Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.11.2017

Қызметтер

«Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеме ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын және аудандық бюджет жоспарын әзірлеуді үйлестіреді, аймақтық жоспарларын қалыптастырады, ауданның бюджетін орындау және ауданның коммуналдық меншігін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтерін басшылықа алып жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай –ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060200, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Қонаев көшесі 14 үй.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

11. Осы Ереже «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Индер аудандық экономика және қаржы мемлекеттік мекемесінің бөлімі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

14. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

1) Тиісті әкімшілік- аумақтық бөлінісінде салық және ақшалай несие саясатымен өзара іс- қимыл жасай отырып мемлекеттік бюджеттік саясатты әзірлеумен жүзеге асыруға қатысу;

2) мемлекеттік салық саясатын іске асыруын қалыптастыруында қатысу;

3) бекітілген жергілікті бюджеттік бағдардамаларды тиімділігіне және мақсатқа сай екендігіне бақылауды қамтамасыз ету;

4) ауданның коммуналдық мүлікін заңнамада белгіленген тәртіппен тиімді және мақсатты пайдалану;

5) өз құзіреті шегінде жергілікті бюджетті әзірлеу және атқару жөніндегі жұмысты ұйымдастыруы;

6) мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды әзірлеуі.

7) бұл мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру мақсатында жергілікті мемлекеттік мекемелердің қызметтерін қамтамасыз ету үшін бюджеттік қаражатты мезгілінде және тиімді жоспарлауды ұйымдастыру, сонымен бірге әлеуметтік – экономикалық саясатты іске асыру мақсатында Индер ауданының тұрақты экономикалық өсуіне қолдау көрсету.

15. Міндеттері:

1) жергілікті орындаушы органның ауданның экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасының орта мерзімді фискальдық саясатын жүзеге асыруға қатысу;

2) жергілікті бюджетті қалыптастыру және атқару үдересін жетілдіру, бюджетті бағдарламамен жабдықтау, жергілікті бюджеттік бағдарламаларын ақша ресурстарын басқару тиімділігін бағалау әдістерін енгізу;

3) бюджетке кірістердің түсуіне талдау жасау, оның негізінде кірістің жиналуын жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындау;

4) кірістер түсуінің болашақтағы және ағымдағы болжамын әзірлеу;

5) алдағы қаржы жылына бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің жобасын және алдағы үш жылдық мерзіміне бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін дайындау;

6)тиісті бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бөлінісі бюджеттің орындалуын ұйымдастыру;

7) бөлімде гендірлік теңдік стратегиясын дамытуға бағытталған жұмыстарды жетілдіру және гендірлік аспектілерді дамыту;

8) заңнамамен оған жүктелген өзге міндеттер.

9) Қазақстан Республикасы Президентінің стратегиялық бағдарламасы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және облыс әкімінің іс-қимылдары жоспарларына сәйкес ауданның әлеуметтік-экономикалық реформаларын жүргізу және бюджетті жоспарлау жұмыстарын үйлестіру;

10) стратегиялық және ауданның даму бағдарламасының орындалуын бақылауды және орындау , мақсатты ұйымдастыруды, кешенді және де басқа аймақтық бағдарламаларды әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру және бюджетті жоспарлау жұмыстарын үйлестіру;

11) аймақтық және республикалық бағдарламалардың және бюджетті жоспарлаудың орындалуын бақылау, талдау, ұсыныстар енгізу;

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бап, 4 - 20 тармағы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 желтоқсандағы №95-ІV «Бюджет Кодексі», Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-ІV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы.

16. Функциялары:

1) әкімшілік-аумақтық бөлінісі қаржыларын басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысу;

2) аумақтық салық органымен бірге жергілікті бюджеттің кірістеріне болжам жасауды жүзеге асыру;

3)жергілікті бюджет қаражатын қаржыландыруды қамтамасыз ету;

4)жергілікті бюджет қаражатының пайдалануына талдау жасау;

5)жергілікті бюджетті жоспарлаумен орындалуына әдістемелік басшылық жасау;

6)жергілікті бюджеттің тізімдемесін қалыптастырып, бюджеттің инвестициялық жобасын және бағдарламасын бөліп бекіту;

7) «Индер ауданының экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесінің құжаттарын дайындауға осы жергілікті органды құру туралы аудан әкімдігінің қаулысын және оның Ережесін бекіту негізінде құрылады;

8)жоғарғы органдарға, тиісті жергілікті атқарушы органға белгіленген тәртіпте бюджеттік атқарылуы туралы есебін ай сайын беру;

9)жергілікті атқарушы органдар резервінің қаражатын пайдалануды жоспарлап, оған есеппен талдау жүргізу;

10)жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің жергілікті бюджетті атқару жөніндегі Қазақстан Республикасының нормативтік –құқықтық актілері талаптарының сақталуына, жергілікті бюджеттен берілген қаражаттың, соның ішінде несиелердің, мақсатты пайдалануына, коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың жергілікті бюджетке таза кіріс үлесінің толық және уақтылы аударылуына бақылау жасап Заң актілеріне сәйкес коммуналдық бірлескен меншік жұмыстарын басқаруды және оны қорғауды жүзеге асыру;

11)бақылау обьектілері лауазымдық адамдардың әрекетінде жергілікті бюджет қаражатын пайдалануда және Қазақстан Республикасының басқа заңнамалары бұзылу деректері бойынша қылмыстық белгілер анықталған жағдайда бақылау материалдарын құқық қорғау органдарына беру;

12) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың аудандық бюджетке таза кіріс үлесінің толық және уақытылы аударылуына бақылау жасау;

13)аудандық коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға (жалдауға) беруге және мониторинг жүргізуге;

14) аудандық коммуналдық меншік объектілерін жай сенімгерлікпен басқаруға;

15)коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, бағалау, әрі қарай пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруға;

16) коммуналдық мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген негізгі құрал-жабдықтарды қабылдау-тапсыру және есептен шығаруға;

17)аудандық коммуналдық мүлікті басқарудың және жекешелендірудің мемлекеттік саясатын іске асыру;

18)аудандық коммуналдық мүлiктi жеке тұлғаларға және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға кейiннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң меншiгiне кейiннен сатып алу құқығымен немесе кейiннен меншiгiне өтеусiз негiзде беру құқығымен мүлiктiк жалдауға(жалға алуға), сенiмгерлiкпен басқаруға бередi;

19)аудандық коммуналдық мүлiктi пайдалану туралы, оның iшiнде оны кепiлге, мүлiктiк жалдауға (жалға алуға), өтеусiз пайдалануға және сенiмгерлiкпен басқаруға беруді ұйымдастыру;

20)қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, әрі қарай пайдалану жөніндегі жұмысты жүзеге асыру;

22)аудандық коммуналдық мүлікті сату алдында дайындауды ұйымдастырады;

23)аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендірудің түрлері мен әдістерін анықтайды;

24) аудандық коммуналдық мүлiк объектiлерiнiң тiзбесiне енгiзiлген, облыстың, жергiлiктi атқарушы органының алдын ала келiсiмiмен жекешелендiру жүргiзiліп мүмкiн аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру бойынша облыстың, жергiлiктi атқарушы органың алдын ала келiсiмiн алады;

25)аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру туралы шешiм қабылдайды;

26)аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiру жөнінде сауда-саттық ұйымдастырады және өткізеді, аудандық коммуналдық мүлікті сатып алу-сату шарттарын дайындайды және жасасады;

27) аудандық коммуналдық мүлiктi сатып алу-сату шарттарына сәйкес сатып алушылардың міндеттемелерді орындауын бақылайды;

28)аудандардың,облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдар мен жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

29)мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволық бағынысындағы ұйымдардың заңнамаға сәйкес оларға берілген аудандық коммуналдық мүлкін пайдалануын бақылау;

30)жергілікті атқарушы және өкілдік етуші органдардан, мемлекеттің қатысуы бар заңды тұлғалардан аудандық коммуналдық мүлікті пайдалануға байланысты мәселелер бойынша бухгалтерлік құжаттаманы және өзге де құжаттарды сұратуға және алуға;

31) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

32) аудандық коммуналдық мүлікті иелену, пайдалану және билік ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының соттарында мемлекеттің мүддесін білдіруге;

33)аудандық коммуналдық мүлікті және оны пайдалануға байланысты өзге де құқық бұзылушылықтардың анықталған фактілері бойынша тергеу органдарына материалдар жолдауға құқығы бар;

34)аудандық коммуналдық мүлiктi жекешелендiрудi жүзеге асырады, оның iшiнде жекешелендiру процесiн ұйымдастыру үшiн делдалды тартады, жекешелендiру объектiсiн бағалауды қамтамасыз етедi, жекешелендiру объектiсiнiң сатып алу-сату шарттарын әзiрлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

35)өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында жүктелген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

36) басқа да мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп аймақтың экономикалық саясатын әзірлеуін ұйымдастырады және жүзеге асыруын қамтамасыз етеді, аудандық бюджет жоспарын жасақтайды;

37) аймақтың, салалық бағдарламалары және аудандық бюджет болжамының әзірленуін үйлестіру және жергілікті басқару органдарының жүзеге асыруын бақылау;

38) ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын және аудандық бюджеттің орындалуын талдау, экономика саласының даму қарқынын, шағын кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бап, 4 - 20 тармағы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 желтоқсандағы №95-ІV «Бюджет Кодексі», Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-ІV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) Салық ұйымдары, басқа заңды ұйымдардан және тұлғалардан, және басқа аумақтық органдардан салық түсімінің және заңнамамен белгіленген нысан және мерзім бойынша басқа міндетті бюджет түсімдерінің сомасы туралы ақпаратты, бюджет жобасын жасау үшін және оның атқарылуын орындауға, сонымен бірге оған жүктелген басқа функцияларды орындау үшін қажетті статистикалық және басқа материалдарды сұратуға және алуға;

2) жергілікті бюджет жобасын қалыптастыруға;

3) қалыптастыру кезінде аудан бюджетін оның түсім көлемдерін келісіп алуға;

4) жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп жасауға;

5) нақты кіріс түсімдеріне сәйкес жергілікті бюджет шығындарын қаржыландыруды жүзеге асыруға;

6)бекітілген жергілікті бюджеттік бағдардамаларды (шағын бағдарламаларды), экономикалық тиімділігіне және мақсатқа сай екендігіне баға беруге;

7) бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау обьектілерінен қажетті құжаттар, анықтамалар, ауызша және жазбаша түсініктемелерді олар белгіленген мерзімде алуға;

8) мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын жергілікті бюджетті атқарылуын бақылау жасауға қатыстыруға;

9) құпиялық тәртіптемесін, коммерциялық және заңмен қорғалатын басқа құпияларды ескере отырып, кедергісіз жергілікті бюджеттерді атқару мәселелеріне қатысы бар құжаттамаларымен танысуға;

10) өз құзіреті шегінде заңды тұлғалардың қаржы тәртібін сақтауына бақылау жүзеге асыруға;

11) бөлінген бюджеттік қаражатты негізсіз пайдаланылмаған жағдайда кері қайтарып алуға немесе қаржыландыруды тоқтатуға;

12) Заңнамаларына қайшы келмейтін басқа да өкілеттерді жүзеге асыруға.

13) аудан әкіміне ауданның стратегиялық дамуы, негізгі басым бағыттары, бюджетті жоспарлау жөнінде ұсыныс енгізуге;

14) жергілікті өкілетті органдар басқармаларының ауданның стратегиялық дамуын және аудандық бюджет жоспарының жүзеге асырып орындалуын бақылауға;

15) бөлімнің құзырына кіретін сұрақтар бойынша кеңестер, семинар, конференциялар өткізуге;

16) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерінің ағымдағы және келешектегі жоспарларын қарау, соның ішінде жоспарлы қаражат көрсеткіштерінің мерзімінің тәртібін қарауға құқықтары бар;

17) бөлімде гендерлік теңдік стратегиясын дамытуға бағытталған жұмыстарды жетілдіру және гендерлік аспектілерді дамыту;

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бап, 4 - 20 тармағы, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 8 желтоқсандағы №95-

ІV «Бюджет Кодексі», Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-ІV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

18. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекеме басшылықты Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын өкім бойынша қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Казақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Беркітілген штат кестесіне сай өз аппаратын құрады, қарауындағы қызметкерлердің, бөлімнің ішкі жұмыс тәртібі мен ережелерін бекітеді;

2) Бөлім қызметіне және жекелеген қызметкерлерге байланысты бұйрықтар шығарады, олардың уақытында орындалуын бақылайды. Бөлім қызметкерлерін тағайындайды және босатады, тәртіптік жауапкершілікке шақырады;

3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыруға және осы бағыттағы жберілген кемшіліктері үшін бөлім басшысы тікелей жауапты болып табылады;

4) Аудан әкіміне бөлімнің ережесін, құрылымын бекітуге ұсынады;

5)Бөлімге бөлінген қаржы мен заттарды пайдалану және басқару құқығын иеленеді және қаражаттың өз мақсатында пайдалануына бақылау жасайды, қаржылық құжаттармен шағын сметаларына қол қояды, қызметкерлерге материалдық ынталандыру және сыйақы төлеу жағдайларын анықтайды, өз құзіреті шегінде басқа да мәселелерді шешеді;

6) Аудандық әкімдігі мен тиісті облыстық басқарма алдында беркітілген бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөнінде өз жұмысынан есептер береді;

7)Бөлімнің жұмыс жоспары мен бағдарламаларын бекітеді;

8)Заңды тұлға ретінде сотта талапкер және жауапкер бола алады.

«Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасары орындайды.

22.Бірінші басшы өз орынбасарының, бас мамандарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлімнің басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органныің мүлкі

24. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі үшін нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі»мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік республикалық, коммуналдық меншікке жатады.

26.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату.

27. «Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі » мемлекеттік мекемесінің қарамағында ұйымдар жоқ.

«Индер аудандық экономика және қаржы бөлімі » мемлекеттік мекемсінің қарамағында аумақтық органдар жоқ.


Мақаланың шыққан күні:: 28.07.2017 08:41
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.07.2017 08:41