Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

Жоспар

Құрылысы 2016 жылы басталған «Кудряшов елді мекеніне кірме – Жаңа ауыл - Арна» жалпы ұзындығы 7 шықырым құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолына облыстық бюджеттен 599 845 333 теңге қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылды. Мердігер мекеме «Костанай жолдары» ЖШС-гі. 2017 жылы жұмыстар толығымен аяқталып, нысан пайдалануға берілді.

2016 жылы Ганюшкино, Аққөл, Утера, Котяевка, Теңіз, Сафон елді мекендеріндегі кірме және ауылішілік автомобиль жолдарының құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасақтауға 58 600 000 теңге бөлініп жұмыстар атқарылды. Нысын 2017 жылға ауыспалы. Қазіргі таңда, барлық нысандары бойынша жобалау-сметалық құжаттамалары жасақталып, оның ішінде Ганюшкино, Утера, Сафон, Котяевка, Теңіз елді мекендерінің жобалары мемлекеттік сараптамадан өтіп, жұмыстар толығымен аяқталды. Ақкөл елді мекені бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталғанымен, мемлекеттік сараптамадан уақытылы өтпей, осының негізінде, 25.09.2017ж. №050140007574/170092/00 жасақталған екіжақты келісім шарт 04.12.2017ж. бұзылды. Қазіргі таңда, аталған ЖСҚ-ың мемлекеттік сараптамадан өткізуге 2018 жылға қаржы сұралды.

Киров ауылдық округіне қарасты Дәшін елді мекеніне кірме және ауылішілік автомобиль жолдарының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 2017 жылғы жобалау-сметалық құжаттама жасақтауға 24 120,0 мың теңге, Нұржау елді мекеніне кірме және ауылішілік автомобиль жолдарына 24 300,0 мың теңге, Орлы елді мекеніне кірме және ауылішілік автомобиль жолдарына 19 620,0 мың бөлінді. Мердігер мекеме «Арнай» ЖШС-гі. Қазіргі таңда жобалау жұмыстары жүргізілуде, тапсыру мерзімі мамыр 2018 жыл.

Аудандық маңызы бар «Котяевка-Шортанбай» автомобиль жолының күрделу жөндеу жұмыстарына 58 000,0 мың теңге, «Жасталап-Жыланды» автомобиль жолының жаңғырту жұмыстарына 98 000,0 мың теңге бөлінді. Күні бүгін, «Жасталап-Жыланды» автомобиль жолының мердігер мекемесі болып «БекетСәтЖол» ЖШС-гі, «Котяевка-Шортанбай» автомобиль жолы бойынша «КарасайСтройСервис» ЖШС-гі мердігер мекемелер анықталды. Қазіргі таңда, аталған мердігер мекемелерімен келісім шарттары жасақталып құрылыс жұмыстары жүруде.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстауға 10,0 млн. теңге бөлінді. Мердігер мекеме «Ганюшкин-Құрылыс» ЖШС-гі, қаржысы толығымен игерілді


Мақаланың шыққан күні: 30.03.2018 06:04

Парақтағы соңғы өзгерістер: 30.03.2018 06:04

Қаралым саны: 1403