Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.07.2020

Қызметтер

«Индер аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер.

1. «Индер аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі, ішкі саясатты қамтамасыз ететін, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қалыптастырып мемлекеттік тәуелсіздікті нығайту, қоғамдық процестерді демократиландыру және қоғамды қалыптастыруды нығайту мақсатында мемлекеттік басқаруды ішкі саясат саласында жүзеге асыруүшін құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Индер аудандық ішкі саясат бөлімін басқару органы Индер аудандық әкімияты болып табылады.

3. Индер аудандық ішкі саясат бөлімі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сонымен бірге осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

4. Индер аудандық ішкі саясат бөлімі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері; сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің банкте есепшоты болады.

5. Индер аудандық ішкі саясат бөлімі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Индер аудандық ішкі саясат бөлімі заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Индер аудандық ішкі саясат бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада берілген тәртіппен бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Индер аудандық ішкі саясат бөлімі құрылымын және штат кестесін аудандық әкімият белгілейді.

9. Бөлімнің мекен-жайы: инд.060200, Индербор кенті, Қонаев көшесі №18 үй, Атырау облысы Индер ауданы.

10. Бөлімнің толық атауы:

Қазақ тілінде: «Индер ауданық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі;

11. Осы ереже Индер аудандық ішкі саясат бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Индер аудандық ішкі саясат бөлімі аппаратын ұстауға кететін шығындарды қаржыландыру жергілікті бюджетте қаралған қаражаттар есебінене жүзеге асырылады.

13. Индер аудандықішкі саясат бөлімі кәсіпкерлік субъектілермен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Индер аудандық ішкі саясат бөлімі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттен кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

14. Индер аудандық ішкі саясат бөлімі миссиясы:

Қоғамдық-саяси құқықтандыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік тәуелсіздікті нығайту, қоғамдық үрдісті демократияландыружәне қоғамды нығайтып біріктіруді қамтамасыз ету.

Мемлекеттік ішкі саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңды актілері мен тапсырмаларын, ауданда мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің жүзеге асыру барысын қадағалау.

Мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру және насихаттау жөніндегі жоспарларды, қоғамдық саясат жүйесіндегі, ішкі саясат мәселерінде Қазақстан Республикасы заңдылықтарын жасақтаудағы және іске асырудағы жұмыстарды реттеу.

Аудан көлеміндегі қоғамдық-саяси жағдайдың дамуына талдау жасап, жан-жақты әділ зерттеу жүргізіп, жариялап отыру.

Қоғамдық саяси жағдайды алдын-ала болжауға бағытталған социологиялық зерттеулер жүргізу.

Еліміздің ұзақ мерзімді , кемелді дамуына сай мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру.

15. Міндеттері:

Қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық және діни саяси ұйымдармен, кәсіподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен бірлесе жұмыс жасау.

Аудандағы ішкі саясаттың жұмысы туралы аудандық әкімият мәжілісінің күн тәртібіне мәселе ұсыну және оны дайындауға қатысу.

Аудан әкімі аппаратының салалық бөлімдерімен бірлесе отырып ішкі саясат саласы бойынша әдістемелік ұйымдастыру жұмыстарын атқару.

16. Функциялары:

Қазақстан Республикасының заңдарымен қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асыру.

Өз қызметі саласындағы заңдылықтар енгізуге, нормативтік-құқықтық актілер жобасын әзірлеуде және оны дайындауға қатысу.

Тұрғындар арасында заң мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, сонымен бірге хат, шағым, ұсыныстар мен жеке өтініштерді қарауды жүргізу.

Бөлімнің қызметіне байланысты тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына тапсырмалар береді, олардың орындалысын бақылайды, ақпараттар талап етіп, олардың өткізген шараларына қатынасады.

Жастар саясаты және ақпараттық саясат мәселелерін ұйымдастыру жөніндегі мемлекеттік тапсырыстарды орындау жөніндегі аймақтық бағдарламаны қаржыландыру мәселесін жүзеге асыру.

Аудан әкімінің аймақтағы хабарларды тарату және жариялықты жетілдіру жұмыстарына қатысу, биліктің қоғамдық-саяси және экономикалық саладағы жұмысын ақпараттандыру.

Индер аудандық ішкі саясат бөлімі компетенциясына байланысты мемлекеттік органдардың лауазымды басшыларына ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық көмек беру.

Аудан әкімі жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, басқа да ұйымдар және азаматтардан белгіленген тәртіппен хабарлама сұрауға, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың қызметкерлерін мәселелер дайындауға қатыстыруға, белгілі бір ұсыныстарды дайындау үшін уақытша жұмысшы тобын құруға.

Аудан әкіміне мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізуге.

Тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға ішкі саясат саласындағы қызметін нәтижелі атқаруға тапсырма беруге, сондай-ақ атқарушы органдардың өткізетін шараларына қатынасуға.

Өз өкілеттілігі шеңберінде тиісті мәселелер бойынша органдар мен ұйымдар өкілдерінің жұмысын аудан әкімнің алқа мәжілісіне ұсынуға және оның орындалысы туралы аудан әкіміне хабаралама беруге.

Қолданыстағы заңдарға сәкес заңды тұлғаларғы жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізуге.

Жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардан, бөлімге қарасты кәсіпорындарын бөлімге жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпараттық-анықтамалық материалдар беруді талап етуге және алуға.

Жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың мамандарын олардың басшыларымен келісе отырып жұмысқа тартуға.

Бөлім құзыретіне енетін мәселерін жөнінде мәжілістер, семинарлар, конференциялар өткізуге.

3. Мемлекттік органның қызметін ұйымдастыру

18. Индер аудандық ішкі саясат бөлімі басшылықты бөлімнің жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға жауапты болатын бөлім басшысы жүзеге асырады;

19. Индер аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері бөлім басшысының бұйрығымен қызметке тағайындалып және қызметінен босатылады.

20. Бөлім басшысы басқа да қызметкерлерінін өкілеттігі мен міндеттерін белгілейді.

21. Бөлім басшысы бөлім қызметкерлерін лауазымдық орындауға тағайындалады, одан босатады, сондай-ақ оларға тәртіптік жаза қолданады және бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына жауапты болады.

22. Бөлім меңгерушісі болмаған кезде оның міндетін қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерінің бірі атқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

23. Индер аудандық ішкі саясат бөлімі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшалауланған мүлкі болуы мүмкін.

24. Бөлімнің аудан әкімияты берген мүлік, сондай-ақ қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге да көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Бөлім бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншіккі жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайтаұйымдастыру және тарату.

27. Индер аудандық ішкі саясат бөлімі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі А.Мурзин


Мақаланың шыққан күні: 26.06.2018 02:22

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.06.2018 02:22

Қаралым саны: 1438