Array Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Атырау облысы мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.03.2017

Қызметтер

Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Атырау облысы мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

Атырау облысы әкімдігінің
« ___ « ________2013ж.
№___ қаулысына қосымша

Атырау облысы әкімдігінің
«___ «________2013ж.
№___ қаулысымен
бекітілген

Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама
басқармасының «Атырау облысы мемлекеттік мұрағаты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Атырау облысы мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мұрағат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асырады, мемлекеттегі құжаттар материалының бас қоймасының функциясын орындайды функцияларын жүзеге асыру үшін мекеме ұйымдық құқықтық нысанында құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес мекеме болып табылады.
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық.
3. Мұрағаттың құрылтайшысы Атырау облысы әкімідігі болып табылады.
4. Тиісті саланың коммуналдық мемлекеттік мекеменің уәкілетті органы «Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы» (бұдан әрі - Басқарма), сондай-ақ, оған байланысты Мұрағаттың мүлкіне қатысты құқық субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган «Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
5. Мұрағаттың атауы: «Атырау облысы Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Атырау облысы мемлекеттік мұрағаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
7. Мұрағаттың тұрған жері: 060005, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Ж.Досмұхамбетов көшесі, 21.

2. Мұрағаттың заңдық мәртебесі

7. Мұрағат ол мемлекеттік тіркелген кезден бастап құрылды деп есептеліп, заңды тұлғаның құқықтарына ие болады.
8. Мұрағаттың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банкте шоттары, бланкілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және атауы жазылған мөрі болады.
9. Мұрағат басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
10. Мұрағат өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiнің кепілдігіндегі ақшамен жауап бередi. Мұрағатта ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкімшілік-аумақтық бірлік тиісті бюджет қаражатымен субсидиарлық жауапты болады.
11. Мұрағаттың азаматтық-құқықтық мәмілелері, олардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде тіркелгеннен кейін, күшіне енеді.

3. Мұрағат қызметінің мәні мен мақсаттары

12. Мұрағат қызметінің мәні облыстағы мұрағат қызметінің әрекетін қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының облыс аумағындағы мұрағат қорын басқарады және оның жағдайы мен дамуының жауапкершілігін атқару болып табылады.
13. Мұрағат қызметінің мақсаты облыстың халқы мен ұйымдарына мұрағат ісі мен құжаттамалық қамтамасыз ету саласында сапалы және қолжетімді қызмет болып табылады.
14. Мұрағат мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) облыстық мұрағат қорларын құрастыру;
2) құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
3) сақтандыру қорын, өте құнды іс көшірмесін жасақтау және пайдалану қорын құру:
4) облыста ортақтандырылған мемлекеттік құжаттар есебін жүзеге асыру;
5)мұрағаттың құжаттарына мемлекеттік сараптама жүргізуді ұйымдастыру;
6) меншік түріне қарамастан заңды және жеке тұлғалардың жеке қор құжаттарымен мұрағатты жасақтау бойынша жұмыстар жүргізу;
7) облыстық мұрағат қорындағы құжаттарды жариялауға қатынасып және жан-жақты пайдалануды ұйымдастыру;
8) облыстық мұрағат қорындағы ғылыми-анықтамалық аппаратын дамыту және жетілдіру;
9) ведомстволық мұрағаттар және құжаттар жағдайына ұйымдастыру-әдістемелік басшылығын жүзеге асыру;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын сақтауды ұйымдастыру, Облыстық мемлекеттік мұрағат қорындағы құжаттарды жасақтауды белгіленген тәртіп бойынша сақтау, мұрағат қорын толықтыру, мемлекеттік емес ұйым құрылымдарында және азаматтар меншігіндегі тарих және мәдениеттің деректі естеліктерін толықтыру;
11) өзінің қызметіне орай ғылыми-техникалық саясатын жүзеге асыруға қатысу, мемлекеттік органдарға өзінің қызмет бабында мәселе бойынша ғылыми- техникалық көмек көрсету;
12) облыстағы мұрағаттық мекемелер, ведомстволық мұрағаттар және құжаттаманы басқару қызметіне жұмыстың алдыңғы озық тәжірибелерін үйрету және тарату мұрағат істері бойынша көрме ұйымдастыру және өткізу;
13) «Мұрағаттық анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес жұмыстар жүргізу.
14) құпия іс жүргізу құжаттарын ұйымдастырады және мекемелердің құпия мұрағаттарының жұмысы, мекемелердің құпия құжаттарының құндылығын сараптау, мемлекеттік мұрағаттарды жиынтықтау саласындағы әдістемелік мәселелерді ұйымдастырады;
15) мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыруда және істер номенклатурасын әзірлеуде тәжірибелік көмек көрсетеді.
Мұрағатпен ережеде бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмілелер жасауға тыйым салынады.
15. Мұрағаттың қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәміле, Қазақстан Республикасының шектеулі заңдарында немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасалған мәміле Басқарма немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
16. Мұрағат басшысының коммуналдық мемлекеттік мекемемен жарғылық емес қызметті жүзеге асыруға бағытталған әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауапкершілікке әкеледі.

4. Мұрағатты басқару

17. Мұрағатты жалпы басқаруды Басқарма жүзеге асырады.
18. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ретпен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мұрағаттың жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
2) мұрағаттың мүлкінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
3) мұрағаттың басқару органдарының құрылымын, құрылуы тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін анықтайды;
4) мұрағат басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны лауазымынан босату негіздерін айқындайды;
5) мұрағаттың құрылымы мен шекті штаттык санын бекітеді;
6) мұрағат басшысының ұсынымы бойынша оның орынбасарын (орынбасарларын) лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;
7) жылдық қаржы есептілікті бекітеді;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де
функцияларды жүзеге асырады.
19. Мұрағат басшысы Басқармамен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. Мұрағат басшысы коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, Басқармаға тікелей бағынады (Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда) және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттер мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауапты болады.
21. Мұрағат басшысы дара басшылық қағидаты бойынша әрекет етеді және Мұрағат қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді.
22. Мұрағаттың қызметін жүзеге асыруы барысында мұрағат басшысы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мұрағат атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
2) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда мұрағат мүддесін білдіреді;
3) шарттар жасасады;
4) сенімхаттар береді;
5)мұрағаттың іссапарларға, тағылымдамаға, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқытуға және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлеріне байланысты тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
6) банк шоттарын ашады;
7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) мұрағат қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
9) мұрағат қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазалайды;
10) өз орынбасарының (орынбасарларының) және басқа да басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;
11) басшы мұрағатта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған тиісті шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануы үшін дербес жауапты болады;
12) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы ережемен және Басқармамен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

5. Мұрағат мүлкінің құрылу тәртібі

23. Мұрағат мүлкін бағасы оның теңгерімінде айқындалатын заңды тұлғаның активтері құрайды. Мұрағат мүлкі мыналардың:
1) оған меншік иесі берген мүлік;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де қаржы көздері есебінен құрылады.
24. Мұрағат дербес иеліктен шығаруға немесе оған бекітілген мүлік пен оған смета құралдары бойынша бөлінген мүлікке өзгеше тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
25.Мұрағат бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
26. Мұрағаттың қызметі облыстық бюджеттен қаржыландырылады.
27. Мұрағаттың қаржылық-шаруашылық қызметін тексеру және ревизия Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқармамен жүзеге асырылады.

6. Мұрағаттың жұмыс тәртібі

28. Мұрағаттың жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу тәртібі

29. Мұрағаттың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу құрылтайшы шешімі бойынша жүзеге асырылады.
30. Мұрағаттың құрылтай құжаттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.

8. Мұрағатты қайта ұйымдастыру және тарату шарттары

31. Мұрағатты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Мұрағаттың филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер

32. Мұрағаттың филиалдары мен өкілдіктері жоқ.

Директор _____________ Суйнешов Зулбухар Махсотұлы


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 10:06
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 10:06