Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.11.2017

Қызметтер

2017 жылғы 14-15 тамызда өткен Атырау облысы ауыл әкімдері сайлауы қорытындалары бойынша ПРЕСС-РЕЛИЗ

14-15 тамызда Атырау облысының ауыл әкімдерінің сайлаулары 44 округте, Құлсары қаласында, 3 кентте: Мақат ауданының Доссор кентінде, Индер ауданының Индербор кентінде және Жылыой ауданының Жаңа-Қаратон кентінде өтті.

Сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын өтіп, дауыс беруге таңдаушылар – қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттары қатысты.

14 тамызда сайлау 26 округте оның ішінде: Жылыой ауданының 6 округінде, Индер ауданының 6 округінде, Исатай ауданының 3 округінде, Құрманғазы ауданының 11 округінде өтті.

15 тамызда сайлау 22 округ бойынша өтті, оның ішінде: Атырау қаласының 6 округінде, Қызылқоға ауданының 7 округінде, Мақат ауданының 1 округінде, Махамбет ауданының 8 округінде өтті.

14-15 тамызда тағайындалған әкімдер сайлауларына 48 округ бойынша 135 кандидат тіркелген болатын.

Сайлау қорытындысы бойынша 48 әкімдердің ішінде – 45-і ерлер, 3-уі әйелдер болды. Әкімдердің жасы: 35 жасқа дейінгілер – 7 адам, 45 жасқа дейінгілер – 7 адам, 55 жасқа дейінгілер – 14 адам, 63 жасқа дейінгілер – 20 адам.

Тіркелгендердің ішінен бұрынғы 32 әкімдердің 28-і сайланды, 16-ы әкімдер мен мәслихаттар аппараттарының қызметкерлері, 3-уі мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, 1-уі коммерциялық құрылым қызметкері.

Әкімдердің ішіндегі ең жасы Баселов Саян Жұмабекұлы Жылыой ауданының Қосшағыл ауылдық округі бойынша, Зиноллаев Айдарбек Фатихоллаұлы Құрманғазы ауданының Қиғаш ауылдық округі бойынша және Шаймарданов Әділет Шаймарданұлы Қызылқоға ауданының Тайсойған ауылдық округі бойынша, олардың жасы 28-ге толып отыр.

Сайланған 48 әкімдердің ішінде 3 әйел адамдар бар, олардың ішіндегі біреуі Исатай ауданының Исатай ауылдық округі бойынша – Хисым Ұлболсын Қабиболлақызы және екеуі Құрманғазы ауданы бойынша Асан селолық округінен - Қабдражитова Гүлім Жамелетқызы және Сафон селолық округінен - Қамзаева Роза Шамарқызы.


Мақаланың шыққан күні:: 16.08.2017 00:24
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 16.08.2017 04:54