Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.11.2017

Қызметтер

Ереже

Бөлім ережесі

  1. Жалпы ережелер

 

1. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мынадай ведомстволары бар.

1) «Тұрмыс Қызмет» жауапкершілік шектеулі серіктестігі;

3. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 060700 Атырау облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосы, Абай көшесі №16 үй.

10.Мемлекеттік органның толық атауы - «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11.Осы Ереже «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.

13. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен функциялары болып табылатын міндеттері орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

1.«Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

1) экономиканың энергоресурстарға өсіп отырған қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында аудан экономикасының энергетикалық секторын дамыту, коммуналдық, су, жылу, газ шаруашылығының және басқа да инженерлік желілерін дамытуға ықпал ету арқылы энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және автомобиль жолдарының жай-күйіне, олардың техникалық көрсеткіштеріне жәрдемдесу.

14. Негізгі міндеттері:

1) тұрғын үй-коммуналдық объектілерінің күзгі-қысқы маусымға дайындығымен, жыл бойғы және болашақтағы күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының қажеттіліктерін анықтайды;

2) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларына сәйкес аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды жөндеу және ұстау бойынша, сонымен қатар, аудандық көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, сондай ақ аудан көлеміндегі тұрғын үй-коммуналдық объектілерінің жөндеу жұмыстарын орындауда мердігерлерді анықтау үшін өткізілетін конкурстарды ұйымдастырады;

3) тұрғын үй-коммуналдық объектілерінің жөндеу жұмыстары және сатып алатын құрал жабдықтардың техникалық тапсырмалар жинағын қамтамасыз етеді, мердігерлермен келісім-шартқа отырып, оның орындалуын бақылайды;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінің және әлеуметтік сала нысандарының жобалау сметалық құжаттарының дұрыстығын, жөндеу жұмыстарын қадағалайды;

5) жергілікті бюджеттен және демеушілік көмектен берілген жұмыс көлемінің орындалуын талдайды.

6) автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды қайта жаңғырту, жөндеу, ұстау бойынша орындалған жол жұмыстарының сапасын мемлекеттік бақылауды және қабылдауды жүзеге асырады, сондай ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала объектілерінің жөндеу жөнінде техникалық орындау құжаттамаларын рәсімдеуге, сондай-ақ объектілерді пайдалануға қабылдауға жұмысшы және мемлекеттік комиссияларына қатысады;

7) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілеріне техникалық бақылауды жүзеге асырады, құрылыс нормасы және ережесінің сақталуымен қамтамасыз етеді және қажет болған жағдайда, құрылыстың жүру барысына нұсқаулар мен ескертулер береді;

8)тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінің инженерлік желілерінің құрылысына жер телімдерін бөлу кезінде нормативтік нормаға сәйкес жүруіне келісім береді;

9) аудан елді мекендерінің коммуналдық-тұрмыстық қажеті және мал бастары үшін жайылымдыққа су жеткізу қызметін субсидиялау қызметін жүзеге асырады;

10)аудан, облыс әкімдігіне жасалған бағдарламаларды жүзеге асыруда аудан әкімі аппаратының бөлімдерімен өзара байланысты әрекет ете отырып, өз жұмысының бағдарын анықтайды;

11) жыл бойы елді мекендерді көркейту, көгалдандыру, абаттандыру және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарының іс-шараларын жасақтап, санитарлық талаптарға сәйкес, күтіп, ұсталуын қадағалайды;

12) автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді:

-жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың

үлгі шартын бекітеді;

- автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекітеді;

-таксимен тасымалдаушы ретінде қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы

хабарлама берген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;

- таксимен жолаушы тасымалдау жұмысын бастау немесе тоқтату туралы хабарламаға

қабылдау талонын беруді іске асырады.

13)коммуналдық-транспорттық, энергетикалық мекемелердің қызметіне бақылау жасайды;

14) жеке адамдар мен заңды тұлғалардан түскен арыздарды, өтініштер мен ұсыныстарды тексеруді ұйымдастырады және шешуі бойынша ұсыныс бере алады;

15) аудан әкімдігінің мәжілісіне қаралатын мәліметтерді дайындайды, мәліметтерді жинап сараптама жасап, аудан әкімінің өкімдері мен қаулы жобаларын дайындайды;

16) елді мекендерді сумен, газбен, жылумен және электроэнергиямен қамтамасыз ететін және басқа да коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің жұмысын бақылайды;

17)әлеуметтік және әртүрлі меншік үлгісіндегі инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымдар объектілерінің, тұрғын үй-коммуналдық қорларын күтіп ұстау мен эксплуатацияға алуды ұйымдастыруға қатысады және көмектеседі;

18) аудан елді мекендері арасында жолаушылар қатынасын ұйымдастырады және олардың жұмыстарын бақылайды;

19) аудандық коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы шешімдер қабылдайды;

20) аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, аудандық коммуналдық мүлікке билік етуге уәкілетті атқарушы органға уәкілеттік береді;

21) аудандық жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

22) аудандық коммуналдық мүліктің пайдаланылуын және сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді;

23) ауданның жергілікті атқарушы органдары құрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді;

24) аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;

25) коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен), Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен иесі жоқ деп танылған, мемлекетке мұрагерлік құқығы бойынша өткен аудандық коммуналдық мүліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткізілген иесіз қалған мүлікті сақтауды, бағалауды және одан әрі пайдалануды ұйымдастырады;

26) сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

27) мемлекеттік басқару органы және құрылтайшысы Махамбет аудандық әкімдігі болып есептеледі.

28) мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына қолжетімділікті қамтамасыз ету.

29) заңнамалық белгіленген тәртіппен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызметтерді атқаруды қамтамасыз ету.

30) мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы мемлекеттік қызмет тұтынушыларының хабардар болуын қамтамасыз ету.

31) мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұтынушылардың шағымдары мен өтініштерін қарау.

15. Функциялары:

  1. мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тиісті нормативтік құқықтық актілер әзірлеу.

  2. мемлекеттік (жергілікті) атқарушы органның құзыретіне кіретін мемлекеттік қызмет бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін, мемлекеттік қызметтер тізіліміне өзгерістермен, толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу.

  3. аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын қиып өтуге және қиылысуға техникалық шарт беру және келісу;

  4. аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының инженерлік коммуникация, электр және байланыс желілерімен кесіп өтуіне келісу;

  5. аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойында бөлу жолағы және бөлу жолағының аумағында сыртқы жарық бағаналарын орналастыруға келісім беру;

  6. автобекеттердің тізілімін жүргізу;

  7. аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін бекіту;

  8. аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының тізбесін бекіту.

  9. кәріз, су құбырлары нысандарының жөндеу жұмыстарын жүргізіп, күнделікті бақылауда ұстау;

10) тұрғын үйлерде жылу, энерго, газ және су ресурстарын есептейтін құралдарының бар болуын бақылау;

11) кондоминиум нысанындағы бөлме иелерінің жалпы қолданылатын мүліктің техникалық жағдайына, оның инженерлік құрал жабдықтарына және олардың күтімімен, жөндеу жұмыстарының қолданыстағы сәйкес уақытында жүргізілуіне бақылау жасау;

12) кондоминиум нысанындағы жалпы қолданылатын мүліктің күрделі жөндеудің бөлек түрлерімен орындалған жұмыстарының сапасын бақылау;

13) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою.

14) су тазарту қондырғыларын сенімгерлік басқаруға беру комиссиясының жұмысына қатысады.

16. Құқықтары мен міндеттері:

1) 1999 жылғы 10 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» №493-I Заңға және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет

туралы» №543-I Заңға сәйкес жұмысқа қабылдау, босату және еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету.

  1. сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыруға және осы бағыттағы жіберілген

кемшіліктер үшін бөлім басшысы тікелей жауапты болады.

3) бөлімге бөлінген қаржы мен заттарды пайдалану және басқару құқын иеленеді және қаражатын өз мақсатында пайдаланылуына бақылау жасайды, қаржылық құжаттарымен, шығын сметаларына қол қояды, қызметкерлерге материалдық ынталандыру және сыйақы төлеу жағдайларын анықтайды, өз құзіреті шегінде басқа да мәселелерді шешеді.

4) аудан әкімдігі мен тиісті облыстық басқарма алдында беркітілген бағдарламалар мен жоспарларды іске асыру жөнінде өз жұмысынан есептер береді.

5) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарының құрылысын салу, оларды қайта жаңғырту, жөндеу және ұстау кезінде нормативтік талаптардың сақталуына тексеру жүргізуге.

 

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

17. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықтың «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

18. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

19. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бас мамандары болады.

20. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) бөлімнің қызметіне басшылық жасайды және оған жүктелген міндеттердің орындалуына қамтамасыз етеді;

2) өз қызметкерлерінің, құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

5) аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тиесілі мүлікті, қаржы қаражатын пайдалану, иелік ету және басқару құқығын иеленеді және қаржы тәртібінің сақталуы үшін дербес жауап береді.

6) заңнамаға сәйкес аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік басқару органы болып табылатын мемлекеттік кәсіпорынның директорын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

7) Бөлімнің атынан сенім хатсыз іс-әрекет етеді, мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда оның мүдделерін білдіреді;

8) Заңнамамен белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ оларға тәртіптік шаралар қолданады, мекемеде сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында іс-қимыл жасайды және сыбайлас жемқорлық бойынша алынған шараларға тікелей жауапкершілікте болады.

«Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкілеттерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

22. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы басқарады.

 

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

23. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік республикалық коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

26. «Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Махамбет аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қарамағында «Тұрмыс-Қызмет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бар.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 12:18
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.09.2017 15:15