Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша»

 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы іске асырылуда

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының міндеттерін іске асыру аясында «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы бойынша облыстың білім беру саласында «Туған жер» арнайы жобасының «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы іске асырылуда.

Аталған кіші бағдарламаның төрт бағыты: «Саналы азамат», «Өлкетану», «Отаным - тағдырым», «Кітап – білім бұлағы» - бойынша 2017-2022 жылдары аралығында облыста 64 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы бірыңғай ұлттың бәсекеге қабілетті, прагмативті, жауапты, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру, тәрбие мен білім берудің ұлттық жүйесін қалыптастыру мақсатын көздейді.

Бағдарламаның жүзеге асуы барысында көптеген шаралар өткізілуде.

 

 


Мақаланың шыққан күні:: 21.09.2017 01:09
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.09.2017 10:45