Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
19.09.2017

Қызметтер

Махамбет аудан әкімінің

  2013 жылғы «    3   »  қаңтар

             №  631  қаулысымен

 БЕКІТІЛГЕН

«Махамбет аудандық ішкі саясат  бөлімі» мемлекеттік мекемесінің   ережесі

1. Жалпы  ережелер

1. Махамбет аудандық  Ішкі саясат  бөлімі ( бұдан әрі-Бөлім ) біріңғай мемлекеттің саясатын жүргізетін  аудандық әкімдіктің  дербес атқарушы органы саласында  басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының  мемлекеттік мекемесі  болып табылады.

2.  Махамбет аудандық  ішкі саясат  бөлімінің  ведомстволары жоқ.

3. Махамбет аудандық   ішкі   саясат бөлімі  өз қызметін  Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де             нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Махамбет аудандық  ішкі саясат  бөлімі  мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Махамбет аудандық ішкі саясат  бөлімі  азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 

7. Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі  басшысының бұйрықтарын қабылдайды.  

8. Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. Махамбет ауданы, Махамбет селосы, Абай көшесі, 16 үй. 

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Махамбет аудандық  ішкі саясат  бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже Махамбет аудандық  ішкі саясат бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Махамбет аудандық  ішкі саясат  бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен  бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Махамбет аудандық ішкі саясат бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. 

2. Ішкі саясат  бөлімінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

          

1. Бөлімнің негізгі міндеттері

1.қоғамдық-саяси құқықтандыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ мемлекеттік тәуелсіздікті нығайту, қоғамдық үрдісті демократияландыру және қоғамды нығайтып біріктіруді қамтамасыз ету;

2. мемлекеттік ішкі саясатты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің заңды актілері мен тапсырмаларын ауданда мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің жүзеге асыру барысын қадағалау;

3. Қоғамның демократиялық институттарының нығаюына, «Қазақстан – 2030» даму Стратегиясының негізгі басылымдықтарын түсіндіру мен насихаттауға атсалысу;

4. Мемлекеттік ішкі саясатты, қоғамдық-саяси сала мәселелері, Қазақстан Республикасының ішкі саясат жөніндегі заңнаманы насихаттауға және түсіндіруге арналған бағдарламаларды жүзеге асыру жұмысын үйлестіру;

5. Қоғамдық саяси процесстер мен олардың даму үрдісін жан-жақты, әрі ақиқатты түрде зерделеу, қорыту және талдау;

6. Аймақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру;

7.Аймақтық қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған социологиялық және политологиялық зерттеулер жүргізу;

8. Ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;

9. Қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси  және діни ұйымдармен, жұртшылдық өкілдерімен өзара қарым –қатынас жасау;

10. Аймақтық қоғамдық-саяси ахуалдың, саяси партиялар мен басқа қоғамдық ұйымдардың іс-әрекеттерінің мониторингін, талдауын және болжауын ұйымдастыру;

11. Бұқаралық ақпарат құралдарынада қоғамдық маңызды проблемалардың жариялануын бақылау, талдау.

2. Аудандық ішкі саясат  бөлімінің функциялары

1. Ішкі саяси процестерді мемлекеттік тұрғыдан  реттеп отыруға қатысу аймақтағы қоғамдық саяси  ахуалды, саяси партиялармен  басқа да қоғамдық  бірлестіктердің  қызметін талдау мен болжауды, мониторинг жүргізу мен  ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты  қамтамасыз етуге, қоғамды топтастыруға бағытталған  ұсыныстар беріп, жұмыстарды ұйымдастыру және  қазақстандық отансүйгіштікті  насхаттау мен тәрбиелеу;

2. Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің  тапсырмаларының орындалуына  бақылау жасауды қамтамасыз ету;

3. тұжырымдамалық құжаттарды әзірлеуге  қатысу, бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша қабылданатын аудан әкімінің шешімдері, өкімдері жобаларын дайындау және сараптама жүргізу;

4.  аймақ, қоғамдық –саяси экономикалық саладағы білік  огандарының қызметі  туралы ақпарат тарату  жүйесін жетілдіру жөніндегі әкімият  жұмысына қатысу;

5. бөлім құзырына жататын мәселелер  бойынша селолық округ әкімшілігі, аудандық бөлімдер мен мекемелер  ұйымдық және ақпараттық  байланыс орнатуды қамтамасыз ету;

6. Бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша  селолық округтердің  сәйкес қызметіне бақылауды  қамтамасыз ету және жұмысын үйлестіру;

7 аудан әкімі аппаратының  қызметін ақпараттық талдау жағынан қамтамасыз ету;

8. жергілікті деңгейде өтетін  қоғамдық саяси, мәдени шараларды  қамтамасыз ету;

9. мемлекеттік ішкі саяси мәселері бойынша  аудан әкімінің, аймақтық ақпарат  құралдарының қызметі мен  ақпараттық-насихаттық жұмыстарының жүру барысын үйлестіру және бақылау;

10. ауданның ішкі саяси мәселері  бойынша  аудан әкімдігінің  мәжілістеріне құжаттарды дайындауға қатысу;

11. ақпараттық мәліметтер базасын (компьютерлік, мәтіндік) әзірлеу, жинақтау, қорыту және жіктеу жұмыстарын жүргізу;

12. саяси партиялармен, діни және өзге де қоғамдық ұйымдармен  байланысты жүзеге асыру;

13. Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды  жүзеге асыру.

3. Құқықтары мен міндеттері

1. белгіленген тәртіп бойынша  мемлекеттік органдар  мен лауазым иелерінен,  басқа да ұйымдардан және азаматтардан  өз функциясын орындауға  қажетті ақпарат сұратуға, бөлім құзырына жататын  мәселелерді дайындау үшін  мемлекеттік органдар мен өзге де  ұйымдардың  қызметкерлерін қатыстыруға, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін  уақытша жұмысшы  топтарын құруға;

2. бөлім құзырына жататын мәселелер бойынша  ақпараттық- талдамалық  және өзге де материалдар  дайындауға;

3. тиісті мемлекеттік  органдар мен лауазым иелеріне  бөлім қызметі саласына  қатысты тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ  орталық және жергілікті  атқарушы органдар өткізетін шараларға қатысуға; бөлім құзыретіне енетін мәселелер жөнінде мәжілістер, семинарлар, конференциялар өткізуге;

4. жастар саясатын  жүзеге асырудың  аймақтық бағдарламаларын  және жергілікті деңгейдегі  ақпараттық саясатты жүргізуге  мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруға;

5. Бөлім құзыретіндегі мәселелер бойынша  атқарушы органдар  өкілдерінің  есептерін тыңдау мен алқа мәжілістерін өткізуге, олардың қорытындылары бойынша  аудан әкіміне анықтама беруге;  

6. Қазақстан Республикасы заңнамасында қарастырылған  өзге де құқықтарды жүзеге асыруға;

3. Ішкі саясат бөлімінің  қызметін ұйымдастыру

1. Махамбет аудандық  ішкі саясат бөлімі  басшылығын  ішкі саясат бөліміне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

2. Махамбет аудандық  ішкі саясат  бөлімінің бірінші басшысын аудан  әкімі  қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

3. Махамбет аудандық ішкі саясат  бөлімінің бірінші басшысының орынбасары Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

4. Махамбет аудандық  ішкі саясат  бөлімінің бірінші басшысының өкілеттігі:

1.  бөлім қызметкерлерінің мідеттерін және өкілеттерін анықтайды,

2. заңнамамен белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелеу шараларын алады;

3. заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлеріне тәртіптік шаралар қолданады;

4. мекемеде сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында іс-қимыл жасайды және сыбайлас жемқорлық бойынша алынған шараларға тікелей жауапкершілікте болады;

5. өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;

6.  заңнамада белгіленген тәртіппен бөлімді ұстауға бөлінген қаржыға билік етеді;

7. заңнамамен және осы Ережемен белгілеген құзырет шегінде бөлім қызметі мәселелерін дербес шешеді;

8.   азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, арыз шағымдарды қарайды;

9. өз құзыретіне  жатқызылған басқа мәселелер жөнінде шешімдер қабылдайды;

10.  заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттік атқарады.

5. Бірінші басшы өз қызметкерлерінің өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

6. Махамбет аудандық  ішкі саясат бөлімінің  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын бөлімнің басшысы  басқарады.

                                                                            

4. Мемлекеттік органның мүлкi

1. Махамбет аудандық  ішкі саясат бөлімі  заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкін. Махамбет аудандық   ішкі саясат  бөлімінің  мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

2. Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімімен  бекiтiлген мүлiк коммуналдық  меншiкке жатады.

3. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Махамбет аудандық  ішкі саясат  бөлімі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

  1. Махамбет ауданы бойынша  қайта ұйымдастыру және тарату

1. Махамбет аудандық Ішкі саясат  бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

     2. Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімінің қарамағында ұйымдар, аумақтық органдар, мекемелер, филиалдар жоқ.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 12:06
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 20.06.2016 12:06