Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесі

Индер ауданы әкімдігінің

2013 жылғы 24 қаңтардағы

№34 қаулысымен бекітілді

 

Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі

мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

1. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі – денешынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық – құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері:

Атырау облысы, Индер ауданы, индексі 060200, Индербор поселкесі, Меңдіғалиев көшесі, 30-2.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

14. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

14.1. Бөлiм күнделiктi жұмысында Индер ауданының әкiмi мен әкiмдігінің шешiмдерi мен қаулыларына және өзiнiң атқаратын қызмет бағытына сәйкес Атырау облыстық (әрi қарай – облыстық) туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының бұйрықтары мен нұскауларын басшылыққа алып жұмыс iстейдi.

14.2. Бөлiм өз жұмысын мемлекеттiк және мемлекеттiк емес мекемелермен, барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындармен (әрi қарай – кәсiпорындар), басқа да кұрылымдармен және коғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жүргiзедi.

15. Міндеттері:

15.1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорт пен дене тәрбиесін насихаттау, денсаулықты нығайту барысында Елбасы саясатынан туындайтын міндеттерді аудан аумағында жүзеге асырып, бұл бағыттағы аудандық Мәслихат пен аудан әкімінің шешімдерін, аудан әкімдігінің қаулыларын, басқа да заңды нормативтік құжаттардың талаптарын орындауды ұйымдастырады;

15.2. Денешынықтыру және спорт салалары бойынша мемлекеттік саясатты, ұзақ мерзімді бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысады, сондай – ақ осы мәселелер бойынша басқа бөлімдер, мекемелер мен кәсіпорындар қызметін үйлестіреді;

15.3. Аудан көлемінде ұйымдастырылып, өткізілетін спорттық шараларға жауап береді, аудан тұрғындары арасында ұлттық, бұқаралық спортты дамыту жұмыстарын ұйымдастырады;

16. Функциялары:

1) орталық аппараттың функциялары:

16.1. Аудандық бөлімдермен, мекеме, кәсіпорындармен, Индербор кенті ауылдық және селолық округтермен, саяси партиялармен, қоғамдық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Олардан ақпараттар мен мәліметтер алады, жұмыстарын тексереді және оның қорытындысымен материал дайындап, аудан әкімі аппаратына ұсынады.

16.2. Облыс пен ауданның жоғары органдарынан түскен хаттарға уақтылы жауап береді, салалық бөлімдерден түскен іс қағаздарымен жұмыс жасайды, кіріс – шығыс қағаздарын, бұйрық, тағы басқа құжаттарды жүргізеді.

16.3. Әкімдік мәжілістерінде қаралатын мәселелерге орай,әр сала бойынша қаулы жобасын, анықтамалар дайындайды, бөлімге қатысты мәселелер бойынша қаулы, шешім, өкім жобаларын әзірлеп ұсынады.

16.4. Аудан көлемінде өткізілетін спорттық жарыстарды ұйымдастырып

өткізеді,оған тиісті мекемелер мен бөлімдердің қатысуын қамтамасыз етеді және өткізілген шаралардың сапасына жауап береді.

16.5. Тұрғындар тарапынан тікелей берілетін немесе аудан әкімі мен оның орынбасарлары арқылы келетін арыз-шағымдармен жұмыс істейді.

16.6. Облыстық туризм,дене шынықтыру және спорт басқармасы бекіткен кесте бойынша апталық,айлық,тоқсандық,жартыжылдық және жылдық мәліметтер беріп отырады.

16.7. Бөлімнің тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарын жасайды және оның орындалысын қамтамасыз етеді.

17. Құқықтары мен міндеттері:

17.1. Аудандық ерекшеліктерді ескере отырып, денешынықтыру және спорт салалары бойынша мемлекеттік саясатты,ұзақ мерзімді бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысады, сондай – ақ осы мәселелер бойынша басқа бөлімдер, мекемелер мен кәсіпорындар қызметін үйлестіреді.

17.2.Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы аудандағы бұқаралык-спорттың кең көлемде насихатталуы туралы және ұйымдастырылып өткізілген спорттық шаралар қорытындыларымен материалдар жариялайды.

17.3.Қылмысқа және нашақорлыққа қарсы күрес бағдарламаларын жасауға араласады және олардың орындалысына бақылау жасайды.

17.4.Азаматтардың арыз-шағымдарының уақтылы қаралуын, мекеме құзырына жататын басқа да мәселелердi шешудi жүзеге асырады.

 

3. Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің

қызметін ұйымдастыру

18. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттілігі:

- Беркiтiлген штат кестесiне сай өз аппаратын құрады, қарауындағы қызметкерлердiң, бөлiмнiң iшкi жұмыс тәртiбi мен ережелерiн бекiтедi.

- Бөлiм кызметiне және жекелеген қызметкерлерге байланысты бұйрықтар шығарады, олардың уақытында орындалуын бакылайды. Бөлiм қызметкерлерiн тағайындайды және босатады, тәртiптiк жауапкершiлiкке шақырады.

- Аудан әкiмiне бөлiмнiң ережесiн, құрылымын бекiтуге ұсынады.

- Бөлiмге бөлiнген қаржы мен мүліктерді пайдалану және басқару құқын иеленедi және қаражатты өз мақсатында пайдаланылуына бақылау жасайды, қаржылық құжаттар мен шығын сметаларына қол қояды, қызметкерлерге материалдық ынталандыру және сыйақы төлеу жағдайларын анықтайды, өз құзiретi шегiнде басқа да мәселелердi шешедi.

- Аудан әкiмдігі мен тиiстi облыстық басқарма алдында беркiтiлген бағдарламалар мен жоспарларды iске асыру жөнiнде өз жұмысынан есептер бередi.

- Белгiленген Ережеге сай аудандағы дене шынықтыру және спортты дамытуға және басқа да мәселелер бойынша мәжiлiстер өткiзiп тұрады.

- Аудандық ресми ұйымдар мен мемлекеттiк мекемелер алдында бөлiм мүддесiн корғайды және ұсыныстар бередi.

- Бөлiмнiң жұмыс жоспары мен бағдарламаларын бекiтедi.

- Заңды тұлға ретiнде сотта талапкер және жауапкер бола алады.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыруға және осы бағыттағы жіберілген кемшіліктері үшін бөлім басшысы тікелей жауапты болып табылады.

Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы басқарады.

 

4. Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің мүлкі

24. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік республикалық/коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату

27. «Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Индер аудандық денешынықтыру
және спорт бөлімінің басшысы: Н.Бисенбаев

 

 

«Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне қосымша

«Индер аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін 15.4 – тармақпен толықтырылсын:

15.4. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді.

 

 

 


Мақаланың шыққан күні:: 02.08.2017 08:24
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.08.2017 08:24