2020 жылғы 13 шілде — Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына 2017 жылдың 29 қазанына тағайындалған сайлауды дайындау және өткізу барысы туралы ПРЕСС-РЕЛИЗ | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.07.2020

Қызметтер

Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына 2017 жылдың 29 қазанына тағайындалған сайлауды дайындау және өткізу барысы туралы ПРЕСС-РЕЛИЗ

3 қазан 2017 жыл

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 101 бабының 4 тармағына сәйкес және Атырау облыстық, Атырау қалалық, Исатай және Құрманғазы аудандық мәслихаттарының шешімдерінің негізінде Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы 2017 жылғы 21 тамызда №10 «2017 жылғы 29 қазанға мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау тағайындау туралы» шешімін қабылдады.

Аталған шешіммен Атырау облыстық мәслихатының №18 және №25 округтары бойынша, Атырау қалалық мәслихатының №12 және №18 округтары бойынша, Құрманғазы аудандық мәслихатының №1 округі бойынша және Исатай аудандық мәслихатының №5 округі бойынша депутаттарды сайлау тағайындалды.

Сайлау 32 сайлау учаскелерінде өткізіледі, оның ішінде 21 – облыстық мәслихат депутаттарын сайлау үшін, 7 – қалалық, 4 – аудандық. Ашып айтсақ, №18 облыстық мәслихаттың депутатын сайлау округіне қарасты 8 учаскелерде (№№168,170,171,172,173,174,175,177), №25 облыстық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша округіне қарасты 13 учаскеде (оның ішінде 8 сайлау учаскесі Исатай ауданы аумағында орналасқан - №№133,134,135,136,137,138,139,142, ал 5 сайлау учаскесі Құрманғазы ауданында - №№ 165,166,167, 201, 202), Атырау қалалық мәслихаттың депутатын сайлау бойынша №12 округі бойынша 3 сайлау учаскесінде (№№20, 26, 27), №18 сайлау округіне қатысты 4 сайлау учаскесінде (№№3, 4, 5, 21). Сонымен қатар, Құрманғазы аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша №1 округіне қарасты 2 сайлау учаскесінде (№№165, 177) және Исатай аудандық мәслихат депутатын сайлау бойынша №5 округіне қарасты 2 сайлау учаскесінде (№№132, 140) сайлау өткізіледі.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 29 тамызда басталып, 29 қыркүйекте аяқталды.

Әрбір сайлау округі бойынша 3 кандидаттан ұсынылды.

Сонымен, 2 облыстық округтар бойынша 6 кандидат, 2 қалалық округтар бойынша 6 кандидат, Құрманғазы аудандық мәслихатқа депутат сайлау бойынша бір округте 3 кандидат, Исатай аудандық бір округте 3 кандидат.

Ұсынылған барлық 18 адам 3 қазанға дейінгі мерзімде кандидат болып тіркелді.

Тіркелген 18 кандидаттың ішінде 1-і әйел адам (Исатай ауданы №5 округте), 17 – ер адам.

Кандидаттардың 1-і орта-техникалық білімді, қалған 17 жоғары білімді. Олардың ішінде 6 педагог, 9 инженер, 2 заңгер, 1 дәрігер.

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер 2 кандидат «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалымен ұсынылған (Зинуллин Умирзак Зинуллаевич және Абдешев Баязи Мадешович), қалған 4-і өзін өзі ұсынғандар.

Қалалық мәслихатқа «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы 2 кандидатты (Рзиев Сабит Аскарович және Зайдуллин Адилбек Жайдарбекович) ұсынды, қалған 4 адам өзін өзі ұсынған.

Құрманғазы аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалымен аудандық мәслихатка 1 (Джанканов Жигер Махмудович) кандидат ұсынылған, қалған 2 кандидат – өзін өзі ұсынғандар.

Исатай аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалымен аудандық мәслихатка 1адам (Аманбаев Алмас Капсихович) ұсынылған, қалған 2 кандидат – өзін өзі ұсынғандар.

Тіркелген 18 кандидаттың 2-і 30 жасқа толмағандар, 9 – 45 жасқа дейінгі жаста, 5 – 55 жасқа дейінгілер, 2-нің жасы 60-тан асқан.

Барлық қандидаттар мен олардың сенімді өкілдеріне тиісті куәліктер берілген.

Облыс бойынша баспа үгіт материалдарын орналастыру үшін арнайы орындар бекітілген, сонымен қатар кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесі жасақталды.

Бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес 8 қазаннан кешіктірмей сайлаушылардың тізімі сайлау комиссияларына жеткізіледі. 13 қазаннан бастап сайлаушылар тізімдердегі өзі туралы деректерді тексеруге мүмкіндік алады.

18 қазаннан кешіктірмей сайлаушыларды дауыс беретін уақыт пен орын туралы хабарландыру ұйымдастырылады.

Сайлау алдындағы үгіт 4 қазанда басталып 27 қазанда сағат 24.00-де аяқталады.

Дауыс беру күні мен уақыты – 2017 жылғы 29 қазан сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін.

Сайлау қорытындылары бұқаралық ақпарат құралдарында 2017 жылғы 4 қарашадан кешіктірмей жарияланады.

 


Мақаланың шыққан күні: 09.10.2017 06:06

Парақтағы соңғы өзгерістер: 23.11.2018 08:56

Қаралым саны: 1491