіленген құзырет шегінде бөлім қызметі мәселелерін дербес шешеді;

8. Азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, арыз шағымдарды қарайды;

9. Өз құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер жөнінде шешімдер қабылдайды;

10. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

21. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

24. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

«Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк республикалық/коммуналдық меншiкке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Индер аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні:: 31.07.2017 00:40
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.07.2017 00:40