Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Облыстық бюджеттен қаржыландыратын жергілікті атқарушы органдардың автоматтандыруға жататын функциялар тізбесі денсаулық саласы бойынша

14 тармақ бойынша

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп, халықтың денсаулығын жануарларға және адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды іске асыру.

Бруцеллез туралы

Алғашқы анықталған жұқпалы ауру науқастар туралы ережеге сәйкес ауру анықталған кезде эпидемиологиялық ахуалды сақтау бойынша, жедел ауру ошақтарымен жұмыс жүргізуге - жұмыс жоспарын жасақтап, ветеринарлық бөлімімен келісіп, міндетті түрде келесі жұмыстарды жүргізу қажет:
- науқас шыққан ошақтарда қосымша анықтау - зерделеу жұмыстарын жүргізу;
- жаңадан науқастар анықталған жағдайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен қалалық, аудан әкімшілігін жедел хабардар ету,
- анықталған науқастардың үзбей емделуін ұйымдастырып, айыққанша қажетті бақылауда ұстауға міндеттеу.

16 тармақ бойынша
Тұрғындарды қоршаған ортаға қауіп төндерін аурулар және әлеуметтік маңызды аурулардың таралуы туралы хабардар ету

Коронавирустан сақтандыру туралы

Шетелге, әсіресе Сауд Арабиясы, Иордания, БАӘ, Египет және Тунис елдеріне баратын азаматтарға тұрғындарды коронавирустан сақтандыру мақсатында облыстың медициналық ұйымдарымен түсініктеме жұмыстары кеңінен жүргізіле отырып, азаматтардың тізімі облыстық емдеу-сауықтыру ұйымдарында тіркеліп, қатаң бақылауда болады. Ал, шетелге барып келген азаматтар тексеру мақсатында қан тапсырады.
Коронавирустың алдын-алу мақсатында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай облыстың емдеу-сауықтыру мекемелері басшыларының қатаң бақылауында.

Қызылша ауруының сақтандыру туралы

Қызылша ауруының алдын алуының басты шарасы бұл вакцинация. Сол себепті мақсатты топтағы балаларды қызылшаға қарсы уақытты екпемен қамту жүргізілуде.
1. вакцинамен басқарылатын инфекцияларды диагностикалау, профилактикалау мәселелеріне, оның ішінде жалпы практикадағы дәрігерлерді, педиатрларды, учаскелік терапевттерді, мейіргерлерді және тағы басқаларды вакциналық профилактикалауға үйретудің тиімділігін мониторингілеу үнемі жүргізіліп отырады;
2. балаларды «тарату» кезеңінде, жазғы демалыс кезінде егілмеген балаларға егу жүргізу үшін балалардың тізімі жасақталып, облыстың барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінде вакцинация жұмыстары басталып кетті;
3. бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықтың арасында қызылшаны ерекше профилактикалау жөніндегі кең ауқымды ақпараттық-насихаттау жұмысын қамтамасыз ету бағытында мақалалар жариялау, дәрістер өткізу, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары мен медициналық қызметкерлердің қатысуымен теледидар және радио арқылы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде.

19 тармақ бойынша

Ата –аналарының және өзге де заңды өкілдерінің келісімімен «қауіпті» скрининг нәтижесінде анықталған балалар тобын психологиялық-медициналық –педагогтық кеңеске жолдауды қамтамасыз ету

Балаларға жүргізілген профилактикалық скринингтік медициналық тексеру кезінде және туа бітті, тұқым қуалаушы аурулар анықталған кезде балалар медико-педагогикалық-психологиялық комиссияға жолданады.
Аталған шешім «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білі беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігінің 2013 жылғы 4 шілдедегі №258 бұйрығына негізделген.
Мектепке дейінгі арнайы ұйымдар мен даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерге балаларды қабылдау медико-педагогикалық-психологиялық кеңестің қорытындысымен және ата-аналарының (заңды өкілдерімен) өтінішімен жүзеге асырылады. Көз көруі, құлақ естуі, сөйлеу қабілеті бұзылған, тірек-қозғалыс аппаратының, психологиялық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы ұйымдар білім беру барысын жүзеге асырады.


Мақаланың шыққан күні:: 15.06.2016 17:19
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2016 17:19