Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.06.2017

Қызметтер

«Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37 - баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 - бабына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

  2. Атырау облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы №39 «Атырау облысы әкімі аппараты туралы ережені бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Ж. Баспаевқа жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Н.Ноғаев

 

Атырау облысы әкімдігінің
2016 жылғы «__» __________
№ _____ қаулысына
қосымша

Атырау облысы әкімдігінің
2016 жылғы «__» __________
№ _____ қаулысымен
бекітілген

 

«Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

  1. «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Аппарат) мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  2. Аппараттың ведомствосы жоқ.

  3. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

  4. Аппарат мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

  5. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

  6. Аппарат егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

  7. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

  8. Аппарат құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

  9. Орналасқан жері: индекс 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.

  10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

  11. Осы ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.

  12. Аппараттың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.

  13. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппарат функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Аппараттың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары

  1. Аппараттың-- миссиясы: облыс әкiмінiң және әкімдігінің қызметiн қамтамасыз ету.

  2. Міндеттері:

1) облыс әкімі мен әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Аппаратқа жүктелген өзге де міндеттерді орындау.

  1. Функциялары:

1) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 29, 38-баптарына және «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгі регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі №546 қаулысына сәйкес:

тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзудi ұйымдастырады;

тиiстi мәслихатқа «Облыстың (қаланың) құрметтi азаматы» атағын беруге ұсыныс енгiзудi ұйымдастырады;

аудандық және қалалық әкiмдiктер мен әкiмдер жұмысын үйлестiреді;

аудандардың және Атырау қаласының әкiмдерi арқылы жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылды ұйымдастырады;

облыстың басқару схемасын облыстық мәслихаттың бекiтуiне енгiзудi ұйымдастырады;

Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштер туралы, әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

қалалық, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимитiн  белгiлеудi және оны Атырау қаласының және аудандардың әкiмдiктеріне жеткiзудi ұйымдастырады;

«Облыстың құрметтi азаматы» атағын беру ережелерiнiң жобасын әзiрлеудi және оны мәслихаттың бекiтуiне ұсынуды ұйымдастырады;

терроризмге қарсы комиссиялар арқылы облыстың аумағында терроризм профилактикасы, сондай-ақ терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады;

әлеуметтiк сипаттағы төтенше жағдайлардың профилактикасына, сондай-ақ облыс аумағында олардың зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады;

ұлттық қауiпсiздiк органдарымен және iшкi iстер органдарымен келiсу бойынша облыстың тиiстi аумағында орналасқан террористiк тұрғыдан осал объектiлердiң тiзбесiн әзiрлеудi және бекiтудi ұйымдастырады;

әкiмдік іс қағаздарын жүргiзу және әкімдікке түсетiн хат-хабарларды өңдеу;

облыс әкімдігі қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын сараптамадан өткізу;

облыс әкімдігі мүшелерінің, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының ұсынысы бойынша облыс әкімдігі мәжілістерінде қарау үшін материалдар дайындауды, күн тәртібін жасауды, тоқсан сайынғы мәселелер тізбесін дайындауды ұйымдастыру;

сот органдарында облыс әкімі мен Аппараттың мүдделерін білдіру және қорғау;

бұқаралық ақпарат құралдарында облыс әкімінің және әкімдігінің қызметін жариялау;

облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылық профилатикасы, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері жөніндегі отбасылық-демографиялық саясат, мемлекеттік наградалар жөніндегі, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар басшыларының бос тұрған әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеу комиссияларының қызметін қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 14-бабына сәйкес ішкі бақылауды, Мемлекет Басшысының, Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Премьер-Министрінің Кеңсесі басшыларының актілерінің, тапсырмаларының, облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және Аппарат басшысының тапсырмаларының орындалу мерзімдеріне бақылауды жүзеге асыру;

3) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметін үйлестіреді, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету сапасын арттыру мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді;

4) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар» туралы Заңының 10-бабына сәйкес құпия іс жүргізуін, арнайы байланыс, хат-хабарларды өңдеу, құпиялық режимін қамтамасыз ету;

5) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңының 7, 13-баптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және Аппарат басшысының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауын ұйымдастыру;

6) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 15, 17, 177-баптарына сәйкес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге қатысты мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыру;

7) Қазақстан Республикасының «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Заңының 8, 10-баптарына сәйкес Аппаратта гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті шараларды жүзеге асырады;

8) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңының 14-бабына сәйкес Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ұйымдастыру;

9) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 15-бабына сәйкес ішкі аудитті жүзеге асырады;

10) оған заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, облыстың жергілікті атқарушы органдарынан және орталық атқарушы

органдардың аумақтық бөлімшелерінен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

2) барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан белгіленген шектерде қажетті ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдарды, облыс әкімі мен әкімдігінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратуға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да құқықтарды іске асыруға құқылы.

 

3. Аппараттың қызметін ұйымдастыру

18. Аппараттың басшылығын Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Аппарат басшы жүзеге асырады.

19. Аппараттың басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Аппарат басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. Аппарат басшысының өкілеттігі:

1) Аппаратқа жүктелген мақсаттарды iске асыруды ұйымдастырады;

2) өз құзыретi шегiнде Аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастырады, үйлестiредi және бақылайды;

3) Аппараттың құрылымы мен штат кестесiн, оның құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;

4) аппараттағы «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiн мемлекеттiк лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттiк лауазымдардан босатады;

5) Аппараттың тәртiптiк және конкурстық комиссияларының қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

6) қызметтiк тәртiптiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

7) еңбек қатынастары мәселелерi жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған жұмыскерлердi қоспағанда, Аппараттың мемлекеттiк қызметшiлерiн iссапарға жiберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгiлеу мәселелерiн шешедi;

8) еңбек қатынастары мәселелерi жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретiне жатқызылған жұмыскерлердi қоспағанда, Аппараттың мемлекеттiк қызметшiлерiнiң тәртiптiк жауаптылығы мәселелерiн шешедi;

9) өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етедi;

10) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдары қабылдаған шешiмдердiң орындалу барысын бақылайды;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Аппараттың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Аппараттың басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. Аппараттың мүлкі

23. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. Аппаратқа бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе Аппарат өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату

26. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Аппараттың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

«Атырау облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

 

Аппараттың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі

  1. «Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  2. «Атырау облысы әкімі аппараты жұмылдыру дайындығын қаматамсыз ету және аумақтық қорғаныс бригадасын басқару қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  3. «Атырау облысы әкімі аппаратының «Ахуалдық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

  4. «Атырау облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


Мақаланың шыққан күні:: 13.04.2017 18:02
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 13.04.2017 18:02