Array 056 - Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.05.2017

Қызметтер

056 - Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау

056 - Кредиттер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау 2016 жылғы 23 мамырдағы №232 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына сәйкес облыстың ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын орыналастыру: жылдық қаражат- 98 818,0 мың теңге: сәуір-49 409,0 мың теңге; шілде -49409,0 мың теңге;

 

Агроөнеркәсіптік кешен субьектілерінің кредиттік-лизингтік шарттары бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға өтініштер қабылдау

Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы, Атырау қаласы бойынша агроөнеркәсіптік кешен субьектілерінің кредиттік-лизингтік шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау үшін қаржы институттарынан құжаттар қабылдайтыны туралы хабардар етеді.

Бағдарламаның шарттары бойынша: айналым қаражатын толықтыру, негізгі құралдарды сатып алу және құрылыс, ауыл шаруашылығы малдарын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алу лизингінің сыйақы ставкалары, сонымен қатар, айналым қаражатын толықтыру, негізгі құралдарды сатып алу және құрылысқа, ауыл шаруашылығы малдарын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алу үшін қарызға алынған қаражаттарды толығымен немесе ішінара өтеудің сыйақы мөлшерлемелері теңгемен жылдық 7 % немесе 10 (он) %-ға және шетелдік валютамен жылдық 5 % немесе 7 (жеті) %-ға төмендетіледі.

Субсидияларды беру шарттары, ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар, өтініштерді қабылдау және шешімдерді шығару тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Кредиттер, сондай-ақ, технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі және ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алу бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 23 мамырдағы №232 бұйрығымен бекітілген.

Бағдарламаны іске асыру аясында атқарылатын қызметті көрсетуші Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасы.

Мекен-жайы: Атырау қаласы, Әйтеке би,77 тел. 8/7122/ 35-45-91, 30-82-59


Мақаланың шыққан күні:: 09.02.2017 18:32
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.02.2017 18:32