Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

Атырау облысы бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтері, кенттері әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қортындысы бойынша ПРЕСС-РЕЛИЗ

Атырау қаласы

9 тамыз 2017 жыл

 

Ауыл әкімдерін сайлау «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес өткізіледі.

Алғашқы ауқымды ауыл әкімдерінің сайлауы 2013 жылы тамызда өткен болатын. Әкімдердің өкілеттік мерзімі - 4 жыл.

Ауылдық округтер әкімдерін сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiледi. Даус беретін таңдаушылар - қалалық аудандык мәслихат депуттатары. Сайлауды қалалық аудандық аумақтық сайлау комиссиялары өткізеді.

Биылғы жылы 2013 жылғы 6 тамызда сайланған 48 әкімнің 4 жылдық өкілеттік мерзімі аяқталды. Осыған орай, аудандық және қалалық аумақтық сайлау комиссиялары осы жылғы 29-30 маусымда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердегі сайлау күні туралы ақпарат жариялады.

2017 жылғы 14 тамызда Жылыой ауданында 6, Индер ауданында 6, Исатай ауданында 3, Құрманғазы ауданында 11 елді-мекенде ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді.

2017 жылғы 15 тамызда Атырау қаласының 6, Қызылқоға ауданында 7, Махамбет ауданында 8, Мақат ауданында 1 (Доссор кенті) елді-мекенде ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді.

Заңнамаға сәйкес, қала, аудан әкімідері кандидаттарды жергілікті қоғамдастық өкілдерімен келіскен соң ұсынады .

Жергілікті қоғамдастық өкілдерімен келісу қала аудан әкімдерінің ауылдар мен кенттердегі тұрғындармен кездесуі түрінде өткізілді. Әкімдікке кандидаттарды ұсыну 15-21 шілдеде аралығында жүргізіліп, 31 шілдеде кандидаттарды тіркеу аяқталды. 1 тамыздан бастап үгіт-насихат жүмыстары жургізілуде.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 Жарлығының 12 тармағына сәйкес, 25 жасқа толған, Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабына сәйкес белсенді сайлау құқығына ие, "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қойылатын талаптарға сәйкес келетін, жоғары білімі бар және тиісті облыстың аумағында тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары әкімдікке кандидаттар бола алады.

Барлығы 48 орынға 135 кандидат тіркелді (1 орынға 3 адам). Тіркелген кандидаттардың ішінде 101 ер адам және 34 әйел адам бар.

32 - кандидат қазіргі ауылдық округ әкімдері, 74 - әкімдік және мәслихат аппараттарының қызметкерлері, 25 - мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлері болса 4-уі коммерциялық құрылымдар қызметкерлері.

Әкімдікке кандидаттардың жасы. 35 жасқа дейнгі – 44 адам, 45 жасқа дейін – 24 адам, 55 жасқа дейін – 42 адам, 63 жасқа дейін – 25 адам.

Мамандығы бойынша. Педагогтар – 61, инженерлер - 16, экономисттер - 23, заңгерлер – 10, ауыл шаруашылығы қызметкерлері – 12, басқа мамандықтар 13.

Сайлау аудандық маңызы бар Жылыой ауданының Құлсары қаласында, үш кентте Мақат ауданының, Доссор кенті, Жылыой ауданының, Жаңа Қаратон, Индер ауданының Индербор кенті, және қырық төрт ауылдық округтерде өткізіледі.

1 тамыздан бастап әкімдікке кандидаттардың таңдаушылармен кездесулері басталды.

14 тамызға тағайындалған сайлау үшін, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 12 тамызда (13 тамыз-тыныш күн) жергілікті уақытпен 24.00 сағатта аяқталады.

15 тамызға тағайындалған сайлау үшін, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 13 тамызда (14 тамыз-тыныш күн) жергілікті уақытпен 24.00 сағатта аяқталады.

Таңдаушылардың отырысы өткізілетін үй-жайда аудандық (қалалық) сайлау комиссиясы әкімдерді сайлау бойынша дауыс беру пунктін ұйымдастырады. Дауыс беру пунктінде жасырын дауыс беруге арналған кабиналар, жәшіктер орналастырылып, кандидаттар туралы ақпараттық плакаттар және алдын-ала таңдаушылар тізімі ілінеді.

Әрбір таңдаушыға жасырын дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдері беріледі. Дауыс беру аяқталған соң, сайлау комиссиялары дауыс санауға көшеді. Дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың дауыс санының көпшілігін алған кандидат сайланды деп есептеледі. Сайлау нәтижелері туралы хаттама жасақталады, нәтижесі жарияланады, кейін осы хаттама аудан (қала) әкіміне жіберіледі. Осы хаттаманың негізінде аудан (қала) әкімі тиісті елді-мекеннің әкімін қызметке тағайындайды.


Мақаланың шыққан күні:: 09.08.2017 06:41
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.08.2017 10:49