Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі

Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен алғашқы рет ұйымдастырылған балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі Атырауда жоғары ұйымшылдықпен өтті.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай алғашқы рет өткізілген балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі Атырауда жоғары ұйымшылдықпен өтікізілді.

Мерекелік шерудің басты мақсаты - «Мәңгілік Ел» Жалпыұлттық идеяны іске асыру жағдайында рухани-адамгершілік, эстетикалық, патриоттық тәрбие факторы ретінде оқушылар мен студенттердің шерулік, көшеде фестивальдің жүріп өтуін қолдау және дамыту, жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу, сондай-ақ негізгі міндеттері - балалар мен жастардың музыкалық мәдениетін арттырумен қатар, білім алушылардың өзі білім алатын оқу орнына деген құрметін, мақтанышын және ыстық ықыласын қалыптастыру, облыс бойынша шығармашылық білім мекемелерінің беделін көтеру, өнер мен мәдениетті құрметтеу.

Тұңғыш рет өткізіліп отырған балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруіне қатысушылар мен қонақтарды облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Балалар құқықтарын қорғау күнімен жылы құттықтап, осы мерекелік іс-шараның маңыздылығына тоқтады.

Шеруге үрлемелі оркестрлер, ішекті-ысқылы халық аспаптар ансамбльдері, барабаншылар топтары, бишілер және басқа да музыкалық ұжымдардың түрлері, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарының педагогтары мен білім алушылары қатысты.

Мерекелік шара Махамбет-Исатай алаңында көпшілікке ұсынылып, Шеру қаланың бас көпіріне дейін жалғасты. Бұл мерекелік шеруге облыстың 2500 астам жас өнерпаздары қатысты

 

Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі Балалар мен жастардың музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі

Мақаланың шыққан күні:: 21.09.2017 08:12
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.09.2017 08:12