Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

«Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

1.Жалпы ережелер

1. «Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-бөлім) Индер ауданы аумағында құрылыс қызметі саласындағы функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. «Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. «Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомостволары жоқ.

4. «Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. «Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8.«Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060200, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30/7. 10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады. 12.«Индер аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13.«Индер аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, кәсіпкерлік субъектілерімен «Индер аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Индер аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

14. «Индер аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жергілікті атқарушы органның және әкімнің қызметін қамтамасыз ету.

Бюджеттен қаржыландыратын, аудан көлемінде жүргізілетін құрылыс жұмыстары бойынша жұмыс қажеттіліктері мен жұмыс көлемдерін, жұмыстың сапалы жүргізілуін қадағалау.

15. Міндеттері:

1) тұрғын үй құрылысы бойынша бюджеттік бағдарламаларға сәйкес аудан, кент және ауылдық округтер көлеміндегі нысандарды жобалау, салу, реконструкциялау бойынша жылдық перспективтік бағдарламаларды әзірлеу;

2) нысандарды жобалау, салу, реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;

3) бекітілген бюджеттік мақсаттарға сәйкес азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын көзделген өзге де міндеттер.

16. Функциялары:

1) құрылыс және қайта жаңғырту нысандары бойынша техникалық тапсырмалар жинағымен қамтамасыз етеді, мердігерлер мен келісім-шартқа отырып, оның мерзімінде орындалуын бақылайды;

2) жаңа нысандардың құрылыс мен бұрынғы нысандардың жұмыстарына тапсырысшы бола алады;

3) мемлекеттік сатып алуды (жергілікті бюджет қаржысы есебінен немесе оның қатысуымен орындалатын жобалау, құрылыс, қайта құрылымдау, күрделі жөндеу нысандары) жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

4) жергілікті бюджеттен және демеушілік көмектен берілген жұмыс көлемінің орындалуын талдайды, №2 «Жүргізілген құрылыстың аралық орындалысы жөнінде» және №3 «Жүргізілген құрылыстардың толық орындалысы жөнінде» формалар мен көлемдерді тексеріп, бұрыштама соғады;

5) аудан, облыс әкімдігінде жасалған бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара байланыста әрекет ете отырып, өз жұмысының бағдарын анықтайды;

6) аудан көлеміндегі құрылыс объектілерінде тиісті бақылаушы мекемелермен бірлесіп инженерлік-құрылыс нормативтерімен тәртіптерінің және құрылыс сапасының сақталуын қамтамасыз ету;

7) жалпы салалық және табиғатты қорғауға арналған, канализация су құбырлары шаруашылығы, жылу, электр, газбен жабдықтау объектілерін жобалауда, қаржыландыру мен құрылысын жүргізуде тиімді инвестициялық саясат жүргізу;

8) жеке азаматтар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастырады және соған қатысады;

9) аудандық әкімдік отырыстарында қаралатын мәліметтерді дайындайды, мәліметтерді жинап анализ жасайды;

10) аудан әкімінің өкімдерімен, шешімдерінің және аудан әкімдігінің қаулыларының жобаларын дайындайды;

11) құрылыс жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге арналған бірыңғай портал арқылы, мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жұмыс жасау;

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) өндірістік құрылыс-монтаждау жұмыстарына техникалық бақылаудыжүзеге асырады, құрылыс нормасы мен ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына жұмысты тоқтатуға дейін нұсқаулар мен ескертулер береді.

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.

18. «Индер аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылықты «Индер аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Индер аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысын Индер ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Индер аудандық құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттілігі:

1) бөлімге бөлінген қаржы мен заттарды пайдалану және басқару құқығын иеленеді және бөлім қаражатын өз мақсатында пайдаланылуына бақылау жасайды, қаржылық құжаттар мен шығын сметаларына қол қояды;

2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

3) бөлімнің атынан сенімхатсыз әрекет ете алады;

4) заңды тұлға ретінде мемлекеттік органдарда, сотта бөлімнің мүддесін қорғайды және сотта талапкер бола алады;

5) шарттар жасасады;

6) сенімхаттар береді;

7) банк шоттарын ашады;

8) бөлім қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

9) бөлім қызметкерлерін көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;

10) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін белгілейді;

11)өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттарына қол қояды;

12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды;

4. Мемлекеттік органның мүлкі

21. «Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. «Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады. 22. «Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық / коммуналдық меншікке жатады. 23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

24. «Индер аудандық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Бөлім басшысы Б.Имангазиев


Мақаланың шыққан күні: 01.10.2019 11:17

Парақтағы соңғы өзгерістер: 01.10.2019 11:17

Қаралым саны: 426