Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

«Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

Аудан әкімдігінің 2016 жылғы

« __» ________№____қаулысымен

                                                          бекітілген

 

«Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1.Жалпы ережелер

 «Индер аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі   (бұдан әрі – Бөім) өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

  1. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
  2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына , Қазақстан Республикасымен Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлім мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарына шоттары болады.
  4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы 060200, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Мендіғалиев көшесі, 30/9 үй.

10.Мемлекеттік органның толық атауы- «Индер аудандық ауыл  шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

  1. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға     түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай   қызметтен алынған   кірістер   мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.
  1. Бөлімнің миссиясы:

аграрлық сектордың даму концепцияларын, жобалау тенденцияларын талдауын жүзеге асыру және оның келешегін анықтау және нарықтық қарым-қатынас шарттарында ауданда аграрлы саясатты жүргізу.

  1. Міндеттері:

1)  бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасау;

2)  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

3)  заңнамамен жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру;

  1. Функциялары:

1)    агроөнеркәсіп кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны аудан әкімдігіне беру;

2)    тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерге, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат ұсыну;

3)  асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілерден асыл тұқымды мал деректер жинауды жүзеге асыру;

4)  көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;

5)  әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

6)  Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1)       өз функцияларын орынндау мақсатында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды сұрау және алу;

2)       өз құзырына жататын мәселелерді шешуді қарау жөнінде аудан әкіміне және әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

3)       шаруа (фермер) қожалықтары және басқа да ауыл шаруашылық құрылымдарына қажетті жағдайда әдістемелік, ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық көмек көрсетуге;

4)       міндетіне кіретін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпке сәйкес семинарлар, кеңестер, жиналыстар өткізуге;

5)       жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;

6)       бөлім қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;

7)       Бөлім Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

 3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің басшысын қызметке аудан әкімі тағайындайды және қызметтен босатады.
  2. Бөлім басшысының өкілеттігі:

1) өз қызметін жүзеге асыру кезінде аудан әкімі мен жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына есеп береді;

2) орынбасарының және қызметкерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;

3)    қызметкерлерді қызметке тағайндайды және босатады;

4) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді ынталандыруды жүзеге асырады;

5) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерге тәртіптік жаза қолданады;

6)       өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік және қаржы құжаттарына қол қояды;

7)       мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда сенімхатсыз Бөлімнің мүддесін білдіреді;

8)       Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қолданады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қолданбағаны үшін дербес жауапкершілікте болады;

9)       Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.

          Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы   заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі
  2. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік,   сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып     алынған       мүлік   (ақшалай   кірістерді   қоса   алғанда)   және   Қазақстан Республикасының   заңнамасында   тыйым   салынбаған   өзге     де   көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
  1. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Мақаланың шыққан күні: 03.07.2018 01:33

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.07.2018 01:33

Қаралым саны: 1342