Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру

Объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру тендерлік негізде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №17 бұйрығы негізінде объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру кезінде құрылтайшы тендер өткізу туралы хабарламаны тізілімнің веб-порталында жариялайды, ал объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде тендер өткізгенге дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын тізілімнің веб-порталында және "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-7-тарауларына сәйкес құрылтайшы конкурс тәсілімен айқындаған мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде www.gosreestr.kz веб сайтына жариялайды және мынадай мәліметтерді:

1)тендердің шарттары мен тендер жеңімпазын айқындау өлшемшарттарын;

2)объектінің қысқаша сипаттамасын;

3)тендерді өткізу күнін, уақытын; 4)осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерге қатысуға өтінімді (бұдан әрі – өтінім) беру тәртібін, мерзімін;

5)кепілдік жарнаның мөлшері мен оны енгізу үшін банк деректемелерін (кепілдік жарнаның мөлшері хабарлама жарияланғаннан кейін өзгертілмейді);

6)объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объектінің бастапқы бағасын;

7)тендер қатысушысына (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарды қамтиды.

Құрылтайшы сенімгерлік басқаруды тағайындау мақсатында:

1) тендер ұйымдастырады (тендерлік комиссияның құрамы мен жұмыс регламентін бекітеді, хабарламалардың жариялануын қамтамасыз етеді);

2) "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабына сәйкес объектіні бағалауды жүргізуге шарттар жасасады;

3) тендердің немесе жабық тендердің өткізілу барысын бақылауды жүзеге асырады;

4) сенімгерлік басқарушымен шарт жасасады;

5) объектіні сенімгерлік басқаруға беруге байланысты өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Құрылтайшы тендерлер немесе жабық тендерлер ұйымдастыру және өткізу үшін тендерлік комиссия құрады.

Тендерлік комиссия мынадай функцияларды жүзеге асырады:

 

1) тендердің немесе жабық тендердің шарттарын және тендерге немесе жабық тендерге қатысушыға (сенімгерлік басқарушыға) қойылатын талаптарды айқындайды;

2) кепілдік жарнаның мөлшерін бекітеді;

3) объектіні кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру кезінде объектінің бастапқы бағасын белгілейді;

4) мүлікті кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер немесе жабық тендер өткізеді;

5) объект кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға берілген жағдайда тендер немесе жабық тендер жеңімпазын жариялайды.

Тендерге қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және тендер басталғанға дейін екі сағат бұрын аяқталады.

Тендерге немесе жабық тендерге қатысу үшін қатысушы мыналарды:

1) жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;

4) байланыс деректерін (пошталық мекенжайын, телефонын, е-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын ала тіркелуі қажет.

Тізілімнің веб-порталы жеңімпазға тендер немесе жабық тендер нәтижелері туралы хаттамаға қол қою үшін электрондық пошта арқылы тендер нәтижелері туралы хабарлама жібереді.

Объектіні сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер нәтижелері туралы хаттамада:

1) себептерін көрсете отырып жіберілмеген қатысушылар тізімі;

2) жіберілген қатысушылар тізімі;

3) жеңімпаз көрсетіледі.


Мақаланың шыққан күні: 25.06.2018 00:29

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.06.2018 00:29

Қаралым саны: 1034