Array Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.03.2017

Қызметтер

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты үйіңізде естісеңіз:

1) ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;

2) электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алау ошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;

3) көшу кезінде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз;

4) кіреберіс есікті құлыпқа жабыңыз;

5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.

 

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіру туралы ақпаратты жұмыс орныңызда естісеңіз:

1) асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;

2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;

3) ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;

4) есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсілінде белгіленген бағытпен жүріңіз;

5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.


Мақаланың шыққан күні:: 24.06.2016 13:23
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.06.2016 13:23