Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

«Индер аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі » мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Индер аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда, сыртқы экономикалық байланыс және туризм салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Коституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасымен Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі банкілері, сондай-ақ Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, 060200, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі, 30- үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Индер аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерітен жүзеге асырылады.

13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14.Бөлімнің миссиясы:

кәсіпкерлік, өнеркәсіп, сауда, сыртқы экономикалық байланыс және туризм салаларындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

15.Міндеттері:

1) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;

2) сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;

3) туристік саладағы қызметті үйлестіру.

16.Функциялары:

1) жеке кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың мемлекеттiк саясатының iске асырылуын жүзеге асыру;

2) жеке кәсiпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасау;

3) өңiрде шағын және орта кәсiпкерлiктi және инновациялық қызметтi қолдау инфрақұрылымының объектiлерiн құру мен дамытуды қамтамасыз ету;

4) жергiлiктi атқарушы органдардың жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бiрлестiктерiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсiпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектiлерiмен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындау;

5) сарапшылық кеңестердiң қызметiн ұйымдастыру;

6) жергiлiктi деңгейде жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз ету;

7) ауданда бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында, шет ел әріптестерімен қарым-қатынастарды дамыту, экономиканың нақты секторына және әлеуметтік салаға инвестиция тарту жұмыстарын ұйымдастыру;

8) Қазақстан Республикасының шет ел елшіліктері арқылы шет ел инвесторларын қаланың өндірістік әлеуетімен таныстыру мақсатында, халықаралық форумдар мен көрмелерге жергілікті тауар өндірушілерінің қатысуын қамтамасыз ету;

9) сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту жұмыстарын жүргізу;

10) сауда саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету;

11) өз құзыретi шегiнде сауда қызметi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асыру;

12) аудан аумағында сауда қызметiне қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде шаралар әзiрлеу;

13) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативтерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу;

14) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төменгi нормативiне қол жеткiзу жөнiнде шаралар әзiрлеу және iске асыру;

15) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;

16) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

17) аудан аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және үйлестіруді жүзеге асыру;

18) аудандық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу және енгізу;

19) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүдделерiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;

2) Бөлім қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;

3) Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

19. Бөлімнің басшысын қызметке аудан әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.

20. Бөлім басшысының өкілеттігі:

1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде аудан әкімі мен жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына есеп береді;

2) орынбасарының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

3) қызметкерлерді қызметке тағайындайды және босатады;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді ынталандыруды жүзеге асырады;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;

6) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттарына қол қояды;

7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Бөлімнің мүддесін білдіреді;

8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

21. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамады өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні:: 31.07.2017 00:30
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.07.2017 00:30