Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
01.04.2020

Қызметтер

ЖОБА Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №159 «Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 мамырдағы №159 «Кәсіпкерлік саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3226 болып тіркелген, 2015 жылы 20 маусымда «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) 2-қосымшасында:

көрсетілген қаулымен бекітілген «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

«1. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде жеке және заңы тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы):

180 миллион теңгеге дейінгі (бұдан әрі – млн.теңге) кредиттер бойынша – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі, көрсетілетін қызметті беруші);

180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша – жергілікті атқаушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

180 млн.теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – қаржы агенттігінің кеңсесі, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал);

180 млн.теңгеден астам кредиттер бойынша – Атырау және Құлсары қалаларының жергілікті атқарушы органдарының көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) арқылы жүзеге асырылады.»;

3 – тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

180 млн.теңгеге дейінгі кредиттер бойынша – қаржы агенттігінің алдын ала кепілдік хаты не қаржы агенттігі уәкілетті органының теріс шешімінің себептері көрсетіле отырып, бас тарту туралы хабарлама;

180 млн.теңгеден астам кредиттер бойынша – Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5 – тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және қағаз түрінде.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қағаз тасығышта жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда рәсімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының мөрімен және қолымен расталады.

Веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтанбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

3. Мемлекеттік қызмет тегін негізде көрсетіледі.»;

2) 3-қосымшасында:

3 – тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«3. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік гранттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: грант беру туралы шарт не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5 – тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;

3) 4-қосымшасында:

3 – тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«3. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 5 – тармақғында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.»;

Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И.Дүйсембаевқа жүктелсін.

3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі Н.Ноғаев


Мақаланың шыққан күні: 27.04.2017 13:15

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2019 15:31

Қаралым саны: 739