Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.11.2017

Қызметтер

Тілдер туралы заңнаманы және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы ереже

Атырау облысы

әкімиятының

2006 жылғы «5» сәуір

№ 103 қаулысына

қосымша

 

 

Тілдер туралы заңнаманы және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының

орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы ереже

 

1. Жалпы ережелер

1. Тілдер туралы заңнаманы және тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 “Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы” Заңының, облыстық мәслихаттың 2005 жылғы 11 ақпандағы № 188-ІІІ “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы” шешімінің, облыс әкімиятының 2005 жылғы 12 мамырдағы № 164 “Көрнекі ақпараттар мен жарнама құралдарын ретке келтіру, үйлестіру және бақылау жөніндегі шаралар туралы” қаулысының және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің, аудандық және Атырау қалалық әкімияттардың тілдер туралы өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру мақсатында құрылған консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Кеңес облыс әкімияты жанынан құрылады. Кеңес құрамын облыс әкімінің ұсынуы бойынша облыстық мәслихат бекітеді.

3. Кеңестің құрамын төраға, төрағаның орынбасары, кеңестіњ мүшелері жєне кеңестің жауапты хатшысы құрайды.

4. Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 

2. Кеңестің негізгі функциялары

5. Кеңестің негізгі функциялары:

1) мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың, меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының 1997 жылѓы 11 шілдедегі № 151 “Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы” Заңын, Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнама саласындағы басқада нормативтік құқықтық кесімдерді орындау жөніндегі қызметін үйлестіру;

2) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің, аудандық және Атырау қалалық әкімияттарының Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасын және тілдер туралы өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

3) тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

4) мемлекеттік тілді қолдану тәжірибесін талдап, қорыту, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

5) орыс тілінің жалпы мєдени функциясын сақтауға, облыстық этникалық топтарының тілдерін дамытуға жәрдемдесу;

6) Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамасымен белгіленген талаптардың бұзылуын жою жөнінде ұсыныстар енгізу, тиісті органдарға Қазақстан Республикасының тілдер туралы зањнамасының бұзылуына кінәлі лауазымды адамдарға шара қолдану туралы ұсыныс енгізу;

7) мемлекеттік жєне басқа да тілдерді дамытуға бағытталған өңірлік маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асыру;

8) көрнекі ақпараттар мен жарнама құралдарын ретке келтіру, үйлестіру және бақылау жөніндегі алынған шараларды бақылау жасау болып табылады.

 

3. Кеңестің қызметін ұйымдастыру

6. Кеңес өз мәжілістерін қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізеді. Кеңес мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда мәжіліс құқылы деп танылады.

7. Кеңес жұмысына төраға басшылық етеді.

8. Кеңес мәжілісінің күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша шешім ашық дауыспен қабылданады және оған Кеңес мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі жақтап дауыс берсе, ол қабылданған болып саналады.

9. Кеңестің шешімдері оның жұмыс органы дайындайтын хаттамамен ресімделеді, оған Кеңес төрағасы қол қояды және барлық мүдделі заңды және жеке тұлғаларға жолданады.

 


Мақаланың шыққан күні:: 03.08.2017 06:16
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.08.2017 06:16