Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы әлеуметтік-экономикалық дамуыныңпараметорлері

2018жылы облыста дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық-бұқаралық шараларды өткізу, жоғары жетістіктер спортын, олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлерін, дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.

Облыста спорт инфрақұрылымы қарқынды дамытылуда. 2018 жылы 1 стадион , 4 спорттық кешен, 25 спорттық залдар және тағы да басқа спорттық имараттар іске қосылды. Махамбет аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ғимаратына екі спортзалдан тұратын екі қатарлы жапсаржай салынды.

Облыста дене шынықтыру мамандарының саны артып, дене шынықтыру ұжымдарының саны көбеюде. Дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын 467 жаттықтырушы жүзеге асыруда. Былтырғыға қарағанда жаттықтырушылар саны 23-ке артып отыр. Олардың 309-ы жоғары білімді.

Спорттық-материалдық базаның нығаюы облыс бойынша дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының өсуіне оң әсерін тигізді. Облыс бойынша дене тәрбиесі мен спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны артып, жалпы облыс халқының 31,6 %, яғни 199550адамды құрады, оның ішінде ауылдық жерде – 94170.

Облыстағы барлық мектептерде кешкі уақытта және сенбі, жексенбі күндері тұрғындарға қоғамдық негізде тегін спортпен айналысуына жағдай жасалған. Балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мақсатында жалпы облыс бойынша 16 балалар жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Оның ішінде 5-еуі қалада, 11-і ауылда.

         Олардың ішінде 2018 жылы Мақат ауданының Доссор кентінде және Атырау қаласының Кеңөзек елді мекенінде 2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ашылды.

         Спорт мектептерінде спорттың 24 түрі дамытылуда. Спортпен шұғылданушы балалар мен жасөспірімдер саны былтырғымен салыстырғанда 1858-ге көбейіп, 12874жастар мен жасөспірімдер жүйелі түрде спортпен тегін шұғылдануда.Спорт мектептерінде жаттықтырушылар саны 391-ті құрап, былтырғымен (324) салыстырғанда 67-ге көбейіп отыр.

2018 жылы Құрманғазы ауданында балалар мен жасөспірімдер дене даярлығы клубы ашылды. Осылайша облыста білім беру бөлімдері жанынан ашылған 6 балалар - жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубтары қызмет етуде. Оларда жаттығушылар саны 2017жылы -2800 болса,   биылғы жылы 1319-ға көбейіп, 4119-ды құрады.    

Облыс көлемінде 8 кәсіби спорттықклубтар жұмыс жасайды. Спорттық клубтарда жаттығушылар саны -2274 (2017жылы -2669). Оның ішінде ауылдық жерлерден жаттықтырушылар тарту арқылы қамтылып отырған балалар мен жасөспірімдер саны – 562.

Облыста мүмкіндігі шектеулі жандарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында облыстың 6 ауданында «Мүгедектер спорттық клубы» жанынан спорт жөніндегі әдіскерлер жұмысқа қабылданған. Бұл санаттағы жандар арасында 597 адам спортпен шұғылдануда

Мүгедектер спорт клубына 1 спорттық кешен толығымен беріліп, мүгедек-спортшылардың оқу-жаттығу процестеріне тікелей үйлерінен тасымалдау үшін 4 автокөлік бөлінген. Спорт кешенінде тірек қозғалыс жүйелері бұзылған, есту қабілеті төмен, зағип барлық санаттағы 307 мүгедек спортшылар спорттың 16 түрімен тегін шұғылдануда.

Ауылдық жерде спортпен шұғылданушы мүгедек спортшылар саны -116-ны құрап отыр. Олардың ішінде 13 спортшы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленген, 27 –сы спорт шебері, 45-і спорт шеберіне үміткер. 44 спортшы ҚР Ұлттық паралимпиадалық және сурдолимпиялық құрама қатарына еніп отыр.

Футболға қызығушы 500-ге жуық балалар, жасөспірімдер және жастарды бір орталықта тәрбиелеу мақсатында футбол орталығы жұмыс істеуде. Жергілікті балалармен шұғылдану үшін шетелден арнайы 5 жаттықтырушы шақыртылып, жұмыс жасауда.

Қысқы спорт түрлерін дамыту мақсатында салынған Мұз айдыны базасында «Бейбарыс Атырау» кәсіби спорттық клубы жұмыс жасауда.

Қосымша 2 бапкер жұмысқа қабылданып, штаттық кесте бойынша 8 жаттықтырушы кәсіби командамен қатар жергілікті балалардан құралған команданы спортқа баулуда.

Спорттың ойын түрлері бойынша «Атырау барыстары» спорттық клубында мәнерлеп сырғанау дамытылуда.

Әлемдік стандартқа сай 4 жабық, 4 ашық корттан тұратын Теннис орталығы да Қазақстан Республикасы Теннис федерациясының Атырау облыстық филиалына сенімгерлікпен басқаруға берілген. Бүгінгі таңда 80 бала мен жасөспірім тенниспен тегін шұғылдану мүмкіндігіне ие болып отыр.

Облыста спорттың 22 олимпиадалық және 28 олимпиадалық емес түрін, 1 техникалық спорт түрін, 11 ұлттық спорт түрін, жалпы 62 спорт түрін және мүгедектер спортын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Облыстағы спорттық мекемелер мен ұйымдарда 7965 спорттық секция жұмыс жасайды, оның ішінде 3166 секция ауылдық жерде.

2018 жылы «Спорт – денсаулық кепілі» девизімен спорттық жарыстар, денсаулық фестивалі,  облыстық мектеп лигасы, мемлекеттік қызметшілер, салалық қызметкерлер арасындағы, сонымен қатар кәсіби мерекелерге арналған спорттық-бұқаралық шаралар және т.б. 245000 адамды қамтыған 1200 спорттық – бұқаралық шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Атырау қаласындағы тұрғындардың бос уақыт өткізу орындарында, Жайық жағалауы мен демалыс орындарында бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған турниктер, «Спорттық аялдама» жобасы бойынша 5 тренажер алаңдары мен 4 стрит-воркаут алаңдары салынып пайдалануға берілді.

Тұрғындардың демалысында бос уақытын тиімді өткізу және бұқаралық спортпен шұғылдануға арналған көше жаттығу құрылғылары Мақат және Жылыой аудандарында орнатылған.        Жылыой ауданының Қара Арна және Ақкізтоғай елді мекендерінде ашылған спорт мектептеріне қосымша кіші футбол алаңын, баскетбол, теннис корттарын және Құлсары қаласында орналасқан спорт мектебіне «BI GRUPP» мекемесімен көше жаттығуларын жасау үшін «Street Workout» құрылғысын орнатып, заманауи ойын алаңы салынып берілген. Бұл алаңда кіші футбол, стритбол спорт түрлерімен шұғылдануға болады.Республикалық және халықаралық жарыстардың жоғары нәтижелері бойынша 2018 жылы Қазақстан Республикасының құрама командасының қатарына түрлі спорт түрлерінен жасөспірімдер құрама командасына - 60, жастар құрамасына - 46, негізгі құрама командаға – 114, барлығы Атырау облысының 220 спортшысы енген жоспар бойынша ұлттық құрама командалардың сапында халықаралық жарыстарға қатысып, жоғары шеберліктерін арттыруда.         Паралимпиадалық және сурдолимпиадалық құраманың қатарына 44 спортшы енді.         Спорттық күнтізбелік жоспарға сәйкес жыл бойы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының сапында Әлем және Азия чемпионаттарда қатысып, 9 спортшы – Әлем чемпионы, 12 спортшы – Азия чемпионы, 14 спортшы Әлем кубогінің иегері, 61 спортшы – Әлем және Азия чемпионатының жүлдегері атанды.        18 тамыз - 3 қыркүйек күндері аралығында Джакарта (Индонезия) қаласында жазғы Азия ойындарына Қазақстан ұлттық құрамасы сапында                 4 спортшымыз сынға түсті. Белбеу күресінен – 3 спортшы, таеквондодан – 1 спортшы қатысып, таеквондодан Дениз Жансель күміс жүлдеге ие болды.       6-13 қазан аралығында Атыраулық спортшылар Азия Пара ойындарында 3 алтын, 2 күміс және 5 қола медальға ие болды. Отырып ойнау волейболы командасы қола жүлдегері атанды. Ұлттық құрама сапында 8 спортшы сынға түскен болатын. Дзюдодан жекелей сында бақ сынаған Дәулет Теміржан қола жүлдеге ие болды. Дзюдошыларымыз тағы бір қола медальді командалық сында еншіледі. Командалық сында жерлестеріміз Ануар Сариев, Темірболат Ташекенов және Дәулет Теміржан үздік үштіктен көрінді. Жүзу спорты бойынша жерлесіміз Дмитрий Ли 5 бірдей медаль жеңіп алды. Ол 400 метрде еркін әдіспен жүзуде алтын, 100 метрде еркін әдіспен және 200 метрде кешенді жүзуде күміс медаль, 50 метрде еркін әдіспен жүзуде және 100 метрде баттерфляй әдісімен қола жүлде иеленді. Ержан Сәлімгереев  50 және 100 метрде еркін әдіспен жүзуде жеңімпаз атанды.         6-18 қазан аралығында Аргентинаның Бэнос-Айрес қаласында  ІІІ жасөспірімдер Олимпиадасы өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 57 спортшы сынға түсті. Оның екеуі атыраулық спортшылар. Карате спортынан Батырғали Әбілмансұр жекелей сында қола жүлдеге ие болды.         Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының             2018 жылға арналған спорттық-күнтізбелік жоспарына сәйкес, әр түрлі спорт түрлерінен бұқаралық-спорттық іс-шаралар өткізілді.    Оның ішінде стандартты «классикалық» шахматтан Қазақстан Республикасы чемпионатының жартылай финалы, таеквондодан кадеттер арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты, бокстан 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының аймақтық біріншілігі, 2001-2003 ж.т. жасөспірімдер арасында еркін күрестен ҚР чемпионаты, Бүкіләлемдік бокс сериясы аясында «Astana Arlans» және «British Leonhearts» командалары арасында жартылай финалдық кездесулер, Қазақстан бокс федерациясының Құрметті Президенті А.Кулибаевтың жүлдесіне және Қазақ Батырлары Исатай Тайманұлымен және Махамбет Өтемісұлының рухына арналған бокстан ересектер арасында, соңымен қатар жастар арасында Ж.Нажмеденов атындағы халықаралық турнирлер өткізілді.

Бұқаралық-спорттық іс-шаралар, жаппай қайырымдылық веложарысы, 4,5 км, 10 км және 42 км қашықтықта «Атырау марафоны – 2018», мемлекеттік қызметкерлер арасында «Әкем, анам және мен-спорттық жанұя» сайысы, жаппай жүгіріс шарасы, «Алға басу-движение вперед» қайырымдылық жүгірісі, 23 маусым-Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу қарсанында мемлекеттік қызмет органдарының 20 жылдығын ұлықтау аясында мемлекеттік қызметшілердің облыстық спартакиадасы, Олимпиада күніне арналған спорттық-бұқаралық шаралар, 100 м, эстафета 4х100, 1000 м қашықтықтағы жеңіл атлетикалық сайыстар, 5 км қашықтықтағы түнгі марафон ұйымдастырылып, өткізілді.

«Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» халықаралық форум аясында қазақ күресінен ашық республикалық турнир, тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасында жекелей есептегі турнир, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне облыстық іріктеу ұйымдастырылды.

1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай кикбоксингтен Атырау-Тбилиси құрамалар арасында жолдастық кездесу өткізілді.Облыс спортшылары түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Есепті кезең ішінде Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 18 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 145 Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткердайындалды.

Қазіргі таңда облыс орталығы Атырау қаласында футбол манежі құрылысын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы жасақталуда. Бас жобалаушы мердігер - НИИТЭП (Институт Жилья) жауапкершілігі шектеулі серіптестігі.

Мемлекеттік - жекеменшік әріптестік тетігін қолдана отырып, Атырау қаласында жабық жеңіл атлетикалық манеж салу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Құрманғазы ауданында «Менің елім» Ұлттық жобасына белсенді ниет білдірушілердің бірі «KEGOC» акционерлік қоғамына аудандағы спорттық инфрақұрылымды дамыту жөнінде ұсыныс жасалды.

Жапония елінде өткізілетін Олимпиада ойындарына жолдамалар ұтып алу жөніндегі, жоғарғы жетістіктер спортын дамыту, спорт резервін дайындау, бұқаралық спортты дамыту жөніндегі жұмыстар жалғасын таба береді.


Мақаланың шыққан күні: 23.01.2019 15:12

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2019 15:12

Қаралым саны: 938