Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлері (2017 жылғы қаңтар-шілде аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы)

Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының параметрлері (2017 жылғы қаңтар-шілде аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы)ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ:

2016 жыл қорытындысы бойынша спорттық қондырғылар саны 984-ті құрады. Үстіміздегі жылы ақпан айында ақпан айында Құрманғазы ауданының Шортанбай, Байда ауылдарында жедел құрастырмалы спорттық кешендерінің ашылу рәсімі өткізілді. Атырау қаласының Ақсай селолық округіне қарасты Ақжар аулында және Дамбы селолық округіне қарасты Қызылбалық ауылында, Жылыой ауданының 3 (Жаңа таң, Жаңа Қаратон, Шоқпартоғай) ауылында спорттық кешендер құрылысы аяқталуда.

Спорттық қондырғылар санының көбеюі, спорттың материалдық базасының жетілдірілуі облыста дене шынықтыру мен спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар санының өсуіне ықпалын тигізуде. Облыс тұрғындарының 25,9 пайызы немесе 155115 адам тұрақты түрде дене шынықтыру мен спортпеншұғылданады.

Облыс бойынша 21 олимпиадалық, 27 олимпиадалық емес, 11 ұлттық, 1 техникалық спорт түрі, сонымен қатар мүгедектер спорты дамытылуда. Спорттық ұйымдар мен мекемелерде спорттың 23 түрі бойынша 803 спорттық секциялар жұмыс жасауда..

11 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спортпен шұғылданушылар саны 9682-ні құрайды.

Жалпы спорттық секцияларда орта білім беру мекемелері оқушыларының 11,2 пайызы немесе 11485 бала спортпен шұғылданады.

Жыл сайын спорт саласы мамандарының саны артып, бүгінгі күні 386 жаттықтырушы қызмет етеді, олардың 233-і жоғары білімді.

8 спорттық клубтар, жоғары спорт шеберлігі мектебі, олимпиадалық резервті даярлау орталығы, 3 дене дайындығы бойынша балалар-жасөспірімдер клубы қызмет етеді.

 Мүгедектер спортын дамытуда оң өзгерістер байқалуда. Бұл санатта спортпен шұғылданушылар саны 528-ді құрайды. Олардың ішінде 9-ы халықаралық деңгейдегі спортшылар. 24-і Қазақстан Республикасының паралимпиялық құрама командасының қатарына енген, 18-і Қазақстан Республикасының спорт шебері, 12-сі спорт шеберлігіне үміткер.

Қазақстан Республикасының құрама командасының қатарына әр түрлі спорт түрлерінен 200 облыс спортшысы еніп отыр, 32-і жасөспірімдер құрама командасында, 35-і – жастар құрамасында, 133-і - негізгі құрамда.

Облыс спортшылары республикалық, халықаралық жарыстарға қатысып, үлкен жетістіктерге қол жеткізуде.

Дели (Үндістан) қаласында грек-рим күресінен ересектер арасында өткен Азия Чемпионатында облыс спортшысы Ережепов Мақсат 1-орынға ие болды.

Батырғали Әбілмансұр Хорватия елінде 1-орынға қол жеткізіп, карате-додан Әлем Кубогінің иегері атанды.

Муайтайдан Белоруссия елінде өткен Әлем чемпионатында Саясатов Еламан 2-орынға, Жеңіс Дидар 1-орынға ие болды.

Самбо күресінен облыс құрама командасының мүшелері Ж.Парасат, Қ.Тайжанова, А.Еспусинов Өзбекістан елінің Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанып, Болатбекұлы Дәурен 2-орынға қол жеткізді.

Котов Андрей Франция елінде өткен киокушинкай-каратеден өткен Еуропа Чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

Облысымыздың 3 спортшысы (А.Қанатова, Ж.Мұхамбетова, Г.Жарылғасова) армрестлингтен өткен Азия Чемпионатында алтын медальға ие болды.

 Ересектер арасында 9 спортшысы ел жеңімпазы атанды:

-кикбоксингтен: Сәлімгереев Жанәлі, Дюсупов Абзал, Назарбеков Жандос;

-бокстан: Ищанова Назым;

-жекпе-жектен: Темиров Исатай;

-муайтайдан: Саясатов Еламан, Асанова Айымгүл, Галиев Абил, Галиев Ишан.

Жастар арасында ел чемпионатында алтын жүлдеге 4 спортшымыз ие болды: (еркін күрес: Сұлтан Жақсылык, грек-рим күресінен: Дүйсенғалиев Нұркен, Қисметов Қахарман, Қосаманов Асылбек).

 Мүгедектер спорттық клубының мүшелері жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Паратаеквондодан Кореяда өткен Азия Чемпионатында Домбаев Нұрлан 1-орынға ие болды.

Параволейболдан облыс спортшылары ел құрамасының қатарында Қытай елінде өткен Азия чемпионатында 2-оранға ие болып, 2018 жылғы Әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

Бұл халықаралық жарыста Дәулет Темірхан парадзюдодан қола медальға қол жеткізді.

Жалпы жыл басынан бері 47000-нан астам адамды қамтыған 448 спорттық-бұқаралық шаралар өткізілді.

«Спорт – денсаулық кепілі» девизімен түрлі спорттық жарыстар, баскетбол, футбол, гандболдан мектеп-лигалары өткізіліп, мемлекеттік қызметшілер, медицина қызметкерлері, құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы және т.б. спартакиадалар, кәсіби мерекелер мен атаулы күндерге арналған шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

Таеквондодан Азия чемпионаты, халық батырлары Исатай мен Махамбет атындағы, Х.Доспанова, М.Мәмбетова, Ә.Молдағұлова, атындағы бокстан халықаралық турнирлер, еркін күрес, грек-рим, әйелдер күресі, джиу-джитсудан Жастар Ойындары, тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының Кубогі, жекпе-жектен Қазақстан Республикасының Чемпионаты, 21 және 10 шақырымдық жеңілатлетикалық марафон, қытайлық «Сhina Draqons» командасы мен «Астана-Арланс» президенттік клубының спортшыларының арасындағы кездесу және т.б. өте жоғары деңгейде өткізілді.

 Күтілетін нәтижелер: бұқаралық спортты және жоғарғы жетістіктер спортын дамыту, дене шынықтыру мен спортпен шұғылданушылар санын арттыру, спорттың материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайту, облыстың спорттық инфрақұрылымын жетілдіру..

 


Мақаланың шыққан күні:: 02.08.2017 01:10
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 02.08.2017 01:10