Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күрес бағытындағы жүргізілген дөңгелек үстелдің ХАТТАМАСЫ

ПРОТОКОЛ  круглого стола проведенного Управлением государственных закупок Атырауской области в целях  предотвращения и борьбы с коррупциейТөрағалық еткен:

Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы А.Т.Баймагамбетова

Қатысушылар:

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Д.Н.Лукпанова, Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасының мемлекеттік қызметшілері.

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ

1. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күрес бағытындағы жүзеге асырылып жатырған шаралар

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы департаментінің Сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының бас маманы Д.Н.Лукпанова сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және күрес бағытындағы Атырау облысы бойынша жүргізіліп жатырған шаралар туралы мәлімет берді. Әңгімелесу барысында сыбайлас жемқорлықтың саяси және әкімшілік-тұрмыстық түрлері туралы сөз етіліп, сыбайлас жемқорлықтың аталған түрлеріне жол берген тұлғаларға қатысты қолданылатын жауапкершілік түрлері сипатталды және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасаудың түрлері мен маңыздылығы туралы айтылды.

Қазақстан Республикасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бойынша жүзеге асырылып жатырған шаралар талқыланды. Соның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру бағытындағы мемлекеттік саясаттың маңыздылығы аталды. Бұдан өзге, сыбайлас жемқорлық фактісі туралы ақпарат берген тұлғалар үшін берілетін сыйақы туралы және сыбайлас жемқорлықпен күрес жұмыстарын тек мемлекеттік қызметшілер ғана емес Еліміздің әрбір азаматы жүргізу қажет екендігі айтылды.

2018 жылғы наурыз айында қолданысқа енген «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы талқыланды. Қоғамдық бақылау картасы» жобасы

өтініштерге арналған навигатор, яғни мемлекеттік мекемелерге әр түрлі мәселелер бойынша онлайн тәртібінде хабарласуын ыңғайландыру үшін жасақталған. Жобаның мәні мен тұжырымдамасы, жобаның негізгі ерекшелігі болып табылатын азаматтарға өтініш беру кезінде ыңғайлылығы туралы айтылды.

Сыбайлас жемқорлықтың көрінісі негізінен барлық салаларда бар, қоғамның әрбір мүшесі онымен күресуге талпынуы тиіс, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін мемлекет тарапынан заңнаманың қатаң болғанымен де, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің ең негізгі элементі болып – бұл әрбір азаматтың бұл іске қатысуы болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі бір шараларының бірі болып азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін ынталандыру табылады. Оның ішіне сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу мен ашуға қатысқандары үшін сыйақы беру механизмі кіреді.

Негізінен, сыбайлас жемқорлықпен күреске бағытталған шараларға мемлекеттік мекемелер, қоғам мен әрбір азаматтың белсенді түрде қатысулары қажет. Бұл жағымсыз құбылыспен бар күш жігерді салып күресі қажет және қоғамның белсенді азаматтары осындай шараларға қатысқандары үшін тиісті сыйақы алулары қажет.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алайық!» тақырыбындағы видеоролик көрсетілді.

 

 

Атырау облысы Мемлекеттік сатып

алу басқармасының құқықтық және

әкімшілік бөлімінің басшысы Д.Кушаева

 

ПРОТОКОЛ  круглого стола проведенного Управлением государственных закупок Атырауской области в целях  предотвращения и борьбы с коррупцией

 


Мақаланың шыққан күні: 23.01.2019 15:22

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.01.2019 15:22

Қаралым саны: 745