Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

«Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы Ережесі

1.«Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органдар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2.«Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық мекемелері жоқ.

3«Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.«Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Бөдене ауылдық округінің әкімі азаматтық- құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бөдене ауылдық округінің әкімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса мемлекеттің атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7.«Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада берілген тәртіппен Бөдене ауылдық округі әкімінің өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8.«Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудандық әкімдік қаулысымен бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 060201, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Бөдене ауылы, М.Мөңкеұлы көшесі, №2 үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12.«Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13.«Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субьектілерімен «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

Егер «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері .

14. «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

1) «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің негізгі мақсаты тиісті әкімшілік - аумақтық бөлініс аумағында мемлекеттік

саясатты іске асырып, округтің әлеуметтік – экономикалық дамуын қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің, облыс, аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, тапсырмаларының және облыс, аудан әкімиятының қаулыларының, тапсырмаларын орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

3) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру;

4) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру;

5) Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг және бағалау болып табылады.

15. Міндеттері:

1) Ауылдық округ әкімінің аппараты мамандары аппарат жұмысын ұйымдастырады және өздеріне тапсырылған міндеттерді атқарады. Аппаратқа жүктелген жұмыстардың орындалуына, өз міндеттерін жүзеге асыруға жауап береді;

2) Ауылдық округ әкімінің аппараты мүддесін мемлекеттік органдар, басқа ұйымдар мен мекемелерде білдіреді;

3) Ауылдық округ әкімінің аппаратына жүктелген функцияларды орындау үшін комиссиялар құрылады;

4) Ауылдық округ әкімінің аппараты мамандары осы ереже негізінде жұмыс жасайды;

5) Осы ережеден туындайтын мәселелерді қарау тәртібі мен оларды әзірлеу округ әкімі тапсырмасымен реттеледі;

6) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес әкімге жүктелген басқа да міндеттерді орындайды;

7)Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік

мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

8) Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар және Қазақстан

Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

9) Республикалық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын

айқындайды;

10) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық

мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

11) Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және

оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;

12) Республикалық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

13) Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық заңды

тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

14) Республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған

енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

15) Республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

16) Республикалық мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен

қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

17) Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан

Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16.Функциялары:

Ауылдық округі әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:

1) Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында аудандық әкімдіктің лауазымды адамы болып табылады және мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда оның атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етедi;

2) Азаматтардың өтiнiштерiн, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қолданады;

3) Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;

4) Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік

бағдарламаларды әзірлеп, аудандық мәслихаттың бекітуі үшін аудан әкімдігінің қарауына енгізеді;

5) Азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын орындауына жәрдемдеседi;

6) Өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асырады;

7) Ауылдық округтiң мемлекеттiк тұрғын үй қорының сақталуын, автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөнделуiн және күтiп ұсталуын қамтамасыз етедi;

8) Шаруа (фермер) қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдеседi;

9) Өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;

10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен нотариаттық iс-қимылдар жасауды, азаматтық хал актiлерiн тiркеудi ұйымдастырады;

11) Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

12) Табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

13) Жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседi;

14) Қоғамдық көлiк қозғалысын ұйымдастырады;

15) Шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда ауруларды дәрігерлік көмек көрсететін таяу жердегі денсаулық сақтау ұйымына дейін жеткізуді ұйымдастырады;

16) Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды.

17) Шаруашылықтар бойынша статистикалық есепке алуды жүзеге асырады;

18) Жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде, аудандық мәслихат сессияларының жұмысына қатысады;

19) Мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет, спорт мекемелерінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне қолдау көрсетеді;

20) Өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi, көлік-транспорт инфрақұрылымдарын пайдалануды ұйымдастырады;

21) Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

22) Туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

23) Мал дәрігерлік қызмет көрсетуді, мал басын бірдейлендіруді, оның дерекқорын жасақтауды іске асырады, азаматтарға қосалқы шаруашылығы туралы және ветеринариялық анықтама береді;

24) Округте гендерлік теңдік стратегиясын дамытуға бағытталған жұмыстарды жетілдіру және гендерлік аспектілерді дамыту;

25) Ауылдық округ әкімінің құзыреттеріне аудан орталығымен көлік қатынасын ұйымдастыру және оқушыларды мектепке тегін апару жөнінде аудандық атқарушы органға ұсыныстар енгізу;

26) Ауылдық округ әкімінің құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелерді шешу жатқызылуы мүмкін.

27) Ауылдық округ әкiмi өзiнiң құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн жоғары тұрған әкiмнiң, аудандық мәслихатының алдында жауап бередi.

Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35 бабы

17.Құқықтары мен міндеттері:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;

2) Мемлекеттік жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметті анықтау немесе алып тастау, мемлекеттік қызметтің атауын өзгерту мәніне заңнамаға мониторинг жасау;

3) Мемлекеттік жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер немесе толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруды және оңтайландыруды қамтамасыз ету;

5) Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жергілікті атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аудару бойынша ұсыныстар әзірлеу;

6) Жергілікті атқарушы органның құзіретіне кіретін мемлекеттік қызметтің сапасына ішкі бақылау жүргізу;

7) Қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бөдене ауылдық округі әкімі аппарат қызметкерлерін жұмысқа қабылдап, жұмыстан босату және мекемеде еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;

10) Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыруға және осы бағыттағы жіберілген кемшіліктері үшін округ әкімі тікелей жауапты болып табылады;

11) Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес өзара іс-қимыл жасайды.

3. «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

18. «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты Индер ауданы әкімінен жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын округ әкімі жүзеге асырады.

19. Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 36 бабына сәйкес ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген тәртіпте қызметке

тағайындалады немесе сайланады және аудан әкімімен қызметтен босатылады.

20. Бөдене ауылдық округі әкімінің орынбасары болмайды.

21. Бөдене ауылдық округі әкімінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының

« Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына сәйкес атқарылады.

1) Бөдене ауылдық округі әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бөдене ауылдық округі әкімі орынбасарының өкiлеттiктерi қарастырылмаған.

23. «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын округ әкімі басқарады.

4. «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

24. «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік ( ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тиым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25 «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада көзделмесе «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 15 бабына сәйкес Бөдене ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі:

1) тиісті саладағы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;

2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландыратын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

3) коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындайды;

4) қаржы бөліміне коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

5) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, осы Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;

6) коммуналдық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

7) тиісті саладағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;

8) қаржы бөліміне коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

9) коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асырады;

10) коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

11) коммуналдық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

12) коммуналдық мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

13) қаржы бөлімімен келісім бойынша коммуналдық заңды тұлғаны қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;

14) осы Ереже, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ереженің осы бөлімі Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 15 бабына сәйкес жасақталды.

5. «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату.

27. «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бөдене ауылдық округінің әкімі: О.Хихимов.


Мақаланың шыққан күні:: 31.07.2017 07:23
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.07.2017 07:23