Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

Мемлекеттік рәміздер арқылы оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыру

Өскелең ұрпақ Отан-ананың киелі ұғымдарын әрқашан жадында сақтауы қажет. Жалпы біздің ұлттық тәрбиемізде адамгершілік, ар, ұят, намыс, адалдық, әділдік, үлкенге құрмет сияқты адамдық қасиеттері айрықша орын алады. Бұл қағидалар адамдардың бірлесіп, тату-тәтті өмір сүруінің мызғымас негізін қалайтыны белгілі. Білім беру ұйымдарында жас ұрпақты тәрбиелеуде олардың Отанға, мемлекеттік рәміздерге, елге деген сүйіспеншілігін арттырып, оқушыларды топшылдыққа, мейрімділікке, адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, батылдыққа, ел рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу мақсаты тұрады.

Мемлекеттік рәміздер арқылы Егемен Қазақстан Республикасының халқын, оның ішінде жастарды адал азамат, патриотты жанкүйер ретінде тәрбиелеп шығару - білім ошағындағы әрбір ұстаздың негізгі міндеті болуы керек.

Өз ұлтының, өз мемлекетінің ұлтжанды азаматы қайда барып, қайда жүрсін, ол ең алдымен өзгеге осы мемлекеттік нышандары арқылы мақтанып, мадақтануы қажет. Олай болса әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керегі екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Сондықтан әрбір ұстаз жеткіншек ұрпаққа әр сабағында мемлекеттік нышандар туралы терең ой қозғап, сол арқылы болашақ өмірдің өнегелі тұлғасы болуға, оларды жан-жақты даярлауы қажет.

Қазақстанның әрбір азаматы Қазақстан Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Бұл - туған ел алдындағы борышымыз.


Мақаланың шыққан күні: 29.04.2019 10:31

Парақтағы соңғы өзгерістер: 29.04.2019 10:31

Қаралым саны: 626