Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.07.2017

Қызметтер

Жарылғыш зат болуы мүмкін күдікті затты байқаған кездегі іс-әрекет жөнінде жадынама

-Табылған затты ұстауға, ашуға, орнынан қозғауға немесе қандай да бір басқа әрекеттер жасауға тыйым салынады

-Мұндай заттың маңында ұялы телефон және басқа да радиобайланыс құралдарын пайдаланбау ұсынылады.

-Күдікті затты байқағаныңыз жөнінде тез арада 102 немесе 112 нөмірлері арқылы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

 

Егер Сіз қоғамдық көлікте ұмыт қалдырылған немесе иесіз тұрған затты байқасаңыз :

1. Қасыңыздағы адамдардан сұрастырыңыз. Заттың кімдікі екенін және оны кім тастап кетуі мүмкін екенін анықтауға тырысыңыз.

2. Иесі табылмаса, бірден табылған зат жөнінде жүргізушіге хабарлаңыз.

 

Егер Сіз өз үйіңіздің кіреберісінде (подъезінде) белгісіз зат байқасаңыз:

1. Көршілерден сұрастырыңыз. Мүмкін оларға тиесілі зат болуы мүмкін.

2. Егер заттың иесі анықталмаса тез арада табылған зат жөнінде құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

 

Егер Сіз мекемеде, ұйымда белгісіз зат байқасаңыз:

1. Тез арада табылған зат жөнінде мекеменің әкімшілігіне немесе күзет қызметіне хабарлаңыз.

2. Белгісіз затты  байқағануақытыңызбен орнын белгілеп алыңыз.

3. Адамдардың күдікті зат пен қауіпті аймақтан мүмкіндігінше алысқа алшақтауына шаралар қабылдаңыз.

4. Құқық қорғау органдары өкілдерінің келуін күтіңіз, күдікті зат орналасқан орынды көрсетіп, оны қандай жағдайда байқағаныңызды және уақытын жеткізіңіз.

5. Абдырамаңыз. Болуы ықтимал жарылыс қаупі жөнінде тек тиісті адамдарға ғана хабарлаңыз. Сондай-ақ, заттың сыртқы көрінісі оның негізгі мақсатын жасыруы мүмкін екенін естеріңізде сақтау қажет. Жарылыс құрылғыларының, бақа да қауіпті заттардың орнатылғаны жөнінде келесі белгілер болуы мүмкін.

 

Жарылыс құрылғыларының белгілері:

-Сымдардың, кішкентай антенналардың, оқшаулау ленталарының, шпагат жіптердің, арқандардың, пакетке оралған немесе пакеттен шығып тұрған скотчтардың болуы;

-Байқалған күдікті заттан (пакет, сөмке жіне т.б.) шудың естілуі. Бұл сағаттың тықылдауы, шертулер, т.с.с. болуы мүмкін.

-Табылған күдікті затта қуат көзінің (батареялар) болуы;

-Сым, арқан, шпагат жіп, қармақ бауынан жасалған кергілер;

-Заттың өзгеше қойылуы;

-Сол жерге тән емес заттардың болуы;

- Сол жерге тән емес ерекше иістің болуы.

Атырау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

 

Құрметті азаматтар, күдікті зат байқасаңыз 102 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарлаңыз. Қырағы болыңыздар!


Мақаланың шыққан күні:: 24.08.2016 12:29
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 24.08.2016 12:53