Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.11.2017

Қызметтер

«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. «Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы Ережесі

1.«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында(ларында) атқарушылық қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомствалық мекемелері жоқ.

3. .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына,Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне,өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады,мемлекеттік тілде өз атауы бар,мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері,сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органындарында шоттары болады.

5. .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса,мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен .«Өрлік селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының бұрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделген шеішмдер қабылдайды.

8. .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымыц мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: индекс 060206,Қазақстан Республикасы,Атырау облысы, Өрлік ауылы, Үсенов көшесі № 16 үй.

Электронды пошта: Orlik.ok @ mail.ru.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы ереже .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құқрылтай құжаты болып табылады.

12. .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен,Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен .«Өрлік селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

Егер .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе,онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері.

14. «Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Қазақстан Республикасының Заңдарының,Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінің,облыс,аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің,тапсырмаларының және облыс,аудан әкімиятының қаулыларының,тапсырмаларын орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

15. .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) Ауылдық округ әкімінің аппараты мамандары аппарат жұмысын ұйымдастырады және өздеріне тапсырылған міндеттерді атқарады. Аппаратқа жүктелген жұмыстардың орындалуына,өз міндеттерін жүзеге асыруға жауап береді;

2) Ауылдық округ аппараты мүддесін мемлекеттік органдар,басқа ұйымдар мен мекемелерде білдіреді;

3) Ауылдық округ аппаратына жүктелген функцияларды орындау үшін оның құрамында комиссиялар құрылады.Мамандар селолық округ әкімінің аппараты қызметкерлері болады;

4) Ауылдық округ әкімінің аппараты мамандары осы Ереже негізхінде жұмыс жасайды;

5)Осы Ережеден туындайтын мәселелерді қарау мен оларды әзірлеу округ әкімі тапсырмасымен реттеледі;

6)Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүктелген басқа да міндеттерді орындайды;

15.9. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзыреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;

15.10. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда коммуналдық

мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

15.11. Республикалық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындайды;

15.12. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

15.13. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, Заңда көзделген жағдайларда келіседі және бекітеді;

15.14. Республикалық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

15.15. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

15.16.Республикалық мемлекеттік мекемелердің жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

15.17. Республикалық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептілігін бекітеді;

15.18. Республикалық мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

15.19. Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде айқындалған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

16.«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі функциялары:

1) Ауылдық округ әкімінің аппараты өз қызметін,округ мәжілістері және әкімдік басшылығымен өткізілетін басқа шараларды талдау, құқықтық ұйымдастырушылық және материалды-техникалық жағынан қамтамасыз етеді. Ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары конкурстық негізде жұмысқа қабылданады,селолық округ әкімінің өкімімен еңбек заңдылықтарына сәйкес жұмыстан босатылады;

2)Жергілікті мекемелер қызметін үйлестіреді;

3)Аудан әкімінің аппаратымен,аудандық мәслихатпен, бұқаралық ақпарат құралдарымен,қоғамдық ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-әрекетін қамтамасыз етеді;

4) Ауылдық округ әкімі заң талаптарына сәйкес селолық округ әкімінің аппараты мамандарын еңбек заңдылықтарына сәйкес жұмысқа қабылдайды және босатады;

5) Акылдық округ әкімі қызметін ол жоқта өкілеттік берілген селолық округ әкімінің аппаратының маманы атқарады;

6)Мемлекеттік тілді пайдалану саласын кеңейтуцге жағдай жасап, жұмыс тәсілі мен әдісін жақсартады.Мемлекеттік тілде іс жүргізеді;

7)Жеке және заңды тұлғалар хаттарын,өтініштерін қарайды;

8)Қызметтік құжаттарды қарайды;

9) Ауылдық округ әкімінің аппараты оның мамандарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады;

10) Ауылдық округ әкіміәнің аппараты округтің жағдайы мен әлеуметтік экономикалық джамуын сипаттайтын материалдар дайындайды;

11)Саяси шаралардың идеологиялық,ақпараттық-насихаттық жоспарын қамтамасыз етеді;

12) Қоғамдық-саяси,жастар,әйелдер,ардагерлер ұйымдарымен, діни орындармен өзара іс-қимылын үйлестіреді;

13) Бұқаралық ақпарат құралдарында селолық округ әкімінің қызметін жариялайды;

14) Ауылдық округтегі қадрларды оқыфту мен қайта даярлауды ұйымдастырады;

15) Әлеуметтік саладағы округтің бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

16) Ауылдық округ әкімінің аппаратында гендерлік теңдікті нығайту бойынша тиісті іс-шараларды жүзеге асырады;

17) Ведомствалық бағынышты кәсіпорындарға,мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың уәкілетті функциясын жүзеге асырады;

18) Заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады;

17. «Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

1) Барлық деңгейдегі атқарушы үкімет органдарымен өзара іс-әрекетін ұйымдастырады.Әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын нормативтік-құқықтық актілер,Тұжырымдамалар, болжамдар жобаларын сапалы даярлау мақсатында олардан уақытылы ақпарат алып,жобаларды әзірлеу мен сараптауға қатысады;

2) Ауылдық округ әкімінің аппараты әкімнің щещімдерін,өкімдерін уақытылы рәсімдеп,оларды сақтайды және таратады;

3) Қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күресіп,құқықтық тәртібін, заңдылықты және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасын қорғауды және қарулы күштер қызметін ұйымдастыру мәселелерінде ауылдық округ әкімі құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар мен іс-қимылын қамтамасыз етеді;

4) Қазақстан Республикасының Президенті,Үкімет Парламенті сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүргізетін мемлекеттік саясатты және оны жүзеге асыруда жүргізілетін шараларды түсіндіреді және насихаттайды;

5) Ауылдық округ әкімі аппараты мамандары мемлекеттік қызметті тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарайды;

6) Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған басқа да құқықты жүзеге асырады;

3. «Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

18. .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

басшылықты .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның

функцияларын жүзеге асыруға дербенс жауапты болатын бірінше басшы жүзеге асырады.

19. .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын жоғары тұрған орган басшысы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1) Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 35 – бабына сәйкес атқарылады.

«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бірінші басшы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінше басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайтын және қызметтен босатылатын әкім басқарады.

4. «Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

24. «Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік,сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыиым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. Тиісті саланың уәкілілетті органы мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады, өз құзіреті шегінде тиісті салада мемлекеттік мүлікті басқару аясындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысады;.

26. Қазақстан Республикасынның заңдарында көзделген жағдайларда коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландыратын жұмыстарының (көрсететін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

27. Тиісті саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындайды;

28. Қаржы басқармасын немесе аудандық қаржы бөлімдеріне коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсатын айқындау бойынша, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындау жөніндегі ұсыныстар енгізеді;

29. Тиісті саласындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерді қарайды, осы Заңда көзделген жағдайларда келісіледі және бекітеді;

30. Тиісті саласындағы коммуналдық заңды тұлғалар мүлкінің сақталуын және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

31. Қаржы басқармасына немесе аудандық қаржы бөлімдеріне коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе ол өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге келісімін береді;

32.Тиісті саладағы коммуналдық мемлекеттік мекемелердің жарғысын(ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

33. Тиісті саладағы коммуналдық заңды тұлғаның жылдық қаржылық есептелігін бекітеді;

34. Тиісті саладағы коммуналдық мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттен қаржыландыру жоспарларын бекітеді;

35. Тиісті мемлекеттік органға қарасты тиісті саланың коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлкін есептен шығаруға келісуді жүзеге асырады

5. «Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату

27. .«Өрлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


Мақаланың шыққан күні:: 31.07.2017 07:53
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 31.07.2017 07:53