Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлерімен Елбасының халыққа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының талқылау жиналысының ХАТТАМАСЫ

Атырау қаласы № 1 18 қантар 2018 жыл

сағат 11.00

Төрағалық еткен: Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының уақытша міндетін атқарушы, Б. Өтеғалиева.

Қатысқандар: басқарманың мемлекеттік қызметкерлері.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

 

1) Елбасының халыққа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылау;

 

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және мемлекеттік қызметтердің құқықтық сауаттылығын арттыру.

_________________________________________________________________

(Б. Өтеғалиева)

 

1. Күн тәртібі бойынша жиналыста талқыланған Елбасының халыққа «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесі назарға алынсын.

 

2. Атырау облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарының талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жалғастырылсын.

 

3. Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес, басқармаға түскен арыз-шағымдардың жауаптары уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етсін.

 

Басқарма басшысының

міндетін атқарушы Б. Өтеғалиева


Мақаланың шыққан күні: 29.01.2018 01:28

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.06.2018 16:00

Қаралым саны: 1911