Array Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы туралы ереже | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.05.2017

Қызметтер

Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы жер заңнамасының сақталуын, сондай-ақ қалалық, аудандық атқарушы органдардың жер қатынастары бөлімінің қызметін үйлестіруге, басшылық пен бақылауды жүргізетін, облыс әкімдігі уәкілеттік берген, облыстық бюджеттен қаржыландыратын атқарушы органы болып табылады.
2. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының орналасқан жері: 060010, Қазақстан Республикасы Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы кәсіпкерлік субъектілерімен Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының миссиясы болып Облыс аумағында жер қатынастарын реттеу арқылы саласында мемлекет саясатты жүргізу табылады.
14. Басқарманың міндеттері болып:
Жерлерді тиімді пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
аудандық, қалалық (қажетіне қарай кенттік, селолық, ауылдық) атқарушы органдардың жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бойынша қызметін үйлестіру, басшылық пен бақылау жасау табылады.
15. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы Жер кодексінің 14-1 бабына сәйкес келесідегідей функцияларды жүзеге асырады:
1) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральды құбырлар, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (қайта жаңғырту), мақсаттары үшін, индустриялық – инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық – инновацилық жобалары, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту мақсаттары үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылғанда және қазу үшін, магистральды құбырлар салу (қайта жаңғырту), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңына сәйкес инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
3) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) жерді резервілеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
5) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
6) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және облыстың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;
9) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;
11) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
12) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жерлерінің балансын жасау;
13) Қазақстан Республикасының Жер Кодекстің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
15) облыстың жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі негізінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары беру.
16) Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 136,144 баптарына сәйкес Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы ішінде ішкі қаржылық бақылау жүргізеді;
17) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы №1677 Жарлығымен бекітілген 2006-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік стратегиясына сәйкес Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті іс шараларды жүзеге асырады.
16. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы өзіне жүктелген негізгі міндеттер мен функцияларды іске асыру мақсатында құқықтарға ие болды:
1) елді мекендердің аумақтарын, селолық (ауылдық) атқарушы органдардың қарауына берілген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса, жер-шаруашылық орналастыру жоспарларын әзірлеуге жәрдемдеседі және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
2) облыстық атқарушы органға жерлерді аймақтандыру негізінде пайдалануды болжау және жоспарлар жөнінде ұсыныстар, жерлерді тиімді пайдаланудың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарламаларына ұсыныс дайындайды;
3) аумақтық жер инспекциясымен және «Жер кадастры ғылыми – өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Атырау филиалымен бірлесіп жергілікті деңгейде жер саясатын жүргізеді;
4) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдарға және шаруашылық жүргізуші субъектілерге міндетті нұсқаулар беру;
5) жергілікті атқарушы органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерден басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, анықтамалық материалдарды сұратуға және алуға, сондай-ақ қажет болған жағдайда олар бойынша түсінік беруді талап етуге;
6) басқа мекемелерден және жергілікті басқарушы оргындарынан қажетті мамандарды, сонымен бірге тәуелсіз сарапшыларды келісім бойынша жұмысқа тарту;
7) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының қызметін ұйымдастыру

17. Басқармаға басшылықты Атырау облысы Жер қатынастары басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
18. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының басшысын Атырау облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
19. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының басшысының Атырау облысы Жер қатынастары басқармасымен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
20. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының басшысының өкілеттігі:
өзінің орынбасарлары, Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы мен басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларын қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
Заңнамаға сәйкес Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Заңнамамен белгіленген тәртіпте Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының актілеріне қол қояды;
Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мүдделерін білдіреді;
Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының жұмысының регламентін және штаттық кестесін бекітеді;
өз құзыреті шегінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының құрылымы

22. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының құрылымы тұрады:
1) Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының басшысы;
2) Атырау облысы Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары;
3) Жер учаскесін беру және қайтарып алу бөлімі;
4) Бас маман – заңгер;
5) Бас маман – бас бухгалтер.

5. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мүлкі

23. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірстерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

6. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату

26. Атырау облысы Жер қатынастары басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 13:06
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 13:06