Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

2016 жылғы «Еңбек жолы» республикалық конкурсының жеңімпазы

2016 жылғы «Еңбек жолы» республикалық конкурсының жеңімпазы2016 жылғы 30 қыркүйекте Астана қаласында Еңбек күніне арналған «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы» форумы өтті. Оның барысында «Еңбек жолы» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

2016 жылы байқауға қатысқан республика бойынша 460 адамның ішінен «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша Мақат кентінің тұрғыны Аралбековтер теміржолшылар әулеті жеңімпаз атанды.

Аралбековтер отбасының төрт буыны теміржол саласында еңбек етуде, олардың осы салада жалпы 298 жыл еңбек өтілі бар.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы атынан оларға қазақстанның таңдаған шипажайына сауықтыруларына сертификат берілді.

Еңбек күнін мерекелеу аясында 2016 жылы 5 қазанында Облыстық Еңбек Форумы өтті. Шара аясында облыс әкімінің орынбасары Ә.Нәутиев жеңімпазымыз Аралбековтерді облыс әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен марапаттады.

 2016 жылғы «Еңбек жолы» республикалық конкурсының жеңімпазы


Мақаланың шыққан күні:: 14.07.2017 03:10
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 14.07.2017 03:10