Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

«Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-Бөлім) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары және тұрғын үй қоры саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқытық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Ремпбликасының заңнамасында көзделген басқа да актілерімен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060200, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор поселкесі, Меңдіғалиев көшесі 30/8 үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Индер аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру облыстық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. Кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. Бөлімнің миссиясы:

1) экономиканың энергоресурстарға өсіп отырған қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында аудан экономикасының энергетикалық секторын дамыту, коммуналдық, су және газ шаруашылығының инженерлік желілерін дамытуға ықпал ету арқылы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және

автомобиль жолдарының жай-күйіне, олардың техникалық көрсеткіштеріне жәрдемдесу;

2) тұрғын үй жағдайын жақсарту.

15. Міндеттері:

1) өндірістік және тұрғын үй-коммуналдық объектілерінің жыл бойғы және болашақтағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының қажеттіліктерін анықтайды;

2) аудан көлеміндегі құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындауда мүмкіндігі бар мердігерлерді анықтауда өткізілетін тендерлерге қатыса алады;

3) жөндеу объектілері бойынша техникалық тапсырмалар жинағымен қамтамасыз етеді, мердігерлермен келісім-шартқа отырып, оның орындалуын бақылайды;

4) коммуналдық меншік объектілерінің жаңа объектілері құрылысы мен бұрынғы объектілердің жөндеу жұмыстарына тапсырысшы бола алады;

5) кәсіпорын мен мекемелердің жобалау-смета құжаттарының дұрыстығын және сенімділігін, аудан көлеміндегі тиісті ғимараттар мен құрылғылардың құрылысын және жөндеу жұмыстарын тексереді;

6) жергілікті бюджеттен және демеушілік көмектен берілген жұмыс көлемінің орындалуын талдайды. №2 «Жүргізілген құрлыстардың, жөндеулердің аралық орындалысы жөнінде» және №3 «Жүргізілген құрылыстардың толық орындалсы жөнінде» формалармен берілген рәсімдеу және көлемдерді тексеріп, бұрыштама соғады;

7) аяқталған құрылыс және объектілерді жөндеудің техникалық орындау құжаттамаларын рәсімдеуге, сондай-ақ объектілерді эксплуатацияға қабылдауға жұмысшы және мемлекеттік комиссияларына қатысады;

8) өндірістік құрылыс-монтаж жұмыстарына техникалық бақылауды жүзеге асырады, құрылыс нормасы және ережесінің сақталуымен қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына нұсқаулар мен ескертулер береді;

9) жер телімдерін бөлуді экологиялық, санитарлық,техникалық шарттарға және инженерлік-коммуналдық объектілердің нормативтерінің нормаға сәйкес жүргізілуін бақылайды және қалалық, поселкелік және селолық әкімдердің жер төлемдерін бөлуге жасалған шешімдердің жобаларына қол қоюға құқылы;

10) аудан, облыс әкімдігіне жасалған бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара байланысты әрекет ете отырып өз жұмысының бағдарын анықтайды;

11) аудандық экология комитетімен және аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен келісе отырып, көшелер мен жолдардың санитарлық талаптарға сәйкес салынып, ұсталуын қадағалайды, аудан көлеміндегі елді мекендерді көркейтумен және қоршаған ортаны қорғаумен шұғылданады;

12) өндірістік, құрылыстық, коммуналдық-транспорттық, энергетикалық мекемелердің қызметіне бақылау жасайды және көмектеседі;

13) жеке адамдар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастырады және соған қатысады;

14) аудан әкімдігінің отырысында қаралатын мәліметтерді дайындайды, мәліметтерді жинап анализ жасайды. Аудан әкімінің өкімдері мен шешімдерінің жобаларын дайындайды;

15) елді мекендерді сумен, газбен, жылумен және электроэнергиямен қамтамасыз ететін және басқа да коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын бақылайды;

16) әлеуметтік және әртүрлі меншік үлгісіндегі инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымдардың объектілерінің, тұрғын үй-коммуналдық қорларын кұтіп ұстау мен эксплуатацияға алуды ұйымдастыруға қатысады және көмектеседі;

17) аудан елді мекендері арасында жолушылар қатынасын ұйымдастырады және олардың жұмыстарын бақылайды;

18) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ олардың акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдайды;

19) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін) бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға осыған уәкілеттік береді;

20) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

21) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

22) аудандардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді және және көзделген жағдайларда келіседі;

23) аудандардың жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

24) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;

25) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүліктің, олжаның, қараусыз қалған жануарлардың, құрамында мәдение құндылықтарға жататын зат жоқ көмбелердің үлестерін есепке алуды, сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

26) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

27) мемлекеттік басқару органы және құрылтайшысы Индер аудандық әкімдігі болып есептеледі;

28) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;

29) заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді аударуды қамтамасыз ету;

30) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету;

31) мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау;

32) тұрғын үй қорын басқару саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

16. Функциялары:

1) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу;

2) мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістер және толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу;

3) кондоминиум объектісінде және үй маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;

4) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына;

5) кондоминиум объектісіндегі үй-жай меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу бойынша жұмыстарды уақытында орындалуына;

6) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;

7) қабылданған шешімдерді және анықталған құқық бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамаларды орындауға;

8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарына сәйкес жұмысқа қабылдау, босату және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыруға және осы бағыттағы жіберілген кемшіліктер үшін бөлім басшысы тікелей жауапты болады;

3) Бөлімге бөлінген қаржы мен заттарды пайдалану және басқару құқын иеленеді және қаражатын өз мақсатында пайдаланылуына бақылау жасайды,

қаржылық құжаттар мен шығын сметаларын қол қояды, қызметкерлерге материалдық ынталандыру және сыйақы төлеу жағдайларын анықтайды, өз құзіреті шегінде басқа да мәселелерді шешеді;

4) Аудан әкімдігі мен тиісті облыстық басқарма алдында бекітілген бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөнінде өз жұмысынан есептер береді;

5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;

6) кондоминиум объектісінің тізімін ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;

7) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;

8. кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссяларға қатысу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. Бөлімге басшылықты бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. Бөлімнің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Бөлім басшысының өкілеттігі:

1) бөлімге бөлінген қаржы мен заттарды пайдалану және басқару құқын иеленеді және қаражатын өз мақсатында пайдаланылуына бақылау жасайды, қаржылық құжаттар мен шығын сметаларын қол қояды, қызметкерлерге материалдық ынталандыру және сыйақы төлеу жағдайларын анықтайды, өз құзіреті шегінде басқа да мәселелерді шешеді;

2) аудан әкімдігі мен тиісті облыстық басқарма алдында бекітілген бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөнінде өз жұмысынан есептер береді;

3) заңды тұлға ретінде сотта талапкер және жауапкер бола алады.

21. Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

23. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні: 08.10.2019 10:11

Парақтағы соңғы өзгерістер: 08.10.2019 10:11

Қаралым саны: 664