Array Пайдалы кендер | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.04.2017

Қызметтер

Пайдалы кендер

Өңір  көмірсутек шикізаттары – мұнай мен газ, химиялық шикізаттар – борат рудасы, калий тұзы, кальций, бром, гипс, әктас, ас тұзы сияқты пайдалы қазбаларға өте бай, сондай-ақ, облыс жер қойнауынан тұңғыш рет табылып, әлемдік ғылымға ресми енген табиғи химиялық қосындылар (миниралдар) да жетерлік. Олар – Индерборит (1941 ж.табылған), Индерит (1935 ж.), Қорғантауит (1943 ж.), Стронциоборит (1960 ж.), Сәтимолит (1967 ж.), Курноковит (1940 ж.), Преображенскит (1953 ж.) ,Ивановит (1938 ж.), Волковскит (1960 ж.).

Атырау облысы көлемінде мемлекеттік тіркеуде тұрған 61 кең таралған пайдалы қазбалар  кен орындары бар.

Олар 8 қазба түрі, атап айтқанда 2 ас тұзы, 3 гипс, 1 известі тас, 2 мергелді бор, 5 кірпіш шикізаты, 6 құмды малта тас, 8 құрылыс құмы, ал қалғаны 23 сазды жыныстар кен орындарын құрайды.

Атырау қаласында - 7, Жылыойда - 17, Мақатта - 5  және Индер ауданында 12 кен орны  орналасқан.

2010 жылдың 15 мамырындағы мәліметте Атырау облысы бойынша кең таралған пайдалы қазбаларды пайдалануда 20 жер қойнауын пайдаланушылармен жасақталған 48 келісім-шарт тіркелген.

Соның ішінде 17 келісім-шарт «Атырау» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен жасақталған.


 


 


Мақаланың шыққан күні:: 23.06.2016 13:16
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 03.09.2016 15:04