Array Қазақстан Республикасының 2013-2020 жж. «Жасыл экономикаға» көшу барысында тұжырымдамасының орныдалысы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.03.2017

Қызметтер

Қазақстан Республикасының 2013-2020 жж. «Жасыл экономикаға» көшу барысында тұжырымдамасының орныдалысы

«Жасыл экономикаға» көшу барысында Атырау облысы әкімдігі тарапынан атқарылған шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы №577 Жарлығымен Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамасы бекітілді.  

«Жасыл экономика» халықтың өмір сүру деңгейі жоғары болатын, қазіргі және болашақ ұрпақтың мүддесінде және елдің қабылдаған халықаралық экологиялық міндеттемелеріне сәйкес табиғи ресурстар ұқыпты әрі ұтымды пайдаланылатын экономика ретінде айқындалады.

«Жасыл экономикаға» көшу Қазақстанның әлемнің неғұрлым дамыған 30 елінің қатарына кіру жөнінде қойылған мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Тұжырымдамаға сәйкес Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі                       2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі №750 қаулысы бекітілді.

Атырау облысы әкімдігі тарапынан «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру бағатында бірқатар іс-шаралар атқарылуда. 

«Гринфортис» компаниясының жел электростанциясының құрылысы бойынша Атырау облысы әкімдігі және «Гринфортис» компаниясы арасында «Қуаттылығы 50 мВт жел электростанциясының құрылысы» бойынша өзара түсіністік және ықпалдастық жөнінде Меморандумға қол қойылды. Қазіргі уақытта 600 га аумаққа жер учаскесі берілді.

         Сонымен қатар жел электростанциясының құрылысы бойынша «Атырау» ӘКК ҰК» және «Enprode Engineering & Construction» арасында «Karabatan WindFarm» біріккен кәсіпорнын құру жөнінде келісім орнатылды.                                 

 

 

 "О Концепции по переходу Республики Казахстан к "зеленой экономике»" КОММЕНТАРИЙ к Указу Президента Республики Казахстан от 30 мая 2013 года № 577 (57.5 Кб)

 "Об утверждении Плана мероприятий по реализации Концепции по переходу Республики Казахстан к "зеленой экономике" на 2013 - 2020 годы (57.5 Кб)


Мақаланың шыққан күні:: 27.06.2016 10:19
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.06.2016 10:19