Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.07.2017

Қызметтер

Ереже

Қазақстан Республикасы

                                                                                                                           Президентінің

                                                                                                               2012 жылғы 29 қазандағы

                                                                                                                    № 410 Жарлығымен

                                                                                                                            БЕКІТІЛГЕН

Атырау облысы Махамбет ауданы әкімі аппараты туралы  

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Махамбет ауданы әкімі аппараты жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару саласында  басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Махамбет ауданы әкімі аппаратының мынадай ведомстволары бар:

1)Ұйымдастыру, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар бөлімі;

2) Мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімі;

3) Жалпы және қаржылық - шаруашылық бөлімі;

4) Кадр қызметі және персоналды басқару бөлімі;

3.Махамбет ауданы әкімі аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4.Махамбет ауданы әкімі аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Махамбет ауданы әкімі аппараты  азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Махамбет ауданы әкімі аппаратына егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Махамбет ауданы әкімі аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен ауданы әкімінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Махамбет ауданы әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Махамбет ауданы әкімі аппаратының заңды мекен - жайы: (индексі 060700) Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосы, Абай көшесі № 16.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Атырау облысы Махамбет ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Махамбет ауданы әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

12.Махамбет ауданы әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

13. Махамбет ауданы әкімі аппараты кәсіпкерлік субъектілерімен аудан әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер аудан әкімі аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Махамбет ауданы әкімі аппаратының миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

2.1.Махамбет ауданы әкімі аппаратының миссиясы:

         1.Аудан әкімі мен әкімдігінің қызметін сапалы және уақытылы қамтамасыз ету;

2.Ақпараттық қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

         3.Аудан әкімдігінің және әкімінің актілерін әзірлеу және орындалуын ұйымдастыруға қатысты атқару органдарының қызметін үйлестіру, жоғары тұрған органдар актілерінің орындалуын ұйымдастыру, тиісті атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету.

2.2. Махамбет ауданы әкімі аппаратының міндеттері:

1.Аудан әкімі мен әкімдігінің  қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық, материалдық-техникалық, құжаттамалық және өзге де қамтамасыз ету;

2.Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;

3.Облыс әкімі аппаратымен, аудандық мәслихатпен, құқық қорғау органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;

4.Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес аппаратқа жүктелген өзге де міндеттерді орындау болып табылады;

1.Махамбет аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, жұмылдыру дайындығы және төтенше жағдайлар бөлімінің  функциялары:

1.Облыс әкімдігі  қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімінің, оның орынбасарларының және облыс әкімі аппараты басшысының тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бақылау, осы мәселе бойынша басшылықты хабардар ету;

2.Қазақстан Республикасының «Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы» Заңына сәйкес міндетті функцияларды іске асырады;

3.Аудан әкімі мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және іс жүргізу;

4.Өз құзыреті шегінде аудан әкімі аппаратының регламентін сақтауды қамтамасыз ету;

5.Аудан әкімі аппаратының іс жүргізуін ұйымдастыру және жүргізу, соның ішінде құпия, арнайы байланыс, хат-хабарларды өңдеу, нормативтік құқықтық кесімдер талаптарына сәйкес құпиялық режимін қамтамасыз ету;

6. Аудан әкімінің лездемесін, кеңейтілген аппарат мәжілістерінің, қызметтік құжаттарын қарау;

7.Аудан әкімдігі мүшелерінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының ұсынысы бойынша аудан әкімдігі мәжілістерінде қарау үшін материалдар дайындауды, күн тәртібін жасауды, тоқсан сайынғы мәселелер тізбесін дайындауды ұйымдастыру;

8.Аудан әкімі және оның орынбасарлары үшін өңірлер мен тұтас алғанда ауданның жай-күйін және әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын материалдар дайындау;

9.Бұқаралық ақпарат құралдарында аудан әкімінің және әкімдігінің қызметін жариялау;

10.Барлық деңгейдегі атқарушы органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

11.Облыстық веб сайтқа материалдарды сапалы және уақытылы енгізілуін жүзеге асырады;

12.Аудан әкімі қатысатын жиналыстар мен салтанатты мәжілістердің дұрыс сапалы өтуін қамтамасыз етеді;

13.Уәкілетті органдар мен селолық округі әкімі аппараты тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету;

14.Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі, Парламенті, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар жүргізетін мемлекеттік саясатты және оның іске асыру жөніндегі тәжірибелік шараларды түсіндіру және насихаттау;

15.Қоғамдық пікірді зерделеу;

16.Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқару органының функциясын жүзеге асыру;

17.Оған заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

          18.

2.Махамбет ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімінің функциялары:

  1. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі кесімдерінің, облыс, аудан әкімдері шешімдерінің, өкімдерінің, тапсырмаларының және облыстық, аудандық әкімдік қаулыларының орындалуын ұйымдастыру мен қамтамасыз ету;

2.Аудандық әкімдігі мен аудан әкімінің кесімдерін дайындау және орындау процесінде мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

3.Сот органдарында аудан әкімі мен әкім аппаратының мүдделерін білдіру және қорғау;

4.Құқық қорғау органдарымен жұмысты қамтамасыз ету;

5.Азаматтардың құқықтары, бостандықтары және олардың міндеттері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің Қазақстан Республикасының әділет басқармаларында тіркелуін қамтамасыз ету;

6.ҚР-ның «Қазақстан республикасының алқа билері туралы» Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдарының алқа биге үміткерлердің тізімін қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету;

7.Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын бақылауда ұстайды;

8.Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық тәртібін, заңдылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштері қызметін ұйымдастыру мәселелерінде аудан әкімінің құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

9.Құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық тәртібін, заңдылық пен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы қорғанысы мен Қарулы Күштер қызметін ұйымдастыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметі мен Премьер-Министрінің кесімдері мен тапсырмаларын, облыс әкімдігі қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау жөніндегі қызметін үйлестіру және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

10.Аудан әкімдігі жанындағы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі, нашақорлыққа және есіртікі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі, отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі, мемлекеттік наградалар жөніндегі, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар басшыларын аттестаттау жөніндегі аудандық комиссияларының қызметін қамтамасыз ету;

11.Аудан әкімдігі қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын құқықтық сараптамадан өткізуді жүзеге асыру, аудан әкімі мен аудандық әкімдіктің  нормативтік-құқықтық кесімдерінің жобаларын әзірлеуге және сараптауға қатысу;

12.Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету;

13.Ауылдық округ әкімі аппараттарының нотариалдық іс - әрекеттерін қамтамасыз ету;

3.Махамбет ауданы әкімі аппаратының жалпы және қаржылық-шаруашылық бөлімінің функциялары:

1.Іс жүргізеді, құжаттардың өтуін бақылайды, аудан әкімі мен әкімияттың кесімдерін тіркейді, есебін жүргізеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді;

2.Аудан әкімияты мәжілістерін дайындауға және өткізуге қатысады, оларды хаттамалау жүргізуді қамтамасыз етеді, қабылданған қаулыларды, шешімдер мен өкімдерді шығаруды және орындаушыларға жедел жеткізуді ұйымдастырады;

3.Қызметтік құжаттардың, басшылық тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады, аудан әкімі аппаратындағы атқарушы тәртіптің жай-күйін талдайды;

4.Азаматтардың өтініштерін тіркейді, олардың уақытылы қаралуын бақылауды жүзеге асырады;

5.Аудан басшылығымен азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады;

6.Аудан әкімі аппаратының істер номенклатурасын жасақтайды;

7.Аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінен іс жүргізілуі аяқталған құжаттарды сақтауға қабылдайды, мұрағаттық құжаттардың уақытша сақталуын және олардың кейіннен мемлекеттік мұрағатқа берілуін қамтамасыз етеді;

8.Құжаттардың басылуын, көбейтілуін, таратылуын, орындаушыларға құжаттардың жедел жеткізілуін қамтамасыз етеді;

9.Аудан әкімі аппаратының бланкілік өнімін, конверттердің тапсырысын және есебін қамтамасыз етеді;

10.Іс жүргізу мәселесінде селолық округтер әкімдерінің аппараттарына, аудандық дербес бөлімдерге практикалық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

11.Іс жүргізуді жетілдіруді қамтамасыз етеді, басшылыққа құжаттама айналымын төмендету жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;

12.Барлық техникалық-шаруашылық бағытындағы қызметкерлердің жұмысына бақылау мен басшылық жасап, күнделікті жұмыстарын ұйымдастырады;

13.Мекеменің шаруашылық инвентарінің сақталуына, оны қайта қалпына келтіруіне және толықтырылуын, сондай-ақ ғимаратта және тиісті территориясында тазалығының сақталуын қамтамасыз ету;

14.Түсіп жатқан қаржылардың, тауарлы материалдық құндылықтардың, негізгі құрал – жабдықтардың толық есебін жүргізуді және олардың қоғалуына байланысты операцияларды уақытылы есепке кіргізуді, мемлекеттік бюджетке кіретін төлемдерді, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жарнамаларын дұрыс есептеп, оларды уақытылы аударуды, еңбекақы қорын дұрыс және уақытылы аударуды, лауазымдық жалақыларын дұрыс белгілеуді, штаттық қаржылық және кассалық тәртіпті қатаң сақтауды, белгіленген мерзімдерде дебиторлық және кредиторлық қарыздарды қайтару мен төлеуді, есеп құжаттарының сақталуын белгіленген тәртіппен мұрағатқа өткізуді қамтамасыз ету; 

4.Махамбет ауданы әкімі аппаратының кадр қызметі және персоналды басқару бөлімінің функциялары:

1.Мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңнамасын орындауы жөнiндегi қызметiн үйлестiру;

2.Тәртiптiк, аттестаттау, конкурстық және кадр мәселелерi жөнiндегi өзге де комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру;

3.Аттестаттауды және конкурстық iрiктеудi жүргiзу, мемлекеттiк қызметшiлердi қызмет бойынша жоғарылату, мемлекеттiк қызметшiлердi тәртiптiк жауаптылыққа тарту, мемлекеттiк қызметшiлердi қызметiнен босату рәсiмдерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

4.Кадрларды iрiктеудi ұйымдастырады, мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк қызметтi өткеруiне байланысты құжаттарды ресiмдеу;

5.Мемлекеттiк қызметте болуына байланысты шектеулердiң сақталуын қамтамасыз ету;

6.Мемлекеттiк қызметшiлердiң тағылымдамасын, тәлiмгерлiгiн, қызметiн бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады, мемлекеттiк қызметшiлердi көтермелеу түрлерiн және оларды қолдану тәртiбiн әзiрлеу;

7. Мемлекеттiк қызметшiлердiң дербес деректерiн, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелерi туралы мәлiметтердi есепке алуды жүзеге асыру;

8.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру;

9.Аудан әкімі тағайындайтын және онымен келісілетін лауазымдар тізбегіне кіретін кадрларды есептеу, олардың жай-күйі мен қозғалысын талдау;

10.Осы санаттағы кадрларды оқыту мен қайта даярлауды, оның ішінде шет елдерде ұйымдастыру;

11.Аудан әкімі тағайындайтын және онымен келісілетін лауазымдар тізбесіне кіретін кадр құрамын зерделеу, ол бойынша ұсыныстар даярлап, енгізу және олардың кадр резервін қалыптастыру, сондай-ақ оларды оқыту;

12.

2.4.Махамбет ауданы әкімі аппаратының құқықтары мен міндеттері:

1.Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, ауданның жергілікті атқарушы органдарынан және орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінен, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

2.Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан белгіленген шектерде қажетті ақпаратты, құжаттарды, өзге де материалдарды аудан әкімі мен әкімдігі құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түсініктемелер сұратуға;

3.Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі кесімдерінің, облыс, аудан әкімдері шешімдері мен өкімдерінің, облыс, аудан әкімдіктері қаулыларының орындалуы мен іс жүргізу талаптарының сақталуына, соның ішінде жергілікті мемлекеттік басқару органдарында, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерде құпиялық режимін қамтамасыз ету және құпия іс жүргізу, қорғаныс құралдарын пайдалану жөнінде тексерулер ұйымдастыруға және жүргізуге;

4.Аппарат қарауына жатқызылатын мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, ұйымдармен қызметтік, соның ішінде құпия хат алмасуды жүргізу;

5.Аудан әкіміне аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, сонымен бірге, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге;

6.Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауданның жергілікті атқарушы органдары қызметкерлерін, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің өкілдерін аудан әкімі мен әкімдігі құзыретіне жатқызылған мәселелерді дайындауға және шешуге тартуға;

7.Аудан әкімінің, оның орынбасарларының шешімін талап етпейтін хат-хабарларды аудандық бюджеттен тиісті атқарушы органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға жолдауға және қайтаруға;

8.Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының  Қазақстан  Республикасының  заңнама  нормаларын  бұзу,  аудандық  әкімдіктің,  аудан  әкімі  мен  оның  орынбасарларының  тапсырмаларын  орындамағаны  немесе  тиісінше  орындамағаны  үшін  жауапкершіліктері  туралы  ұсыныс  енгізуге;

9.Қазақстан  Республикасының   заңнамасында   көзделген  басқа  да   құқықтарды іске    асыруға    құқылы.

3. Махамбет ауданы әкімі аппаратының  қызметін ұйымдастыру

1.Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшылығын аудан әкімі аппаратына жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

2. Аудан әкімі аппаратының бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

3.Аудан әкімі аппаратының бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын заңдылыққа сәйкес міндетін атқарушы ішкі бөлім бастықтары болады.

4.Аудан әкімі аппаратының бірінші басшысының өкілеттігі:

- Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бөлімдерден, қызмет көрсету орындарынан, ведомстволардан қажетті ақпаратты алу, сондай-ақ орындауға міндетті түрде өз құзырындағы тапсырмаларды беруге;

- Кәсіпорындардан, мекемелерден қажетті ақпараттарды, құжаттарды және басқа да әкімнің құзырындағы мәселелер бойынша материалдарды ауызша, жазбаша түрде түсініктемелерді сұратып отыруға;

-Аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің, тапсырмаларының орындалуына тексеру жүргізуге, оны орындауда жіберген қателердің себебін жағдайын анықтауға оларды жоюға шаралар қолдану;

- Мемлекеттік, мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен аудан әкімі аппаратының жүргізетін мәселелері бойынша қызметтік хат-хабарлар жасасу;

- Аудан әкімі аппаратының, комиеттер мен басқармалардың, ауданның басқа да қызмет көрсету орындарының отырыстары мен кеңестеріне қатысуға;

-Ауданның құрылымдық бөлімше бастықтарын тәртіптік жауапкершілікке шақырту жөнінде аудан әкіміне ұсыныс жасауға.

5.Аудан әкімі аппаратының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

6.Бірінші басшы өзінің бөлім басшыларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

7.Аудан әкімі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аудан әкімі аппаратының басшысы басқарады.

                  

4. Махамбет ауданы әкімі аппаратының  мүлкi

1.Махамбет ауданы әкімі аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін.

2.Аудан әкімі аппаратының мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

3.Аудан әкімі аппаратымен бекiтiлген мүлiк республикалық/коммуналдық меншiкке жатады.

         3.4. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, аудан әкімі аппараты, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Махамбет ауданы әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру

және тарату

1.Махамбет ауданы әкімі аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Махамбет ауданы әкімі аппараты  және оның ведомстволарының қарамағында ұйымдар, аумақтық органдар, филиалдар және мекемелер жоқ.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 11:46
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 20.06.2016 11:46