Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
17.08.2017

Қызметтер

Атырау облысының соңғы үш жылдағы және 2015 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері

ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІ
Облыс бойынша 2011-2015 жылдары 682,7 мың га жер учаскелерінің ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің игерілмей отырғандығы анықталды. Оның ішінде 100,5 мың га жер учаскесі арнайы мамандандырылған кәсіпорын жүргізген түгендеу қорытындысымен анықталды.
535,1 мың га жер учаскесі немесе 78,3 пайызы мемлекет меншігіне қайтарылды. 103,4 мың га жер учаскелерінің меншік иелері берілген ескертулерден кейін өздеріне қарасты жер көлемін игере бастады.
2,1 мың га жер учаскесіне азаматтық – мәміле жасалды. 42,1 мың га жер учаскелеріне тиісті жұмыстар жүргізілуде.
131,6 мың гектары осы мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер есебінен айналымға енгізілді.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелерін түгендеу қортындысына сәйкес 3 396 пайдаланылмай отырған жер учаскелері анықталды.
Оның ішінде:
898 жер учаскесі немесе 26% мемлекет меншігіне қайтарылды.
1732 жер учаскесінің немесе 51% иелері жер учаскелерін игере бастаған.
128 жер учаскелері немесе 4% бойынша азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалған.
426 жер учаскесі немесе 12,7 % шара қабылдануда.
212 жер учаскелер немесе 6,3% ҚР Жер кодексінің 92 бабының 2 тармағына сәйкес жеке меншіктегі жер учаскелері болғандықтан бақылаудан түсірілді.


Мақаланың шыққан күні:: 16.06.2016 13:09
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.06.2016 13:09